• Ақпарат
  • 09 Маусым, 2010

Форум мақсаты – Еуразиялық Іскерлік конгресін құру

1-2 шілдеде Елордада өтетін «Дағдарыстан кейінгі кезең­де тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету» атты III Астана экономикалық фо­румы осы жылы ғаламдық экономика дамуының ма­ңызды мәселелерін талқы­лау үшін әлемнің 50-ден артық елінен 2000-нан астам саяси және іскерлік топтар өкілдерінің, жетекші ғалымдардың, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің басын қосады.

Олардың қатарында ірі халықаралық қаржы ұйымдары, ғалым-экономистер – Нобель сый­лығының лауреаттары Финн Кидланд, Роберт Ауманн, ЕҚЫҰ бас хатшысы М. Перрен де Бришамбо, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ян Кубуш, Канаданың экс-Премьер-министрі Жан Кретьен, Еуропалық инвестициялық банкінің президенті Филипп Майстатт, Азия даму банкінің вице-президенті Ж.Шаою, т.б. бар. Аталған жиында әлемдік экономиканың дағдарыстан кейінгі дамуын, оның ішінде мемлекеттік-жеке әріптестік, инновациялық экономиканың дамуы, инвестиция тарту мүмкіндіктері мәселелерін талқылау көзделінуде. Форумның мақсаты – Еуразия кеңістігінде инвестициялық ықтымақтастық пен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге бағытталған Еуразиялық іскерлік конгресін құру. Алқалы жиынның алғашқы күні әлемнің мемлекеттік-жеке әріптестік орталықтарының конференциясы өтпекші. Бұл шараға МЖӘ орталықтарының төрағалары, орталық және жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен сарапшылар қатысады. Сондай-ақ форум аясында исламдық қаржыландыру механизміне арналған ғылыми конференция өткізу де жоспарлануда. Мақсаты – Қазақстанда исламдық қаржыландырудың тұтас жүйесін қалыптастыру. Конференцияға қаржы институттарының төрағалары, шағын және орта бизнес өкілдері, Қазақстандағы инвестициялық қор жетекшілері, т.б. қатыспақ. Сарапшылар бұл дағдарыстық кезеңдегі экономиканы құлдыратпауға бағытталған ұлттық инновациялық жүйе деп бағалап отыр. Сонымен қатар форум аясында инновациялық тенологияның дамуында маңызды роль атқаратын компаниялар мен лауазымды тұлғалар қатысатын Инновациялық Конгресс болмақ. Бұл жерде Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық инновациялық экономиканың дамуы мен инновациялық саясат туралы Финляндия, Норвегия, Германия, Корея, Франция және Израиль мемлекеттерінің өкілдері ой бөліседі. Сондай-ақ индустриялды-инновациялық жобалар мен ғылыми жұмыстардың көрмесі де ұйымдастырылмақ.

4455 рет

көрсетілді

240

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8812

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7086

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4828

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4214

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4178

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4137

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3869

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3867

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы