• Ақпарат
  • 26 Тамыз, 2010

Қолға алу мен қолданудың аражігі

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі тарапынан Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылау жүйелі қолға алынуда. Осы мақсат төңірегінде Тіл комитетінің атқарып жатқан шаруасы да ұшан-теңіз. Құзырлы орындардың мұндай игілікті қадамына қалың жұртшылықтың ризашылық білдіріп жатқаны даусыз. Дегенмен сөз бен істің, мақсат пен нәтиженің тоқайласар тұсында айтылатын әңгіменің де жүгі ауыр болмақ. Бұл, әсіресе, тиісті мекемелердің мемлекеттік тіл үшін істеген нақты жұмыстарына байланысты.

Яғни біз қолға алу мен қолдану­дың аражігін парықтай алдық па? Айталық, осы бағдарламаны шындап қолға алып, бүкіл республика көлемінде кең талқыладық. Оған жеке тұлғалар және әртүрлі басшылар мен саяси, қоғамдық ұйымдар атсалысты. Сол арқылы бағдарлама­ның мемлекеттігімізге, ұлт болып ұйы­суымызға қажетті ерекше құжат екендігі барша жұртқа паш етілді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей ықпалымен дүниеге келген бағдарламаның мәні мен маңызы айрықша екендігіне ешкім шүбә келтірмесе керек. Сонда осынша дүмпумен қолға алған бағдарламаны қолдану деңгейіміз қандай? Осы жөнінде ойланатын уақыт әлдеқашан жеткен секілді. Өйткені бұдан бұ­рын да мемлекеттік тіл төңірегінде үлкенді-кішілі маңызды құжаттар қабылданып отырған. Сондықтан бұрынғы қабылданған бағдарламалар мен құжаттарда кеткен қателіктердің енді қайталанбауын қатаң қадағалау қажет. Яғни нақты іс пен нәтижені басты назарда ұстайтын уақыт келіп жетті. Мемлекеттік тіл мәртебесі – бұл мемлекет мәртебесі, ұлт байлығы. Осындай киелі құндылыққа ешбір халық бейжай қарай алмаса керек. Оған әлемдік тәжірибе куә. Ендеше, елдің ертеңіне, ұрпақтың болашағына тікелей қатысты құнды құжатты нақ­ты нәтиженің жемісімен дәлелдеге­німіз абзал. Тіл комитетінің жер-жерде талқылаулар ұйымдастырып, елдің пікірін ескеріп жатқаны, әрине, құба-құп. Ендігі мәселе сол жиналыс­тар мен талқылаулардың табысты нәтижесін облыс, қала, аудан, ауыл басшылары халыққа қалай жеткізіп жатыр? Өзі тіл сындырмай жатып, тіл туралы ой айтатындар да баршылық. Біздіңше, әр мекеме, әр орын, әр адам мемлекеттік тілді бірінші өздері­нен бастап қолданысқа енгізсе – онда бағдарламаның баянды болғаны. Ал ел ертеңі үшін қабылданар бағ­дарлама сөз жүзінде қалып жатса, Абай атам айтқан «Баяғы жартас – бір жартастан» еш артықшылығымыз болмағаны. Қазақ елінің қазіргі барлық мүмкіндігі ескеріліп жасалған бұл құжаттан әрбір қазақстандық хабардар болғаны жөн. Алаштың әр баласы тіл беделімен қоса өз беделінің де жоғарылайтынын жадында берік ұстағаны абзал. Жалпы, қолға алу мен қолданудың аражігін ашып алсақ, баян­ды тірлікке бет алатынымыз сөз­сіз. Сондықтан бағдарламаға атсалысып, өрелі ой айтып жатқан барлық азаматтарға, құзырлы орындарға айтарымыз – тілді ең алдымен өзіміз қолданып, нақты нәтижелерге қол жеткізелік! Біләл Қуаныш

3023 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8750

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7055

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4799

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4185

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4147

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4108

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3838

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3838

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы