• Ақпарат
  • 09 Маусым, 2010

200 отбасы баспаналы болды

d183d0bcҚызылағашта алғашқы үйдің іргетасы 19 наурыз күні қаланған болатын. Ал мамырдың 20-сына дейін 145 үй­дің кілті тапсырылды. Міне, енді тағы 200 отбасы осындай шаттыққа кенел­ді. Сөйтіп, бүгінгі күнге жалпы саны 345 үй пайдалануға беріліп отыр. Бар­лық үйлер қажетті ыдыс-аяқпен, төсек жаб­дықтарымен, мүліктермен қам­тамасыз етілді.  Ақсулықтарға үй кілттерін тапсырған облыс әкімі С.Үмбетов: – Қазақ «Ауыл – алтын бесік» деп бекер айтпаған. Ауыл – қазақтың берекесі. Жаңарған ауыл, қайта бой түзеген баспаналарыңыз құтты болсын. Ел іргесі аман болып, ырыс-құт арылмасын! – деген ізгі тілегін білдірді. Жаңа қоныс иелері атынан сөз алған Сайлаубек Сағымбекұлы, Василий Галушенко, Дубек Мұсанов, Нұрлан Домақов құрылысшыларға ризашылықтарын жет­кізді. Елді мекенде су құбырын жүргізу жұмыстары аяқталды. Әрбір көшеде құ­дықтар орнатылып, тұрғындар ауызсумен қамтамасыз етілді. Жарық, телефон бай­ланысы қалпына келтіріліп, ауылдың ішкі жолдары жөнделіп, жаңадан асфальт төселуде. Көшелердің бойына отырғызылған ағаштарды суару үшін арық жүйесі жасалды. Елді мекеннің шығысындағы шеткі көшенің маңында жаңа саябақ бой көтеріп, онда бүгінгі күнге 15 мың түп терек, қарағаш, қайың, емен, т.б. ағаштар отырғызылды. Сағыныш Намазшамова Алматы облысы

2531 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8804

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7081

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4823

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4209

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4173

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4132

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3863

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3862

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы