• Ақпарат
  • 21 Шілде, 2010

Қайыршы қайғы жұтқызуы мүмкін

Алматының бітпейтін кептелістері... Бірақ сол тығындарды жасайтын көп себептің ішіне мамандар қайыршыларды да қосады. Әрине, әрбір айыптау дәйек қажет етеді. Дегенмен жуырда көлікпен Розыбакиев көшесімен жоғары қарай көтеріліп келе жатып осы пікірдің кейбір тұстарда шындық екендігіне көзіміз жеткендей болды...

Сол жолы қалалықтар тілінде «Көтерме сауда орыны» деп аталатын аймақтағы кептелістен «өттік-ау» дегенде, келесі бір тығынға келіп кірдік. Базардан алыс бұл маңда ондай «аномалия» байқалмауға тиіс-тін. Бірақ неге екенін, көліктер бір-бірімен иін тіресе, сіресіп, әрең ілгері жүріп келе жатты. Бір ойымыз «алда жол апаты болған екен» дейді. Тек біздің болжамдарымыз қиыс кеткен екен. Мұның себебін көп өтпей-ақ өз көзімізбен көрдік. Нарықты кінәлайсыз ба, әлде басқаны ма, әйтеуір Төлеби көшесінің бұрылысына жете бергенде көліктердің бел ортасында қолын жайып, мүгедек арбасына таңылған бір егде кісі жүр. Онан тағы бір жиырма метр жерде дәл сондай, бірақ одан жасырақ жігіт ағараңдайды. Байқаймыз, ол да қайыр сұрап, жанап өткен әрбір көліктердің терезелерін тақылдатып, тұрып алады. Міне, олар бізге де таяп қалды... Рөлде келе жатқан шопыр жігіт ашуға булықты. Неге екенін бір өзі біледі. Ал оның жолаушылары бізде үн жоқ. Қалай десе де көліктердің арасындағы енсіз де тар аумақтарға әрең сыйып, құдды бір сеңді жарған мұзжарғыш кемедей, еркін жайылып келе жатқан оларға айтар сөз де жоқ еді. Адамдар да әртүрлі ғой, біреулердің мейірімі түсіп, қол­дарына азды-көпті ақша ұстатып жатыр. Алайда бұл жерде айтпай өтуге болмайтын бір жайт, олар ең әуелі жол-көлік қозғалысына кедергі келтіріп отыр емес пе? Екіншіден, өз өмірлеріне қауіп төндіргендері былай тұрсын, жүргізушілердің қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкіндігін арттыруда. Айталық, байқаусызда солардың бірінің аяғын басып кетіп немесе қағып кеткендей болса, бірінші кезекте кімнің жауап беретінін ішіміз сезеді. Жалпы, бұл бүкіл қаламыздағы осындай келеңсіз оқиғалардың бір ғана тармағы болса керек-ті. Сейфуллин, Жансүгіров көшелерінің бұрылыстарынан да мұндай тиын-тебен сұрап жайылған алақандарды көруге болады. Ара-арасында ондай жол қиылыстарында сығандар да төбе көрсетеді, оған мыңдаған жүргізушілер қауымы куә. Ендеше, жол тәртібін қадағалайтын атағы дардай құзырлы органдарға үлкен де көрнекі «сұрау» белгі жолдасақ айып емес шығар. Табалаған да емес, жек көрген де емес, бізді бұл жерде қоғамдық үйлесім мәселесі ғана мазалап тұр. Әйтпесе «байдың малын байғұс қызғаныпты» деп, ол пақырларға елдің беріп жатқаны құдайдан еселеген қайтарым тілейтіндей-ақ сауапты іс. Осы түйіткілді қалай шешуге болады? Қайыршыларды басқасы басқа, аяқжолдық емес, транспорттық кө­шеге шығып кетуден қалай тыюға болады, яки таяқтың екінші ұшы – қалай олардың әлеуметтік мәселесін шешіміз? Осы арада айта кетуге тиіспіз. Қайыршылардың көбісі өзге елдің азаматтары. Олар Қазақстанда қайыр сұрап жүр. Осыған да шек қоятын кез жетті. Иә, шымшытырық, шиеленісі қатты түйінделген мәселе емес пе? Қайсы жағынан бастаған дұрыс? Не істесек болады, ағайын? Ерболат МАМЫРАЙХАН

2883 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8757

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7059

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4803

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4189

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4151

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4112

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3842

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3842

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы