• Қоғам
  • 20 Мамыр, 2010

«Бей-жайға» бейжай боп жүрміз…

«Ана тілі», №27, 7 шілде, 1994 жыл

Бізбен көршілес Өзбекстан Республика­сында бүгінде тіл тазалығы, ұлттық тілдің ішкі мәдениетін көтеру төңірегінде түбегейлі тірліктер атқарылып жатыр. Түрік тілдерінде­гі терминология жағдайына да жан-жақты назар аударып, биылғы қыркүйекте осы мә­се­ле бойынша халықаралық мәслихат өткіз­бек­ші. Себебі өзбек бауырларымыз бүгінгідей экономикалық ауыртпалықтардан ары кетсе бес-алты жылда айығатынын, ал абайламаса, ұлт үшін тіл сақаулығы, діл мәңгүрттігінен қауіпті дерт жоқтығын терең түсінеді.

Өкінішке орай, біздің газеттеріміз бен журналдарымызда, теледидар мен радиода сөз шіркінді қалай болса солай жаза салу, айта салу белең алып барады. Сөз қолданыста, термин және тәржіме төңірегінде түрлі ала-құлалықтардан аяқ алып жүре алмай барамыз. Бір ғана мысал келтірейікші. «Бейжай» дегеннің мағынасын соңғы бір-екі жылдар республиканың күллі газет-журналдары, радио-теледидары мүлде бұзып, өзгертті де жіберді. Алғашқыда «бейжайды» «бей-жай» деп жазып, айтып, кері мағынада қолдана бастады, кейіннен өзгелер де жаппай қолдай жөнелді. Енді екі күннің бірінде: «Кеңестерге бей-жай қарамайық», «Театрға бей-жай қарауға болмайды», «Тіл тағдыры бей-жай қалдырмайды» деп сайрайды да жатады. Тіпті аға газетіміз «Егемен Қазақстан» да: «Үйретері де, үлгі етері де көп Америка рес­публикасы МАИ қызметкерлерін бей-жай қалдырған жоқ…» деп тақырыпша қойып жіберді (6 ақпан, 1994 ж.). «Драмаға толы өсиет-хатты саналы адамға тебіренбей, бей-жай оқу мүмкін емес», – дейді «Қазақстан жаршысы» газеті (12 мамыр, 1994 ж.). Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Осы «бейжайды» бұзып пайдалануды баспасөз тарапынан ғана емес, бүгінде көздері тірі, ең талантты деген бірқатар жазушылардан да кездестіре бастадық. Беймәлім – мәлімсіз, бейкүнә – күнәсіз, бейәдеп – әдепсіз, бейтаныс – таныс емес, бейшара – шарасыз, беймаза – мазасыз дегендей, бейжай – жайсыз ғой, ағайындар-ау?! Сөз зергері Тәкен Әлімқұлов: «Елегізіп, көңілі бейжай күйде келеді», – дейді. Тіпті менің марқұм апам да: «Жүрегімнің басы топ болып, бейжай боп отырмын», – деуші еді, асқазан мен жүректі шатастырса да, сөз шіркінді шатастырмастан. Оны айтасыз, әлгі Америкадан Шымкент шаһарына келген бір қазақ дастарқанға арақ қойып жатқанымызды көріп: «Бұларыңыз төтенше түрпі екен, көңілім бейжай болып тұрғаны», – деген-ді. Шынында да, «бей-жайға» бейжай боп жүріппіз. Сөз басында өзбек бауырларымызды бекер айтқан жоқпыз, жуырда сол жаққа бара қалғанымызда, «бей-жай» жөнінде ес­кертпелер естіп, қатты қызарғанымыз-ай! Мархабат Байғұтов, Оңтүстік Қазақстан облыстық Тіл басқармасының бастығы, жазушы

6894 рет

көрсетілді

440

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5956

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5574

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3312

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2696

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2659

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2634

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2368

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2353

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы