• Ақпарат
  • 20 Наурыз, 2013

Тасқынға – тосқын!

Еліміздің әр өңірінде ауа райы жылынып, қалыңдаған қардың енді күрт еруі өз әлегін алып келді. «Казгидромет» мемлекеттік мекемесі Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты жел соғып, жаңбыр толассыз жауып, күннің күрт жылынуынан тау беткейлерінен су тасқыны болатыны жайлы хабар таратып, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменнің өзінде қардың 70 пайызға жуығы еріп кетті. Ал Сөгір кенті маңында бірнеше тұрғын үйді су басты. Оның зардабы дер кезінде жойылды. Облыс басшысы Б.Сапарбаев арнайы қызмет мекемелері басшыларымен бірге облыстың қауіпті әрі таулы аймақтары Зырян, Катонқарағай аудандарында болып, су басу қаупі жоғары жерлерді аралап, жағдаймен танысты. Катонқарағай ауданының әкімі Арман Бекбосыновтың хабарлауынша, су тасқынынан өңір тұрғындары аман-есен, мал шығыны жоқ. Жергілікті әкімдік тұрғындарға көмек көрсетіп, қар суының арнасын бұрып, қауіпті жерлерге бөгеттер орнатуда. Қарағанды өңірінде толассыз жауған жаңбыр мен қардың еруінен жүздеген жекеменшік үйді су басты. Өңірдің Майқұдық, Пришахтинск, Михайловка аудандарындағы 40-тан астам жер үй су астында қалды. Қазір әр ауылда әкімдердің басқаруымен арнайы штабтар құрылды. Құтқарушылар қазір тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіріп, жиналған суды сыртқа шығарумен айналысуда. С.ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

2896 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8752

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7056

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4800

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4186

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4148

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4109

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3839

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3839

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы