• Ақпарат
  • 07 Наурыз, 2013

Жыр алыбы – Жамбыл

28-ақпан – жыр алыбы атанған Жамбыл бабамыздың туған күні. Бүгінде өскелең ұрпақты сөз мәйегін кие тұтқан Жамбыл бабамыздың шығармаларымен сусындату, мол мұрасын насихаттау жан-жақты жүргізіліп келеді. «Ақындықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт, Ер бірлігін сақтаған татулықты айт» деп кестелі сөзден өлең өрнектеген өз заманының жарқын жыршысы Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 167 жыл толып отыр. Осыған орай Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында дәстүрлі «Жамбыл күні» аталып өтті. Мерекелік жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен ақын-жазушылар, жамбылтанушы ғалымдар, зиялы қауым өкілдері және аудан жұртшылығы қатысты. Жиылған қауым алдымен ақын рухына Құран бағыштап, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жамбыл ауылының Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов сөз сөйлеп, абыз бабамыздың рухани бай мұрасы халқымыздың асыл қазынасы екенін атап өтті. Ұлы ақынның туған күніне орай осынау дәстүрлі «Жамбыл күні» облыс аумағында кеңінен аталып өтетінін тілге тиек етті. Орайы келгенде Жамбыл атамыздың 88 жастағы немересі Әлімқұл ақсақалға құндыз шапан кигізіп, бұқараның қошеметіне бөленді. Облыс әкімі жиынды ашып берген соң, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, белгілі ақын Ғалым Жайлыбай мінберге шығып, ақын мұрасы хақында өз пікірін білдірді. Одан кейін сахнаға халықаралық Алаш сыйлығының иегері, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы шығып, ұлы жыраудың шығармашылығына қатысты жаңа деректер табылып жатқанын атап өтті. Нағашыбек Қапалбекұлының айтуынша, бүгінде елімізде жамбылтану бағытында ғылыми-танымдық зерттеу жұмыстары жүріп жатқан көрінеді. Атап айтсақ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Серік Пірәлиевтің мұрындық болуымен «Жамбылтану» орталығы құрылған екен. Сонымен қатар, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында «Жамбыл» атты энциклопедия дайындалуда. Өз кезегінде белгілі ақын Рафаэль Ниязбек және танымал тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлы болса суырып салма өнердің майталманы, от тілді, орақ ауызды ділмәр ақынның өнегелі өмірі мен жырларына тоқталып өтті. Кеш соңы «Құлансаз» фольклорлық-этно­графиялық ансаблінің концертіне ұласты. Нұргүл ҚАБДЫРЕЙМ

5320 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9248

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7337

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5077

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4461

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4425

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4386

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4121

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4114

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы