• Ақпарат
  • 28 Наурыз, 2013

Оқыту әдістемесі түбірімен жаңғыртылады

27-наурызда Алматы қаласындағы №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясының ғимаратында «Назарбаев зияткерлік мектебі» БАҰ-нің педагогикалық шеберлігі орталығы мен «Өрлеу» біліктілікті көтеру ұлттық орталығы АҚ-ның басшылары Алматы қаласының білім беру басқармасы мен аудандық білім беру бөлімдері басшыларымен және қаладағы жалпы білім беретін мектептердің директорларымен кездесуі болып өтті. Кездесу жиынын Алматы қалалық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Г.Самотокина ашып бұл шараның мән-маңызын жиналғандарға түсіндірді. «Назарбаев зияткерлік мектебі» БАҰ-нің педагогикалық шеберлігі орталығының директоры Е.Қасымбеков соңғы кезеңдегі педагогикада оқыту әдістемелерін өзгертудегі жаңалықтарды кеңінен әңгімеледі. Нақты айтқанда, бұл Орталық Қазақстан педагогтарының біліктілігін әлемдік озық тәжірибеге орай жетілдіру мәселесі өмір талабы екенін қадап айта келіп, Кембридж университетінің білім беру факультетінің педагогикалық шеберлікті жетілдіру орталығымен тығыз байланыс орнатқандарын хабардар етті. Соның барысында Қазақстанның педагогика саласы қызметкерлерінің, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсына арналған оқыту бағдарламасы мен оқу құралдарын жасау, оларды оқыту мен оқытушыларды қолдау жұмыстары қызу қолға алынды. Е.Қасымбековтың айтқанына қарағанда, бұған дейін Қазақстанда қолданылып келген оқыту әдістемесі қазіргі заманымызға мүлде сай келмейді, оның бәрі түбірімен ескірген, сондықтан да Кембридж университетіндегі оқыту әдістемесін жетілдіру тәжірибесін үйренудің маңызы зор болмақ. Басқаша айтқанда, мұның мәнісі «Әлем өзгерді – біз де өзгереміз» деген ұғым басшылыққа алынбақ екенін Е.Қасымбеков қадап айтты. Ал бұл тың әдістеменің мәнін бір сөзбен түйіндеп айтсақ, мұғалім оқушылармен жеке-жеке тыңғылықты жұмыс істеу арқылы оқыту бағдарға алынады. Бұл әдістемені игеру үшін арнайы мамандар шақырылып, мұғалімдердің біліктілігін жаңаша көтеру жұмыстары қызу қолға алынған. «Өрлеу» біліктілікті көтеру ұлттық орталығы АҚ-ның төрайымы Г.Ахметова мұғалімдердің біліктілігін көтеру жұмыс­тарындағы түбірлі өзгерістерді жи­налғандарға кеңінен әңгімеледі. Оның сөзіне қарағанда, мұғалімдер жаппай Біліктілікті көтеру ұлттық орталығынан арнайы курстардан өткенде олардың біліктілігі жоғары бағаланып, соған орай олардың еңбекақысы өсе түседі. Қ.Боқаев

4227 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8765

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7061

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4805

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4191

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4153

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4114

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3844

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3844

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы