• Тарих
  • 28 Ақпан, 2013

Сүрінбес қара сөзге даңғыл едім...

Әлемге аты кеткен жыр алыбы Жамбыл жырларын қайта бір парақтап оқып көрсеңіз теңіз түбіндегі жауһардай сом-сом, жарқ-жұрқ еткен терең ойлы, тәлімдік мәні зор нақыл сөздерін, философиялық ойларын көптеп кездестіресіз. «Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» деп елінің ынтымағын, бірлігін асыл қасиеттерін ерекше жырлаған ақын соңына өсиетнама – ғибраттық мол асыл мұра қалдырып кетті. Жамбыл өлеңдерінің қуаты, құдіреті – оның өрнекті теңеу, ойлы тереңдігінде жатыр. Жыр жауһарынан ұлы мұхитты сапырған ұлы жырау жырларын оқыған сайын жаңа кендерге, асыл қазынаға жолығасың. Сөзден інжу-маржан тізген Жәкеңнің сом-сом жарқыраған саф алтындай қайталанбас ұлы зергерлігіне таңғаласың. Оқырмандарымызға ұлы жыраудың қайталанбас поэзиясынан ғажап ойларға тұндырылған ғибратқа толы нақылдарын іріктеп, екшеп алып ұсынуды жөн көрдік. Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ Жамбыл Ер сүйікті еліне, Ел намысын жықпаған. Қару байлап беліне, Кегін алған дұшпаннан. Қасиетті халыққа, Қолбасшының есімі. Жаудан тайқып ықпаған, Тұтқиылдан саспаған. Қалың қолды бастаған, Ойы терең теңізден, Бойы биік асқардан. Есімі елдің ұраны, Естісе жау жасқанған. *** Уа, қарағым, балалар! Ер бол демей не дейін. Ереуілді майданда, Үстем болсын мерейің. Жүз жасаған жүректен, Жырларымды төгейін. *** Рух берсең өренге, Тасытсаң ел мерейін – – Батыр бабам! дегенде Ұрпағына бел болған, Батырлар көп ел-елде. *** Ел шетінің қорғаны, Жау бетінің айбары. Сауыт, сайман асынған, Ерлігін жаннан асырған, Батыр да өтті дүниеден. Замана деп толғаған, Ел қайғысын қолға алған, Ақын да өтті дүниеден. *** Батыр Саурық, Сұраншы жаудан өлген, Халық үшін шейіт болып, жанын берген. Елді қорғап өлгеннің арманы не? Қалың қазақ құрметтеп соңына ерген. *** «Әумин» деп қолыңды жай, Қабат тусын күн мен ай. Алғаның болсын сайма-сай, Қапалық болмай кезінде, Ылғи болсын мамыражай. Қос-қостан туып ұл мен қыз, Мінгені болсын жорға тай. Ертең ерте біреуі – Қойға кетсін қудалап. Түйеге кетсін біреуі – Екі көзін уқалап, Егін ексін біреуі – Су сағасын томалап, Оттың басын шаңдатып, Біреуі жатсын домалап. Жылқы бақсын біреуі – Асауларды күделеп. Сөз сөйлесін біреуі – Көп ішінде сүбелеп. Жақсы лепес – жарты ырыс, Ескіден қалған мақалды Соза беріп қайтейін, Бата аяғы тақалды. *** Ой-хой, дүние серуен, Адам бір көшкен керуен. Дүниені қызық қалдырып, Асамыз өмір белінен. Кірсе лебіз – шықса жоқ, Қауіп етіңдер өлімнен. Қылышбайдан таралып, Сөз нұсқасы келінген. Дос-жаранға, кемтарға, Қайырлы бол делінген. Қылған қайыр болмаса, Не әкетесің өмірден. Дәулетіңнен не пайда, Таусылмастай көрінген. Жалғыз мұраң сол болар, Қол қайырың берілген. Басқа дүние бірі де, Көмілмейді кебінмен. *** Бұлбұлдайын сайрайын, Жігерімді қайрайын. Сәулемді елге түсіріп, Аспандағы айдайын! Тас бұршақтай ұшырып, Екпіні күшті – сөз дайын. Жиналып халық тұрғанда, Тыңдауға көңіл бұрғанда, Сөз дариясын қозғайын. Толқыны кетсін серпіліп, Тоқталмасын іркіліп. *** Көп қарға тең келмейді бір сұңқарға, Көп жылқы тең келмейді бір тұлпарға. Жақсының әрқашан да жөні бөлек, Жаман адам жарамас бір қымтарға. Түн қараңғы дүниенің, Ата-тұғын таңы бар. Қараңғының шырағы, Жана-тұғын шамы бар. Дүниенің тұрағы – Тағдырдың өлшеу сынағы, Өркендейтін заңы бар. *** Асылдан ұшқан қылаудай, Өлеңнің дария кенімін. Еділ менен Жайықтай, Зырқырап Жамбыл сөйлесін. Өрге жүзген қайықтай, Сынға түссін сөзіміз, Осы отырған халыққа-ай. *** Сөзіңнен сорғалаған тамады алтын, Аңқылдаған адамға көңілің жақын. Бала жастан өлеңге Жамбыл құмар, Басылатын жайым бар әнмен мауқым. Тербеткен жүрегімді жас баладай, Құлағымда тұрады осы дауысың. Барғын, балам, аман бол жолыққанша, Бәрекелді, үстіңе көп нұр жаусын! *** «Халық айтса қалт айтпайды» Мен де сонан асырман. Шынайы берген тұлға еді, Келе жатқан ғасырдан. Жаздың жылы түні еді, Өтегеннің тууы, Жетісу еді мәулеті, Сырымбет еді әулеті, Дулат еді руы. Түннің желі бесік боп, Тербеткен бөбек уызды. Қасара біткен маңдайдан, Жан еді қос мүйізді. *** Жау десе батыр киінер, Тоқталмас кегін алмаса. Ел елдігі бола ма, Ерлермен жауға бармаса?! Тұтастығы бұзылмас, Өз жерін жаудан қорғаса! Ағаш қалар қуарып, Жапырақ, тамыр болмаса! Теңізде қалар суалып, Құятын өзен болмаса! Өзен де ағар күшейіп, Бастау-бұлақ қолдаса! *** Шыға алмайсың бұлқынып, Әділеттік болмаса. Күннің көзін жасырар, Аспанды бұлт шарласа. *** Арыным – батыр арыны, Дабылым – халық дабылы. *** Құралайды көзге атқан, Өтеген мерген толғанбай. Қорқуды еш ойланбай, Тұрды жалғыз сескенбей. Тұлыптан шыққан тұлғасы, Мен бір батыр Өтеген, Жетісуда жұртым бар. Шалқардай шалқып қайнаған Қуатты менің халқым бар. *** Ізгілік, достық істесек, Алтын, күміс береді. Егер қастық істесек, Зұлымдық уын төгеді. Ізгі болсақ біз егер Әділдіктің жолында, Ешуақытта болмаймыз Зұлымдықтың торында. Халық үшін қасық қанымыз, Аяусыз болсын жанымыз. Болысалық әрдайым, Жетім-жесір момынға. Еңбек еткен емеді, Еңбексіз жан өледі. Жалқау болсаң жабылып, Жұрт өзіңе күледі. *** Ақ мақтасы – күмістей, Жері – кілем пүліштей. Қырғауыл ұшып, қаз қонған, Аққу келіп, жаз болған, Алтайға қара, маралды! Балығы тайдай тулаған, Бақасы қойдай шулаған, Шортаны шоршып ойнаған, Алтын қаймақ Аралды. Дала суға шомылған, Елге қоныс табылған. *** Жасымнан атым аян Жамбыл едім, Сүрінбес қара сөзге даңғыл едім. *** Мынау тұрған Абайдың суреті ме, Өлең-сөздің ұқсаған құдіретіне. Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, Өр Абайдың төтеген кім бетіне?! Терең ойдың түбінде теңізі бар, Тесіле кеп қарасаң көңіл ұғар. Сол тереңге сүйсініп жан үңілмей, Есіл сабаз ызамен өткен шығар!.. *** Бейбіт елім тып-тыныш, Қойны толған бақ-ырыс. *** Жел аңқылдап, күн шықса, Қара бұлт көшіп кетпес пе?! Қастасқан жаудың түбіне, Қаһарлы халық жетпей ме?! *** Қараймын да қараймын, Қай-қайдағы өмірге. Еске түсер талай күн, Өткен менің елімде. Ел басына күн туса, Ер аттанған өлімге. Көк найзасын қолға алып, Семсер байлап беліне. Дабылдарын өңгеріп, Сауыттарын бөктеріп, Жауар күндей түнеріп, Көшкен елдей үдеріп, Ерлер тартқан жорыққа. *** Ер тұлпарын баптаған, Екі талай күндерде. Ер намысын сатпаған, Ерте тұрып, кеш жатқан. *** Шырылдаған бала бар, Еңіреген ана бар. Еңсесін жау басқан соң, Елде қандай баға бар?! *** Ел бұрқанып аттанса, Құрулы шеп бұйым ба? Күш топаны қаптаса, Жауды жеңу қиын ба? *** Атадан адал туған ұл, Аянбай жаумен алыстың. Азат басты қылма құл, Арыңды сақтап қалыстың. Қатерден қорқа білген бе, Қаһарман ұлы намыстың.

4846 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9189

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7301

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5040

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4425

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4389

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4350

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4085

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4076

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы