• Ақпарат
  • 09 Маусым, 2010

Тұғырда – Құлагер

«Астана-Көкшетау» тас жолының бойынан бауырын кеңге жая, құйындатып бара жатқан Ақан серінің Құлагеріне арналған ескерткіш салтанатты жағдайда ашылды. Оған Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко, мемлекет және қоғам қайраткері Мақтай Сағдиев, жазушылар Тұрсынбек Кәкішев, Нұрғожа Ораз, Әкім Тарази және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты. Салтанатты жиынды ашып, сөз сөйлеген Ақмола облысының әкімі С.Дьяченко «Қазақ халқы үшін Құлагер образы өте маңызды. Ақан сері, Ілияс Жансүгіровтің арқасында атақты тұлпар ұлы даланың символына айналды. Қазақстан ат спорты ұлттық федерациясының президенті Сәдібек Түгелдің арқасында «Құлагерге» ескерткіш орнату акциясы басталды. Ол бастаманы Ақмола облысының басшылығы, жазушылар, бизнес өкілдері, мемлекеттік қайраткерлер қолдады. Елімізде осындай патриот азаматтар болғанына мен шын жүректен қуаныштымын», – деп ізгі ниетін білдірді. Қазақ халқының тарихында Ақан мен мен Құлагер тағдырлас. Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде жеке-дара озып келе жатқанында қастандық жасалып, мерт болған атақты жүйрік Ерейментаудағы Құсақ көлінің тұсында қанішер Батыраштың қолынан мерт болды. Тарихымызда бұрын-соңды болмаған бұл оқиға сол кезде тұлпарды бәрінен артық көретін қазақ халқының қабырғасын қайыстырып, есеңгіретіп кеткен еді. Мемлекетке салмақ түсірмей, Үкіметтен бір тиын қаржы жұмсалмай салынған Құлагер бейнесін белгілі сәулетші Сұлтан Иляев жасаған. Мүсіннің ұзындығы 8 метр, биіктігі 5 метр, салмағы 5 жарым тонна, таза мыстан құйылған. Жалпы ұзындығы 11 метр келеді. Тұлпардың мүсіні Бішкек қаласында профессор Базарбек Садықовтың шеберханасында жасалыпты. Құлагер – қазақ даласындағы еркіндік пен бостандықтың, тектілік пен табандылықтың, жүйріктік пен сұлулықтың символына айналды. Сондықтан да кейінгі жылдарда ұлттық ат спортын дамытып, атбегілік дәстүрін жандандыра бастаған зиялы қауым жастарға үлгілі, өнегелі іс болсын деген ниетпен «Құлагерге» ескерткіш орнатуды қолға алды. Киелі тұлпарға ескерткіш орнату идеясын алғаш көтерген әрі негізгі ұйымдастырушысы – Сәдібек Түгел. Құлагер монументін ашу ұлт үшін, ұрпақ үшін мәні де, маңызы да өте зор екенін айтады. – Құлагерді тұғырына орнату арқылы жер бетінде әділдік бар екенін паш еттік. Ұлттық құндылықтары­мыз­ды ұлықтадық. Қазақ азаматының сенімді серігі, досы, жеңіс жылқысы – Қазанаттың мықтылығын, жүйріктігін, төзімділігін көрсеттік. Құлагер бейнесі Ақан серідей халқымыздың ардақты арыстарының өмірін өксікпен өткізген кешегі заманды, тәуелсіздікке ие болған бүгінгі өмір өзгерісін, халқымыздың жарқын болашағын, туған еліміз – Қазақстанның қарышты қадамын аңғартады, – дейді ол. Ескерткіштің ашылу салтанатында белгілі атбегі Кітапбек Бошаев ақсақал тебірене сөз сөйлесе, Тұрсынбек Кәкішев ағамыз балаларға бата берді. Дәл осы жерде балаларға арналған «Құлыным» журналының тұсауы кесіліп, ескерткіштің бой көтеруіне ықпал жасап, қолұшын берген азаматтарға атбегілердің «Құлагер» белгісі табыс етілді. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы

5581 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8798

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7078

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4821

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4207

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4171

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4130

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3861

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3860

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы