• Ақпарат
  • 26 Тамыз, 2010

Бұл шерудің ерекшелігі мол

Конституцияның 15 жылдығына орай 30 тамызда Астанада «Қазақ елі» монументінің жанында өтетін әскери шерудің өз ерекшеліктері болайын деп тұр. Солардың бірі – оған «Жас ұлан» кадетшілерінің-барабаншылардың қатысатындығы. Олар шеруді ашады. Екінші бір ерекшелік – әскери шеруге әйел әскери қызметшілер қатысады.

«Біз қазір де бұл шеруге дайынбыз, – дейді осы салтанатты шеруді өткізу жүктелген еліміз Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мұрат Майкеев. – Жеке құрам толқу үстінде. Себебі өзіміздің Жоғарғы Бас Қолбасшыны мінбеден көру, әсем Ас­тананы тамашалау және осы мерейтой­лық шерудің тікелей қатысушысы болу – үлкен құрмет». Бас алаңдағы әскери сапта 2400-ден астам жауынгер өтеді. Олар – еліміздің Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері және Әскери-теңіз күштері бөлімшелерінің, сондай-ақ ІІМ, ҰҚК, ТЖМ және Республикалық ұлан бөлімшелерінің өкілдері. Олардың соңынан әскери техникалар жүреді. Егер өткен жылы шеруге 120 әскери техника, 40 ұшақ пен тікұшақ қатысқан болса, биыл 154 әскери техника, 66 ұшақ пен тікұшақтар өнер көрсететін болады. Бірінші рет шеруге 80 әйел әскери қызметші қатысады. Олар: мергендер, дәрігерлер мен медбикелер, психологтар және іс жүргізушілер. Әскери техникалардың қатарында 122 миллиметрлік Д-30 және 152 миллиметрлік «Мста-Б» зеңбіректері, «Тюльпан», «Смерч», «Рапира» артил­лериялық жүйелері бар. Сондай-ақ «Град» және «Ураган» реактивті жүйелер машиналарын, «Точка-У» ракета ке­шендерін кездестіруге болады. Әскери техникалардың үлгілері қатарында шеруге танктер – Т-72Б, БМП-2, «Хаммер» және «Ланд Ровер» броньдалған әскери машиналары қатысады. «Біз шеруде жаңа техникаларды, артиллериялық жаңа жүйелерді, жинақы әскерімізді көрсетеміз, – дейді М.Майкеев. – Армия өзгеріп келеді. Онда сапалық көрсеткіштер артып келеді. Біз соларды алдағы шеруде паш етеміз. Жеке құрам Қарулы Күштеріміздің барлық гарнизондарынан келеді. Олар – үздік солдаттар мен үздік офицерлер». Сөз жоқ, Конституция мерекесі күніне орай өткелі отырған бұл шеру әскерилерге айрықша серпін беретіндігі анық. Ш. Нұрсұлтанқызы

2368 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8753

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7057

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4801

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4187

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4149

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4110

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3840

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3840

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы