• Ақпарат
  • 26 Наурыз, 2013

Түркияда Наурыз мейрамы кеңінен тойланды

Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен және қатысуымен Түркияның түрлі қалаларында көктем мерекесі - Наурыз кеңінен атап өтілді. Мерекелік іс-шаралар Ескишехир, Қожаелі, Измир, Маниса, Салихли, Денизли, Невшехир, Анкара және Ыстамбұл қалаларында, сондай-ақ «Гази», «Хажеттепе», «Невшехир», «Чанкая» университеттерінде және т.б жерлерде өткізілді. Оларға провинциялар мен қалалардың басшылығы, университеттер ректорлары, Анкарада тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері, мәдениет пен өнер қайраткерлері, жұртшылық, академиялық топтар, қазақ диаспорасы өкілдері мен Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттер қатысты. Мерекелік іс-шараларда  ұлттық әдет-ғұрыптар көрсетілді, олардың ішінде ұстаның темір соғатын төсіне балғамен ұру, оттың үстінен секіру және т.б. бар. Сондай-ақ олардың барысында  Ниде, Маниса провинцияларындағы қазақ ауылдарындағы диаспора өкілдері қатысушыларға ұлттық тағамдардың, тәттілердің және қымыздың дәмін татқызды. Іс-шаралар шеңберінде Қазақстанның жетістіктері туралы суреттер және Елшілік түрік тіліне аударған Мемлекет басшысының таңдамалы туындыларының бестомдығы, ҚР Президенті Жолдауының мәтіндері бар брошюралар және «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастықтың 20 жылы» кітаптарының көрмелері өткізілді. Наурыз - Азияның көптеген халықтарының ең негізгі мейрамдарының бірі ретінде, солардың ішінде Түркия халықтарының үш мың жылдан астам уақыт  тойлап келе жатқан мерекесі. Бұл елде соңғы жылдары Наурыз мейрамы көпшілік сипатқа ие бола бастады және жер-жерлерде тойлануда, алайда ресми демалыс күні болып табылмайды. Түрік провинцияларының тұрғындары біздің еліміздің ұлттық мәдениетімен және өнерімен, шығармашылығымен және жетістіктерімен жақын таныса түсті. ҚазАқпарат

1477 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8987

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7184

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4925

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4310

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4276

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4234

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3966

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3964

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы