• Ақпарат
  • 09 Маусым, 2010

Азия Кеңесінің беделі артып келеді

d0b3d183d0bb-d0bcd0b5d0bd-d0bdd183d180d181d183d0bbd182d0b0d0bdЫстамбұл қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) ІІІ саммиті ашылды. Оның жұмысына АӨСШК-ге мүше бірқатар мемлекеттердің басшылары: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия Президенті Абдулла Гүл, Ауғанстан Президенті Хамид Карзай, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иран Президенті Махмұд Ахмадинежад, Моңғолия Президенті Цахиаийн Элбэгдорж және Ресей Үкіметінің Төрағасы Владимир Путин, сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің мүшесі, вице-премьер Дай Бинго, Ирак вице-президенті Т.Әл-Хашими, Вьетнам вице-президенті Нгуен Тхи Зоан, Тәжікстан Оли Маджилисінің төрағасы Ш.Зухуров, Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрі Шейх Бен Занд Абдалла әл Нахаян қатысты. АӨСШК-нің бұл саммитіне Украина Президенті В.Янукович байқаушы ретінде, Македония Президенті Г.Иванов қонақ ретінде арнайы келді. АӨСШК осыдан он сегіз жыл бұрын Қазақстан Президентінің бастамасымен өмірге келген еді. Қазіргі таңда бұл ұйым әлемдік қауымдастықтың назарында. Саммиттің ашылуында Қазақстан Рес­публи­касының Президенті, АӨСШК-нің қазіргі төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл сөз сөйледі. Н.Назарбаев өз сөзінде Азия Кеңесі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығай­ту мәселесі бойынша беделі форумға айналып келе жатқанына тоқталды. Бір айта кетер жайт, форум аясында бірқатар маңызды құжаттар қабыл­данды. Олардың қатарында қағидаттар декларациясы, Алматы актісі, сенім шаралары тізілімдемесі, Рәсімдер ере­желері, Артықшылықтар мен им­мунитеттер конвенциясы бар. Сонымен қатар осы уақыт аралығында екі саммит, министрлер деңгейінде үш кездесу өтті. Халықаралық және өңірлік ұйымдармен байланыс жүзеге асырылды. Қазақстан басшысы бұл басқосуда форумның дүниежүзінде бедел алып отырғанына байланысты Азия Кеңесі хат­шылығы басшысының мәртебесін Атқарушы директор деңгейінен Бас хат­шы деңгейіне көтеру туралы ұсыныс жасады. Н.Назарбаев саммитте Қазақстан Азия Кеңе­сіндегі өзінің төрағалық мін­детін Түркияға тап­сыр­ғалы отыр­ғанын айтты. Түркия бұл абыройлы міндетті ой­дағыдай орындайтынына сенім білдірді. Сөз сөйлеген Түркия Президенті Абдулла Гүл болса жиналғандарға алғыс айта келіп, АӨСШК-нің бүгінгі күні тек қана Азияда емес, бүкіл әлемде өз орны бар екенін атап көрсетті. Сонымен бірге ол АӨСШК төрағалығы Түрік Республикасына тапсырылып отырылғаны маңызды оқиға екенін тілге тиек етті. Қазақстан Республикасының Прези­денті Н.Назарбаев АӨСШК аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. С.Әлімұлы

2787 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8788

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7075

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4818

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4204

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4166

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4127

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3858

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3857

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы