• Ақпарат
  • 07 Наурыз, 2013

«Балаларға қуаныш сыйладық»

Мен магистранттармен бірге қайырымдылық-тәрбиелік шаралар өткізу мақсатында мектеп-интернатқа және балалар үйіне барып жүрмін. Жуықта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ма­гистратура  және PhD Докторантура институтының психологиялық-педагогикалық мамандықтар кафедра­сының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-курс магистранттары «Үміт» балалар үйінде «Болашаққа сенемін»  атты тәрбиелік іс-шара  өткізді. Тәрбиелік іс-шараға өзім жетекшілік еттім. Бізге жәрдемдескен жандар да аз болмады. Біреулері ойыншық, кітаптар сыйласа, енді біреулері қаржылай көмектерін аямады. Оларға айтар алғысымыз шексіз. Осындай мейірімді, асыл жандар елімізде көбейе берсе екен дейміз. Үлкен ғимараттың іші әсем безен­дірілген, гүлдерге толы екен. Кейбір балалардың көзінен бір үміт көргендей боласың. Құдды бір анасының келетінін тосып, біліп жүргендей. Ал кейбірі өмірдің тауқыметін көрген мұңды, суық қарайды. Қалайша қара көз домалақтарымызға жан ашымасқа?! Мың бұралған бишіміз Балнұрдың өнеріне балалар тәнті болды. Сайқымазақ ойындар балаларды шаттыққа бөледі. Сайқымазақ ойындарын мектепке дейінгі тәрбие мамандығының шебері, тәжірибелі Раушан Мешітбайқызы орындады. Оның әрбір қимылы, қорбаңдаған жүріс-тұрысы, үлкен қызыл мұрны, ұйпа-тұйпа шашы, салпаңдаған аяқ киімі, өзінен үлкен добы балаларды қызықты да, ғажайып әсерге бөлегендей болды. «Жыл басына таласқан хайуа­наттар» ертегісіне орай қойылым болып, онда өз актерлік шеберліктерін көрсете білген магистрант құрбыларымның еңбектерін айтпай кетпеуге болмас. Сиыр мен ұлудың рөлін – Жансая Халықбаева, жылқы және қоянды – Нұрайым Дүйсенбаева, түйе мен қойды – Гүлжан, барыс пен мешінді – Айгүл Аранжанова, тауық пен доңызды – Ләззат Тойшыбек, жыланды – Зарина, ит пен тышқанды – Жанна Өтемисова ойнап шықты. Ертегіден соң шырқалған әсем «Ер­тегілер» әніне балалар да қосылып айтып, билеп, көңіл-күйлерін одан әрі көтере түсті. Сахнада жүрген сайқымазақ достары мысық пен тышқанды да ерте келіпті. Тышқан мен мысықтың костюмдері өте әдемі, әсерлі әрі шынайы болғаны соншалықты, тамашалап отырған тәрбиешілер мен балаларды таңғалдырды. Мысықтың жұмбағын балалар мұқият тыңдап, шеше білді. Әрине, ертегіні сүйіп тыңдамайтын бала кемде-кем шығар. Тышқан мен мысық туралы ертегі де әсерлі болды. Іс-шарамыз «NJ» тобының «Сезім» атты әнімен жалғасты. Балалардың сайқымазақ пен тышқанды қатты ұнатып қалғандары соншалықты, олардың өздері сайқымазақ пен тышқанды ортаға биге шақырып, қайта-қайта қолдарынан ұстап, жалғаса берсе екен деген ниеттері мөлдіреген көздерінен-ақ көрініп тұрды. Соңында барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, ортаға шығып, Роза Рымбаеваның «Ертеңіме сенемін» атты әнімен іс-шарамызды аяқтадық. «Үміт» балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар мен ана орнына ана болып, әке орнына әке болып жүрек жылуына бөлеп, талмай тер төгіп жүрген тәрбиешілер бізге дән риза болды. Марфуға АБСАТОВА, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы

3314 рет

көрсетілді

9

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9157

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7285

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5025

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4410

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4374

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4334

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4069

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4061

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы