• Ақпарат
  • 14 Наурыз, 2013

Қыс өтіп, қар кетіп...

Алдымызда – Ұлы мереке. Наурыз мейрамы келе жатыр. Бұл бағзыдан келе жатқан мейрам. Өмірде мереке, той көп. Алайда дәл Наурызға теңесетіндері некен-саяқ. Бұл мейрамның тарихы тіптен әріде жатыр. Наурыз – жыл басы. Бабаларымыздан жеткен ұғым осындай. Наурызға қатысты «Ұлыстың Ұлы күні», «Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн», «Самарқанның көк тасы еріген күн» деген секілді сөз орамдарының өзі жайдан-жай айтыла салмаса керек. Мұның өзі Наурыздың ерекшелігін, бөлектігін айқын аңғартып тұр. Наурызды табиғат мерекесі десек те қателеспеспіз. Жерде көк қылтияды, мал төлдейді. Қыс ызғары қайтып, төңірекке нұрлы шуақ төгіледі. 22-наурыздың тағы бір ерекшелігі – осы күні күн мен түн теңеледі. Наурыз – жыл басы«Ұлыстың Ұлы күні» аталу сыры да осыдан болар. Сәлден кейін, шамалы күндерден соң бүкіл тіршілік атаулына жылылығы мен мейірімін, шапағатын төгер Ұлы мереке – Наурызымыз табалдырығымыздан аттамақ. «Қыс өтіп, қар кетіп, Шырайлы жаз жетіп, Шаруаның кенелген, Мейрамы ежелден Құтты болсын, бұл Наурыз!» деген өлең жолдарындағыдай бір-бірімізге құшақ жайып, жүрекжарды тілегімізді білдіретін Наурыз мейрамы таяп қалды. Нұрперзент Домбай

4277 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8753

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7057

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4801

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4187

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4149

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4110

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3839

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3839

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы