• Мәдениет
  • 07 Наурыз, 2013

Ұлт өнерін ұлықтайтын жауһарлар

Таяуда «Әдемі-Ай» компаниясы мен «Әдемі-Ай» өнер мұражайы Халықаралық 8-наурыз және Ұлыстың ұлы күні сана­латын Наурыз мерекелерінің құрметіне «Ұлт жауһарлары» атты ұлттық өнер бұйым­дарының көрмесін өткізді. Көрмеге Алматы қаласы әкім­дігі жанындағы «Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі гендерлік комиссия» мүшелері, қала тұрғындары қатысты. Шараның ашылу салтанатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова компа­нияның жұмыстарына толағай табыс тілей отырып, жылы лебізін білдірді. Белгілі қоғам қайраткері Манура Ахметова, ғалым-академик Әлия Бейсеновалар кәдесыйлар­дың ерекшеліктеріне тоқталды. Ал «Әдемі-Ай» компаниясының директоры, Мәдениет қайраткері, этнограф Бахаргүл Төлегенқызы алда атқарылар жұмыс көп екендігін, қазір «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайын­дықты бастап жібергендігін тілге тиек етті. Осыдан кейін «Әлем» тобы «Әдемі-ай» әнін шырқап, келушілердің көңілін көтерді. «Әдемі-Ай» компания­сының ару қыздары көрмеге жиналған қауым­ға түрлі металл қоспаларынан құйы­лып, алтын, күміс жалатылған «Жаңа кәдесыйлар» топтамасын ұсынды. Компания шығаратын бұйымдардың саны 700-ден асып жығылады. Қазақ халқы жүздеген жылдар бойы талғампаздықпен жасаған ғажайып қолданбалы өнер туындыларын жаңа қырынан сомдап, ерекше келбетте, басқаша кескінде ел қажетіне жарата білген «Әдемі-Айдың» еңбек ұжымына қызығуға әбден болады. Алтын, күміс жалатылып, хрусталь, фарфор, металл, бағалы тастар және т.б. материалдарды пайдалану арқылы жасалған бірнеше топтамадағы кәдесыйлар көздің жауын алады. Компанияның ерекше жаңалықтарының бірі – қазақтың ұлттық саз аспаптары мен батырлардың қару-жарақтары – қобыз, домбыра, жетіген, қанжар, тұрмыстық бұйымдар – торсық, білезік бейнеленген флеш карталар болып табылады. Әсіресе, салт-дәстүр топтамасындағы бұйымдарға назар аударалық. Мәселен, «Сүйінші» кәдесыйында қуанышты хабардың белгісі ретінде қолына желбірете ақ шүберек ұстап, екпіндете шауып келе жатқан ер кісі бейнеленген. Сондай-ақ «Ұлы дала ұландары», «Тәуелсіздік нышандары» топтамаларындағы кәдесыйлар да тартымды. Көне дәуірдегі мәдениет, өнер, мифология және басқа да салалардан мол хабар беретін «Алтын адам», «Таутеке», «Қанатты барыс», қос бұғының мүйіздері өріле келе ғаламның негізгі кіндігі саналатын әлемдік бәйтеректің діңіне айналғандығын білдіретін хрустальдан жасалған кәдесыйлар да көпшіліктің көңілінен шықты. Сондай-ақ «Нау­рыз», «Қыз өссе – елдің көркі», «Жас жұбайлар», «Шаңырағың биік болсын» секілді картиналарды үйіңіздің қабырғасына ілсеңіз де, сыйға тартсаңыз да жарасады. Нұрлан ҚҰМАР

2956 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9190

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7302

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5041

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4426

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4390

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4351

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4086

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4077

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы