• Ақпарат
  • 28 Наурыз, 2013

Гүлдер көрмесі өтті

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай рухани шара болып өтті.  Шараның ашылу салтанатында қаладағы 11 этноорталықтың өкілдері бірігіп көрермендерге театрландырылған қойылымды көрсетті. Аталмыш университеттің ректоры Жексенбек Әділов жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Белгілі әнші, Қазақстан Республикасының халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов жиналған жұртқа ақ тілегін айтып, «Армандастар» әнін орындады. Содан кейін университеттің басшысы әншіге зор денсаулық тілеп, иығына шапан жапты. Алматы қаласындағы Бостандық ауданының әкімі Раушан Асанова, Қазақ ұлттық техникалық университетінің тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Гүлнар Сәрсенбекова өздерінің құттықтау сөздерінде Наурыз мерекесінің мәні мен маңызына тоқталды. Мерекелік шара барысында шахматтан, тоғызқұмалақтан және кір тасын көтеруден жарыстар өтті. Ойлылар ойыны болып саналатын шахмат жарысында осы оқу орнының профессоры Тұрарбек Бегімовке тең келер ешкім болмады. Ал дарынды жастар болса қағаздан түрлі-түсті гүлдер жасап, «Гүлдер аллеясы» деп аталатын көрме өткізді. Сонымен қоса шараға келген қонақтар наурызкөже мен бауырсақтан дәм татты. Биылғы оқу жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттері үшін жақсылыққа толы болды. Жыл басынан бері оқу орнында көптеген іс-шара өтті. Сол атқарылған игілікті істердің барлығы да университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Г.Сәрсенбекованың тікелей басқаруымен жүзеге асты. Нұрлан ҚҰМАР

4687 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8757

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7059

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4803

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4189

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4151

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4112

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3842

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3842

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы