• Қоғам
  • 29 Шілде, 2010

«Көкейтесті»-ні құрту кімнің көкейін тесіп жүр?

«Ана тілі», №48, 7 желтоқсан, 1995 ж.

«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» (үшінші басылымы, 1988-жыл) «жұдырық», «жұмырық» деген өзара ұқсас екі сөз бар, бірқатар газеттерде осы екі сөз бірталайдан бері шатастырылып, жаңсақ жазылып жүр. Мысал үшін, «жұмса – жұдырығында» деп жазу – бұрыс, мұның дұрысы – «жұмса жұмырығында». Егер бес саусақты жұмсақ, оның ішкі беті – жұмырық, ашсақ – алақан. Ал «жұдырық» дегеніміз – жұмған саусақтардың сыртқы буындарының шодырайып шоқпарға ұқсап, түйіліп тұрған түрі. Бұлар – жай сөйлем емес, тұрақты сөз тіркесі. «Жұдырық» пен «жұмырықтың», асықтың бүгесі мен шігесі сияқты, өзара айырмашылығы барын білу керек. Егер мұны мақала авторы жазатайым шатастырып жазып жіберсе, оны түзету – қолжазбаны қараған редакция қызметкерінің міндеті. Сөздің қадірін түсірмеу үшін әрдайым екі жақтан да ұқыптылық талап етілгені жөн. Осы сияқты соңғы кезде «көкейкесті», «көкейтесті» деген сөздер де бірде олай, бірде былай жазылып жүр. Біздің байқауымызша, журналистеріміз «көкейкесті» сөзін орынсыз қолданып, егер автордың қолжазбасында «көкейтесті» деген сөз кездесе қалса, оны ойланбастан сызып тастайтын немесе «көкейкесті» деп өзгерте салатын болып жүр. Сонда бұл сөздің «қуғынға» ұшырағандай не жазығы бар еді? Ең бастысы, тілімізде бар сөзді бағалап, орынды жерінде дұрыс қолдана білуіміз керек қой, мұны неге ұмытамыз? Атап айталық, күнделікті баспасөзде мұндай ағаттықтар некен-саяқ емес. Туған тілімізде баяғыдан бері қолданылып келе жатқан «жұмыс істеу» деген байырғы сөз тіркесін де өзгертіп, енді оны «жұмыс жасау» деп «жаңаша» айтып, осылайша жазуға көше бастаған тәріздіміз. Лауазымды адамдар ақпарат құралдары тілшілерімен әңгімелескенде, қойылған сұрақтарға: «ол жөнінде жұмыс жасап жатырмыз», «бұл жөнінде де жұмыс жасауды қолға алдық» деген сияқты жауап беріп жүр. Ойланып көрейікші, бұл не деген сөз? Жұмысты қалай «жасауға» болады? Әлде «жұмыс» деп аталатын жаңа бұйым жасалып жатыр ма? Бұл жағы бұқара халыққа мүлде түсініксіз. Жалпыға мәлім, газет беттерінде әріп қатесі, жеке сөз қатесі сияқты кемшілік­тер кездесіп тұрады. Бұлардан әйтеуір жарияланған материалдардың мағынасы өрескел бұзылып немесе бұрмаланып тұрмаса болды, бұл секілді «ұсақ-түйек» қателерге түзету беріле бермейді. Бірақ, шынын айтқанда, оқырман көпшілік бұған немқұрайды қарамайды. Олар әріп қатесі былай тұрсын, тыныс белгілеріне дейін сауатты болуын, айтайын деген ой-пікірдің айқын жазылуын тілейді. Бұл – жарияланған материалдардың авторлары мен редакция ұжымына бірдей қойылатын ортақ талап. Сөз соңында реті келіп тұрған соң, мынаны да еске сала кетелік: орысша «высокосный год» дегеннің қазақша баламасы бар ма? Бұған «бар» немесе «жоқ» деп үзілді-кесілді жауап беру қиын, біз мұны «кәбиса жылы» деп атап жүрміз. Бұл араб тілінен енген кірме сөз, варваризмге жатпайды, өйткені бұл сөз тіліміздің дыбысталу заңдылығына және жазу тәртібіне де сай келеді. Бұл атаудың ерекшелігі мынада: жай жылдары ақпан айында 28 күн болса, кәбиса (кібісе – басқ.) жылы бұл айда 29 күн болады, ол әрбір төрт жылда бір рет қайталанып отырады. Алдағы 1996-жыл – кәбиса жылы. Ана тіліміздің сөздік қорын молайту тұрғысынан мұны да біліп алғанның артықтығы бола қоймас. Әбдуәли Қарағұлұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер Алматы қаласы

6287 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5832

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5496

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3231

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2617

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2579

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2557

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2290

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2272

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы