• Мәдениет
  • 07 Наурыз, 2013

Тәуелділік - үндестік

Әлем аясындағының бәрін бір-біріне тәуелді етіп қойған Жаратқанның шеберлігінде шек жоқ. Тәуелділік дегеніңіз айналып келгенде – тұнып тұрған үндестік. Ең қарапайым мысал, біз өзімізді ауа райынан бағынышты емеспіз дей аламыз ба? Таңертең үйден шығасың, алыс-жақын сапарларға дайындаласың, сол екі арада қанша кездейсоқ оқиғаларға ұшырайсың. Жолдан, желден, өзен, көл, мұхит ағыстарынан, толқындарынан, әрлі-берлі ағылған машиналардан, ұшақтардан, дауылдан, жауыннан, бораннан, тіпті тамыры шіріп, құлауға шақ қалған ағаштан да тәуелдісің. Міне, осының бәрі адамның түс көруіне әрқилы әсер етеді. Қандай ай, күн, жыл мезгілі, ауа райының көрінісі, үп деген самал лебіне шейін түс көрудің мазмұнын бағыттап отырады. Мұны тереңірек ұғыну үшін әлем оқиғалары мен заттарының энергетикалық өзара ұдайы сабақтасып жататынын мойындау қажет. Аспан, ғарыш денелерінің жерге ерсілі-қарсылы тасыған күш-қуатынан әрқайсысымыздың ішкі ағзамызда, сыртқы ортада түрлі өзгерістер, күтпеген жаңалықтар өтеді. Біз телегей-теңіз тылсым иемденгенімізбен, ешқашан құдіретті бола алмаймыз. Жер бетіндегілер кеңістіктен құйылған ғаламат күш-қуаттың арқасында тыпыр-тыпыр тірлік жасайды. Ауа­сыз, демсіз ештеңе де емеспіз. Пенде атаулы ғарышпен, табиғатпен тікелей өзектес. Тіпті небір керемет ұғым туғызып, Аллалық күштің құрметіне бөленгеннің өзінде адам баласы, әсіресе көзі тірісінде әулие емес. Жаратқан иенің қарапайым ғана құлы. Шын мәнінде: «...Тек қана бір Алла пәк. Мұңсыз, жалғыз Алла пәк. Көкті тірексіз көтерген Алла пәк. Мұздаған судың үстіне жерді төсеген Алла пәк. Жаратылысты жаратып, олардың санын білген Алла пәк. Ешкімді ұмытпай несібе үлестірген Алла пәк. Әйелі, баласы болмаған Алла пәк. Тумаған, туылмаған және ешбір теңдесі болмаған Алла пәк. Мені көретін, орнымды білетін және мені ұмытпай ризық беретін Алла пәк». Жаратқанын мойындап, әрбір іс-әрекеттің жауапкершілігін түсінгенге не жетсін?! Адамның бағы мен сорын құрайтын, ішкі ағзасының энергетикалық ахуалын жасайтын жайттар қаншама десеңізші. Соның қай-қайсысы да жоғарыда айтқан тәуелділік-үндестікпен тікелей тамырлас. Түс көріп, жорудың маңызы да соған орайластырыла дамиды. Көңіліміздің мың құбылып, мың түрленетіні рас қой. Ренжиміз, уайымдаймыз, ашуланамыз, қуанамыз, шаттанамыз, толғанамыз. Қоршаған орта да дәл солай, жан иесінің сан алуан тебіренісін, сезіну түрлерін қайталайды. Адам мен табиғаттың түйсінуі, қабылдап сезінуі өзара тығыз байланыста. Ауа райының тигізер ықпалы зор, біз оған сәт сайын бағыныштымыз. Ашық, шуақты күн еріксіз қуанышқа жетелейді, түрлі энергетикалық мазмұн құрап, төңірегін нұрға бөлейді. Мұндай кезді ағзаны сауықтыруға, ұзаққа созылған дертті емдеуге, тағдырды бөлек арнаға бұрып жіберуге пайдаланады. Көптен бері қинаған дерттің түрін анықтайды мұндай күні. Ал енді осындай ашық күннен кейінгі түнде көрген түстер пәлендей ештеңе білдірмейді. Көтеріңкі көңіл, шуақты күннің әсері сыртқы хал-ахуалды бақылауға мүмкіндік туғызбай, ұйқы барысында ағза тек өз ішіндегі жай-жапсармен ғана әлек. Сондықтан бұл кездегі түс денсаулықтың сипа­тынан хабар береді. Әдетте түнді жын-шайтан, қара күштермен байланыстырады. Алайда жарық жұлдызды түндердің орны бөлек. Талай аңғарған шығарсыз, жұлдыздар жарқыраған түнгі аспанның өзіңізге қалай әсер ететінін. Неткен керемет көрініс! Жұлдыздар жымың-жымың...Түнгі әлем саған құшағын айқара ашады. Түн және сен, тып-тыныш. Жұлдыздар тіл қатады, түсіне алсаң, түнгі аспанның ою-өрнегі өзгеше тылсымнан, бәлкім мүлдем бөлек ендік, ғарыштардан өз әліппесін жеткізетіндей. Тезірек ұқ, түсін, қағып ал дейтіндей түнгі жұлдыздар кестесі. Өн бойыңды рақат сезім билейді. Әлдеқайда аптыға асықтырған күндізгі шақырайған жарық жоқ, жан дүниең де жұлдызды аспандай айналасына құрақ ұша ынтығады. Жұлдызды түндердің ақжарқын, адал, әділ жандарға берері көп. Бір-біріне құшақ жайған ғашықтардай, ғарыш пен екі аралықта таңғажайып үндестік орнайды. Үнсіз ұғынысу, үнсіз тілдесу. Мұндай түндер болжауға, көріпкелдікке өте қолайлы. Ағза тұтастай тазарып, күш-қуаты артады. Соның нәтижесінде кір-қоқыстан, ауырлықтан арылған ағза, тәннің таза рух, шілтен, аруақтармен қарым-қатынасына жол ашылады. Өзіңді қинап жүрген жайттан құтылудың амалын іздеп, түс көруге алдын ала сұраныс жасауға болады. Жұлдызды түн жеке бастың бақытын табуға, түрлі аурудан, мәселен, бедеуліктен жазылуға пайдасын тигізеді. Жұлдыздар жарқыраған түнгі аспаннан төгілер қуаттың біз білмейтін сыры жетерлік. Жел, нөсер, қар, дауыл, бұлт па, қай-қайсысының да сезімді жанға тигізер ық­палы мол. Адам ешқашан біркелкі хал кеш­пейді, тынысың – әуеден, ауадан, жағдайың – қоршаған ортадан, бас-аяғыңа шейін табиғатпен бірегейсің. Оған бағынып, құша­ғына құлаудан қорқудың титтей қажеті жоқ. Түс көрудің денсаулықтан, ниеттен, ертең­нен хабар беретініне сенеміз. Яғни сол сенімнің ақталып, жақсы түс көру мақсатында өкінішке орай, біз еш әрекеттенбейміз. Тіпті мынау төңірегімізден, жыл мезгілдері көрінісі, құбылмалы ауа райының өзімізге үздіксіз тигізер ықпалын да мойындауға қауқарсызбыз. Мейлі, ызғар ма, ыстық па, жаз ба, қыс па, адам соның кез келгеніне көндігуге дайын. Өзіміз өмір сүрген географиялық өлшемнің сипаты жылдың қай маусымында да жанымызға жайлы. Әркімнің туған жерінің қуатына қарай қалыптасатынын талай тілге тиек еткенбіз. Мағира Қожахметова, жазушы, «Балбұлақ»,»Дертке дауа» басылымдарының бас редакторы

3043 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9193

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7305

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5044

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4429

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4393

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4354

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4089

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4080

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы