• Ақпарат
  • 21 Шілде, 2010

«Кеңесіп пішкен тон келте болмас»

01_original_1279441219214

16-17 шілде күндері Алматыда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы іс­тер министрлерінің бей­ресми кездесуі өтті. Аталған іс-шара аясында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бірқатар шетелдік әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізіп, маңызды құжаттарға қол қойды. Осынау ауқымды халықаралық алқалы жиынға ЕҚЫҰ-ға мүше барлық 56 мемлекеттен сыртқы саясат ведомстволарының басшылары мен жоғары дәрежелі өкілдері, Ұйыммен ынтымақтастық жөніндегі 12 әріптес елден және бірқатар халықаралық ұйымдардан мәртебелі лауазым иелері қатысты. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев алғашқы кездесуін «Риксос» қонақ үйінде Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары, Еуропа істер жөніндегі министрі Дэвид Лидингтонмен бастады. – Қазақстан үшін осынау бас қосу айрықша маңызды оқиға. Біздің басты мақсат – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылу көзделген Алматыда Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу жөнінде ортақ шешім қабылдау, – деді Қазақстан сыртқы саясат ведомствосының басшысы. Басқосудан кейін журналистерге берген сұхбатында Дэвид Лидингтон кездесудің ойдағыдай өткенін, онда бірнеше мәселе, атап айтқанда, аймақтық, екі жақты қатынастарға байланысты әңгіме өрбігенін мәлім етті. Сонымен қатар Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары өз сөзінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы табысты өтіп жатқанын, алдағы уақытта да солай бола беретініне сеніммен қарайтынын атап өтті. Қанат Саудабаевтың Португалия Сырт­қы істер министрі Луиш Амадумен кездесуі де жемісті өтіп, онда Португалия үкіметі Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығын то­лығымен қолдайтынын атап көрсетті.

Л.Амаду елімізге алғаш рет ресми сапармен келіп отырғанын, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды, экономикалық, саяси, мәдени, гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамытуға ниетті екенін білдірді. Кездесу қорытындысы ретінде Қазақ­стан мен Португалия арасында дипломатиялық төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойылды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев келесі кезекте Албания Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Илир Метамен, Словения Сыртқы істер министрі Збогор Симулэльмен, Беларусь Сыртқы істер министрі Сергей Мартыновпен, Украина Сыртқы істер министрі Константин Грищенкомен және ЕҚЫҰ-ның Шиеленістердің алдын алу жөніндегі орталығының директоры Герберт Замбермен кездесті. Бейресми саммиттің бірінші күніндегі соңғы кездесу − Қанат Саудабаев пен Францияның сыртқы істер министрі Бернар Кушнердің басқосуы болды. «Біздің қатынастарымыз президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Николя Саркозидің белгілі кездесулерінен кейін стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне көтерілгенін атап өттік. Біз қол қойған құжат Назарбаев-Саркози комиссиясы құрылғанын көрсетеді. Бұл комиссияны біздің президенттеріміз басқарады. Ол Қазақстан мен Франция қатынастарының одан әрі даму жолын белгілейтін болады», – деді Қанат Саудабаев. *** ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуінің екінші күнгі жұмысы Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Іле Алатаудың әсем бөктерінде орын тепкен «Ақбұлақ» курорттық кешенінде ұйымдастырылды. Бұл күні әлемнің төрт түкпірінен келген құрметті қонақтарды көк байрағын желбіреткен қазақтың салт атты сарбаздары, құсбегілер, ұлттық киім киген орыс, татар, әзірбайжан, ұйғыр, грек өзге де ұлттық-мәдени орталықтары ұлттық тағамдар көрмелерін ұсынып, ән-жырларын төгілтіп құшақ жая қарсы алды. ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің 33 сыртқы істер министрі және 15 сыртқы істер министрінің ресми өкілі қатысқан бейресми саммитінің салтанатты ашылуында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кездесудің дәл осы тау баурайында өткізіліп жатқанының өзіндік мәні бар екендігін атап өтті. «Бір кездері осы Іле Алатауының әсем баурайы арқылы Ұлы Жібек жолы өтетін. Өңір арқылы ағылған керуендер легі ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігіндегі түрлі елдерді бір-бірімен өзара байланыстыратын. Сондықтан бұл жерде Шығыс пен Батыс қауышып, мәдени құндылықтар мен ақпараттар ағыны түйісіп, бабаларымыз идея­ларын бөлісіп, тауарларын алмасып жататын», − деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. «ЕҚЫҰ құрылған 1975 жылы, сол тұста әлі әлемнің саяси картасында орын алмаған Қазақстан тәрізді мемлекеттің 35 жылдан кейін оны басқаратыны, сірә, ешкімнің қиялында болмаған шығар. Тарих үшін тым қысқа уақыт ішінде дүниежүзі мүлдем өзгеше сипат алды. Геосаяси ахуал жаңарып, халықаралық қатынастардың мәні өзгерді, трансұлттық қауіп-қатерлердің жаңа түрлері пайда болды. Бұл ретте, біздің ұйымымыздың заман талабына сай болуы − аса маңызды. Осыған байланысты біз артықшылықтарымызды ай­қындап, жаңа қауіп-қатерлерге төтеп бере алатын қарымта жауаптарымызды белгілеуіміз керек. Біз ЕҚЫҰ-ның үш өлшемі аясында, төрт «Т»-дан тұратын – «траст» (сенім), «традишн» (дәстүр), «транспаренси» (ашық­тық) және «толеранс» (төзімділік) деп жария етілген ұранымыз рухында барлық мәлімделген басымдықтар бойынша теңдес­тірілген жұмыс стилін көрсетуге ұмтылдық», − деген Елбасы Н.Назарбаев осы жасалған іс-шаралардың бәрі мемлекетаралық сенімді нығайту үшін жасалып жатқанын айтты. *** Елбасының баяндамасынан кейін ЕҚЫҰ Іс басындағы төрағасы Қанат Саудабаев бейресми саммиттің күн тәртібіндегі жұмысын бастап кетті. Саммит барысында осыған дейінгі жеткен жетістік сараланып, болашақта бағындырар белестер айқындалды. Сондай-ақ Қырғызстандағы саяси ахуал сөз болып, айырқалпақты елдегі шиеленісті шешу жолдары қарастырылды. Ең бастысы, бейресми саммитке жиналған асясаткерлер астанада ЕҚЫҰ саммитін бір ауыздан қолдады. Тұңғыш рет ТМД, НАТО секілді тоғыз халықаралық ұйым өкілдері қатысқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының екі күндік бейресми саммиттін қорытындылаған ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев саммитке қатысушылардың ортақ келісімі бойынша Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы табысты және позитивті деп бағалап отырғанын, биыл Астанада ЕҚЫҰ-ның ресми саммиті болатынын атап өтіп, саммиттің нақты мерзімін бел­гілеу ұйымның тұрақты кеңесі­нің еншісінде екенін жеткізді. Жанұзақ ӘЛІМГЕРЕЙ

3553 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8757

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7059

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4803

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4189

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4151

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4112

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3842

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3842

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы