• Ақпарат
  • 09 Маусым, 2010

Саланың дамуына үлес қоспақ

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, «Нұр Отан» ХДП және «Жас Отан» Жастар қанатымен бірге «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» байқауына байланысты БАҚ-пен баспасөз мәслихатын өткізді. – Байқауды өткізудегі мақсатымыз – саланы жаңғыртудың институционалдық не­гізін құру арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының дамуына жағдай жасау, – дейді «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылы­ғын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дамир Егізбаев. Сонымен бірге конкурс тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді анықтап, онымен халықты таныстырып, мәселенің шешілу жолдарын қарастыруды мақсат етіп отыр. Ол үшін «Тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» саланың инвес­ти­циялық тартымдылығын арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына ин­новациялық технологиялар енгізу арқылы ғылыми-сараптамалық зерттеулер жүргізу секілді негізгі бағыттарды ұстанған. Байқауға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мамандандырылған жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Негізінен тұрғын үй-коммуналдық қызметтің барлық салаларына бағытталған байқау жылумен, сумен, электрмен, газбен қамтамасыз ету және су тарту, қалдықтарды кәдеге асыру және лифт шаруашылығы, тұрғын үй қорын басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кешенді дамыту секілді аталымдардан тұрады. Екі кезеңде өткізілетіндіктен, алғашқы кезеңде тіркелген сауалнамаларды сарапшылар кеңесінде қарап, олардың арасынан аталмыш саланың жылумен, сумен жабдықтау, қалдықтарды жою, басқа да тұрғын үй шаруашылығы бойынша үш үздік жұмыс анықталмақ. Ал екінші кезеңде ақтық бөлімге шыққан тұлғалар сарапшылар кеңесіне бизнес жоспарларын ұсынады. Осы орайда АҚ-ның құрылғандағы мақ­саты – коммуналдық шаруашылық саласында инвестициялық белсенділікті арттыру және сол салада қызмет ететін кәсіпкерлерді көтермелеу, тиімді инвестициялық жобаларға қолдау көр­сету екендігін де айтып өткен жөн. Бейбітгүл Исаева

2326 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8784

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7074

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4817

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4203

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4165

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4126

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3857

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3856

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы