• Ақпарат
  • 08 Ақпан, 2015

«Ислам мемлекетінің» содырлары 16 адамды тірілей өртеп жіберді

«Ислам мемлекетінің» содырлары Мосул қаласында (Ирактың солтүстігі, Бағдадтан 400 шақырым жерде) 16 адамды тірілей өртеп жіберді, деп хабарлады РБК   Press TV-ге сілтеме жасап. Жергілікті өкілдің хабарлауынша, кісі өлтіру өткен жұма күні болған. Адамдарға «Ислам мемлекетінің көшбасшысы әл-Бағдадиге адалдыққа ант беруден бас тартқаны үшін өлімге үкім шығарылды. Телеарнаның атап өтуінше, жергілікті БАҚ Мосулды «ашық аспан астындағы үлкен түрме» деп бейнелейді, онда тұрғындар әртүрлі азаптар мен қайғы-қасіретке тартылады. Сол күні Хит қаласында (Бағдадтан 140 шақырым жерде) үш жергілікті тұрғын ирактық қауіпсіздік күштерімен ынтымақтастыққа айыпталып, өлтірілді. Ақпанның басында ислам лаңкестері оларға тұтқынға түскен иордан ұшқышын тірідей өртеп жіберді. Өлтіру үдерісі көрсетілген бейнекадрлар исламшылардың медиаресурстарында таратылды. inform.kz

4061 рет

көрсетілді

222

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5666

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5393

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3134

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2522

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2481

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2459

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2192

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2177

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы