• Ақпарат
  • 07 Наурыз, 2013

Замана дүлдүлі

Алматы қаласында Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институттары мен «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Қожаберген жырау – ұлы дала дауысы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиын Қожаберген Толыбайұлының 350 жылдық мерейтойына арналды. Конференцияға белгілі ғалымдар, Парламент депутаттары, тарихшылар, тіл мамандары, әдебиеттанушылар қатысты. Қожаберген Толыбайұлы қазақ хандығының құрылуына, оның дербес мемлекет ретінде қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлғалардың бірі. Ол ақын-жырау, әнші-күйші, сазгер ғана емес, қан-майдан жорықтарда қалың қолды бастаған батыр, «Жеті жарғыны» жазған жеті бидің бірі. Жырау халық алдында ерекше ықыласқа бөленген тұлға. Оның шығармашылығында сол кезеңнің айтулы оқиғалары, атақты тұлғалары, қолбасшылары туралы көрініс тапқан. Қожабергеннің өмір сүрген уақыты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңімен тұспа-тұс келді. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресінде Отанын, жерін қорғаған батырлардың ерлігі жыраудың толғауларына арқау болған. Қожаберген жыраудың «Елім-ай» жырын көптеген ғалымдар зерттегенін білеміз. Бүгінде ұлы істерге ұйытқы болған батыр, би, шешен, қайраткер бабаларымыз өз деңгейінде зерттеліп келеді. Қожаберген туралы құнды деректер ең алғаш Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Данышпан» атты дастанында айтылады. Кейін Ыбырай Алтынсарин Қожаберген Толыбайұлының кейбір толғауларын, әйгілі «Елім-ай» дастанының үзіндісін жинақтап, 1879 жылы Орынборда жарық көрген «Қазақ хрестоматиясына» енгізеді. Атақты жырау туралы зерттеу барысында Дәстем сал Қарабасұлы (1677-1752), Жанкісі жырау Көшенұлы (1734-1817), Баһрам Шақшақұлы (1779-1826) секілді тұлғалардың Қожаберген туралы айтқаны белгілі болды. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Шәңгерей Бөкеев (1847-1920), Сұлтанмахмұт Торайғыровтар (1889-1921) ұлы жырауды зерттегендігі де анықталды. Бертін келе Ермұхан Бекмұханов, Әлкей Марғұлан, Ақай Нүсіпбеков, Бауыржан Момышұлы сияқты тұлғалар да Қожаберген жырау туралы мәліметтер қалдырған. Қожабергеннің «Күлдірмамай», «Қойлыбай көреген», «Қарасары Балта керей», «Соқыр абыз», «Баба тіл» дастандары, «Ақсауыт», «Ғасыржас», «Дүние», «Жігіттік» сияқты толғаулары мен «Қарғыс атқан қалмақ-ай», «Шоңғал, шоңғал, шоңғал тас», «Сылаң Сыр», «Балқан, Балқан, Балқан тау», «Қазақ пен ноғайдың қоштасуы» секілді өлеңдері, «Дабыл», «Аңырақай», «Бозайғыр», «Күлдірмамай», «Шұбырынды», «Сұлама» күйлері қазағымыздың тарихынан сыр шертеді. Ғылым ордасында өткен жиында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Қирабаев, тарих ғылымдарының докторы, генерал Абай Тасболатов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғалымқайыр Мұтанов, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталы, филология ғылымдарының докторы, академик Өмірзақ Айтбай, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембай, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі Сұлтан Сартаев, әскери ғылымдардың докторы, Қарулы Күштер ардагері Ким Серікбаев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев Қожаберген туралы баяндамаларын оқыды. Конференцияда мемлекет және қоғам қай­раткері, заң ғылымдарының кандидаты Сабыр Қасымов сөз сөйледі. Бұдан басқа тарих ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Еженханұлы, фило­логия ғылымдарының кандидаты Ақеділ Тойшанұлы, филология ғылым­дарының кандидаты, доцент Ақжігіт Әлібекұлы, Пекиндегі Орталық Ұлттар университетінің оқытушысы Нұрбақан Қалелханұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Джабархил Хошал өз зерттеулерін ортаға салды. Конференцияда Қожаберген То­лы­байұлының тарихтағы орны, шы­ғармашылығы туралы, жырауды әлі де терең зерттеу керектігі, Қожаберген Толыбайұлының атын мәңгі есте қалдыру үшін Петропавлдағы әскери училищені соның атымен атау, оған Астана қаласынан ескерткіш орнатып, кітаптар шығару секілді мәселелер айтылды. Исатай АБАТ

3511 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9257

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7342

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5085

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4467

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4431

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4391

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4127

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4119

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы