• Ақпарат
  • 28 Ақпан, 2013

Келіссөз Алматыда қайта жалғасады

Алматыда 26-27 ақпан күндері Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде келіссөздер болып өтті. Оған БҰҰ-ға тұрақты мүше Ресей, АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының, Германия және ЕО елдерінің өкілдері қатысты. Иран келіссөздерін жүргізуге Еуропалық Одақ атынан ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон қатысты. Ал Иран тарапынан Иран Ұлттық қауіпсіздігі жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалили болды. Сонымен қатар Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің саяси мәселелер жөніндегі департаментінің директоры Саймон Гасс, Германия Сыртқы істер министрлігінің саяси мәселелер жөніндегі директоры Ханс-Дитер Лукас, Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрінің көмекшісі Ма Чжаосюй, Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков, АҚШ Мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Уэнди Шерман, Францияның Өкілетті кеңесшісі және Франция Сыртқы істер министрлігінің саяси және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бас директоры Жак Одибер қатысты. Атом энергиясын пайдаланғысы келетін Иранның жоспарына АҚШ, бірқатар Батыс елдері мен Израиль үзілді-кесілді қарсылық білдіруде. Олар Иранға уранды бейбіт мақсатта емес, жасырын түрде ядролық қару дайындау үшін өндіріп отыр деген айып тағып отыр. Қалай десек те, Тегеран өзінің атом бағдарла­масы бейбіт мақсатта, елдің электр қуатына деген сұранысын қанағаттандыру үшін ғана бағытталғанын айтып, тегеурін көрсетіп отыр. Келіссөзге қатысушы тараптар Иран әлемдегі өз беделін жоғалтқысы келме­гендіктен осы бағыттан айнымай отыр дегенді айтады. Өйткені қанша жылдан бері өзінің ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін айтып келіп, кейін сол ұстанымынан лезде бастартатын болса, ел абыройына нұқсан келетіні шындық. Келіссөздердің алғашқы күнінде бірде-бір ресми мәлімет берілмеді. Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон­ның баспасөз хатшысы Майкл Манн жасаған баспасөз брифингі «Иран бір келісімге келер» деген үмітпен аяқталды. «Бұрынғы раундтағы айтылған мәселелер қайта жаңғыртылып, оған басқаша баға берілді. Бұл жолы да жай ғана сөйлесіп жатқан жоқпыз. Ирандағы жаңа жыл – Наурыздан кейін Тегеранға тағы жиналатын боламыз деп жоспарланған. Келіссөздің нәтижесі ирандықтардың біздің ұсынысымызға қалай қарайтынына байланыс­ты болады деп ойлаймын» деді Майкл Манн. Келіссөздің екінші күнінде Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Саид Джалили «алтылық» елдерінің келіссөзде­рі барысы туралы баспасөз мәслихатында – «Иран Ислам Республикасының бұл келіссөзге деген көзқарасы жақсы. Соңғы тоғыз айда Иранға деген қысым ұлғая түскенімен ол, әрине, жемісті болмауы мүмкін емес еді. Бүгін олар біраз шындықты түсінген сияқты. Соңғы сегіз айда батыс бізге құлақ түре бастағандай көрініп отыр. Ол стратегия өзгерісінің ишаратының белгісі деп танимыз. Біздің пайымдауымызша бұл құптарлық жағдай» дейді С.Джалили. Оның айтуынша, былтыр сәуір айында Тегеранда 120 елдің жетекшілері қатысқан үлкен жиын өткен еді. Халықаралық қоғамдастыққа қатысушылардың көпшілігі Иранның құқығын мойындап отыр. Енді соңғы 8 айдағы жағдайды сараптау керек. Алматыдағы бұл келіссөздегі ұсыныстар өмірге жақын сияқты. Енді бұдан кейін олардың пікірі өзгере бастайды деген үміт бар. Ілгері басу үшін ынтымақтастықты жалғастыру керек. Ағымдағы жылдың 18-19 наурызында Ыстамбұлда сарапшылар кездесуін шақыру көзделіп отыр. Одан кейін, нақты айтқанда, 5-6 сәуірде келіссөз Алматыда қайта жалғасатын болады. И.АБАТ

3209 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9194

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7305

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5044

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4429

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4393

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4354

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4089

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4080

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы