• Ақпарат
  • 14 Наурыз, 2013

Уақыт – сыншы

Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын жұртшылықпен кездесіп, өңірдің 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында есеп берді. Сондай-ақ Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы бойынша атқарылатын ағымдағы жылдың міндеттерімен таныстырып өтті. Халық алдындағы есеп беру кездесуінен бір күн бұрын Ерлан Арын облыс орталығында пайдалануға берілген үйдің пәтер кілттерін табыс етті. Үй «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы шеңберінде бой көтерген. Бұл Елбасының Жолдауында айтылған халықтың әл-ауқатын арттыру туралы міндеттеріне сай орындалып отыр. 2012 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 84,5 млрд. теңгені құрады. Осы жылы дәл осы құрылыс жалғасын табатын болады. «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойын­ша облыс орталығынан тағы да бірнеше үй бой көтеріп, сондай-ақ «Сарыарқа» деп аталатын 12 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы қолға алынады. [caption id="attachment_12535" align="alignleft" width="240"]Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын[/caption] Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға облыс орталығынан 36 және 72 пәтерге арналған 2 ипотекалық тұрғын үй бой көтеріп, 143 пәтерлі жалға берілетін үй салынды. Екібастұз және Ақсу қалаларында 285 пәтерлі жалға берілетін 5 үй, Железинка ауылында 16 пәтерлі жалға берілетін 1 үй сатып алынды. Облыс әкімі алда әлі қыруар жұмыстар күтіп тұрғанын айтып, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының іске асу барысын, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, денсаулық сақтау, білім беру және мектепке дейінгі даярлық, азаматтық қоғамды дамыту, көлік коммуникацияларын жөндеу және салу, тұрғындардың қорғалуы және қауіпсіздігі, мәдениет, спортты дамыту жайына тоқталды. Өткен жылы айтылған міндеттердің біразының орындалғанын кеңірек айтып өтті. Мысалы, облыс орталығындағы су құбыры жүйесін жаңғырту жұмысы аяқталды. Ақтоғай-Шолақсор, Шарбақты-Сосновка, Шақат-Шалдай, Майқарағай-Аққу бағытындағы, Екібастұз ГРЭС 1-ден Басқамыс ауылына дейінгі жолдар жөнделді. Ертіс өзенінің жайылмасын сақтау мақсатында облыс әкімдігінің «Ертіс өзенінің жайылмасын сақтау» жөнінде 2012-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалған. Агроөнеркәсіп саласы бойынша Ақсудағы «Қызылжар-Құс» ЖШС, «Шарбақты-Құс» ЖШС өндірістік қызметтері қайта жаңартылуда. Өткен жылы облыста 1385 орындық 11 балабақша, Ақсу қаласында 360 орындық 2 балабақша қолдануға берілді. Баянауылда 110 орындық балабақша алдағы уақытта пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өткен жылы сәуірде «Өңірлік инновациялар мен технологиялар трансферті» атты орталық ашылды. Мұнда консалтингтік қызметтер көрсетеді, интеллектуалдық меншік саласында технологиялар трансферті жүзеге асырылады, семинарлар, түрлі бизнес аспектілері бойынша іскерлік кездесулер өткізіледі. Мысалы, «Павлодар» ӘКК-ге осы орталықтың ұсынған жобалардың ішінен биыл 4 жоба таңдалып алынды. Орталық ғалымдарының «Сумен жабдықтау жүйесінің айналмалы суды тазалау технологиясы» әзірлемесі облыс орталығындағы «Нефтехим Ltd» компаниясы» ЖШС-да, «Картоптың ауруын диагностикалау және оны салудың вируссыз материалы» әзірлемесі «Ақтоғай АГРО» ЖШС-да, «Ауылдар үшін суды тазалау мен залалсыздандырудың нанотехнологиялық әдісін әзірлеу» «Горводоканал» МКК-да, «Сүтті малды өндірудің биотехнологиясын жетілдіру және енгізу» әзірлемесі Павлодар ауданының «Луганск» ПК асыл тұқымды зауытында ғалымдардың инновациялық жобалары арқылы жүргізілуде. Облыс әкімінің өткен жылғы кездесуінде айтқан 39 ескертпе мен ұсыныстың 15-і толық орындалған. Ал қалғаны бақылауға алынып, алдағы жылдары іске асырылатын болады. Содан соң облыс әкімі негізгі салалардағы көрсеткіштерге тоқталды. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1201,3 млрд. теңге, капиталға салынған инвестиция көлемі 258,7 млрд. теңгені көрсеткен. 2010-2014 жылдары мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістер құруға, кәсіпорындарды жаңғыртуға және техникалық жарақтандыруға бағытталған 187 инвестициялық жоба іске асырылуда. Инвестициялардың көлемі 1356,9 млрд. теңгені құрап, 5556 жұмыс орны ашылды. Павлодар облысы шетелдермен ынтымақ­тастық орнату бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіп келеді. Жергілікті кәсіпорындар ресейлік және беларусьтік әріптестерімен, сондай-ақ Азия және Еуропа елдерімен іскерлік қарым-қатынасты нығайтуда. 2012 жылғы қаңтар-қараша айларында сыртқы сауда айналымы 4944,9 млн. АҚШ долларын құрады. Облыста 28,9 мың шағын және орта кәсіпкерлік нысандары бар. Мұнда 123,9 мың адам еңбек етуде. Ет өнімдерін экспорттауды арттыру үшін асыл тұқымды мал шаруашылығы, бордақылау алаңы, құс фабрикасы, жылқы фермасы жұмыс жасауда. Өткен жылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның қатысуымен сервистік дайындау орталығында азық-түлік қоры жасалды. Облыста жалпы сыйымдылығы 193,4 мың тонна болатын 101 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді, оның ішінде сыйымдылығы 130,9 мың тонна болатын 28-і заманауи технологиялық құрал-жабдық бар. Жол қатынастары бойынша қала маңындағы теміржол тасымалын субсидияландыру үшін 2012 жылға арналған облыстық бюджеттен 69,55 млн. теңге бөлініп, ол толық игерілді. Былтыр 50 орындық кардиохирургиялық орталық қолданысқа берілді. Қазіргі кезде жергілікті жерде жүрекке оталар жасалуда. Екібастұз қаласында 500 адамдық 2 емхананың, Жетінші ауыл кентінде мәдениет үйінің, Баянауылда 110 орындық балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Әкім биыл Астана-Өскемен арасында 4 жолақты кең автобан жол құрылысы басталатынын, Ақсу қаласы үшін Ертіс өзеніне көпір салынатынын, Астана-Павлодар аралығында әуе қатынасы орнап, екі аралықта жүрдек пойыздар қатынайтынын тілге тиек етті. Тұрғындар облыс әкіміне жайылым, жем-шөп дайындау, көктемгі тасқынға тосқын, қар тазалау мәселелері жайлы көптеген сұрақтар қойды. Облыс әкімі ауыл, аудан мәселелеріне жергілікті әкімдердің мүлде салғырт қарайтынын, кейбір тапсырмалар әлі күнге орындалмай отырғанын айтты. Содан соң алдағы уақытта атқарылатын шаруалар көп екендігін, мұның бәріне уақыт сыншы болатынын, шешілмеген түйінді мәселелер назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Исатай ҚОРҒАНБАЕВ

2794 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8757

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7059

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4803

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4189

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4151

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4112

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3842

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3842

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы