• Білім және ғылым
  • 26 Тамыз, 2010

Мектепке асық, жас өрен!

d0b1d0b8d0bbd0b8d0bc-d0bad183d0bdd0b8d0bdd0b5d0b5d0b5d0b5d0b5d0b51

«Алтын алма, білім ал» дейді атамыз қазақ. Бүгінгі заманда білімсіз болсаң жаһандану атты аждаһаның аранына түсіп кетерің анық. Сондықтан Үкімет тарапынан да, Елбасы тарапынан да жыл сайын білім, ғылым саласына айтарлықтай көңіл бөлінуде. Еліміз іргесін көтеріп, еңсесін тіктегелі сан түрлі реформалауға түскен білім жүйесі енді ғана бірізділікке түсе бастағандай болды. Жыл сайынғы оң өзгерістер мен игі бастамалар осы саланың одан сайын өркендеуіне жол ашып келеді. Міне, артта тағы бір жыл сырғып қалды. Ендеше, биыл білім саласында не өзгеріс?

Жаңа оқу жылы жаңалыққа толы

Бірер күнде еліміздің барлық білім ордаларында күміс қоңырау үні сылдырлап, жаңа оқу жылы басталады. Болашақ ғалымдар мен ғұламалар алғаш рет білім атты теңіздің мектеп атты кемесіне мінеді. Еліміздің болашағы бүлдіршін­дердің сапалы білім алуына Үкімет барынша қолдау көрсетуде. Жыл сайын әлеуметтік жағдайы нашар отбасынан шыққан балаларды қамқорлыққа алып, міндетті түрде мектепке баруларына қолдау көрсететін «Мектепке жол» қа­йырымдылық акциясы да игі дәстүрге айналды. Ресми деректерге сүйенсек, өткен жылы 200 мыңнан астам балаға көмек қолы жеткізілген екен. Биылғы оқу жылы жаңалықсыз емес. Биылдан бастап қала мек­тептерінің 1-11-сынып оқушылары аптасына 1 сағат «Өзін-өзі тану» пәнін оқитын болады. Сонымен қатар республикадағы орыс, ұйғыр тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілін, ал қазақ, ұйғыр тілінде оқытатын мектептерде орыс және шетел тілдерін деңгейлеп оқыту қолға алынбақ. Әу баста өзге тілді мектептерге қазақ тілін тереңдете оқытады дегенде бөркімізді аспанға атып едік, артынша-ақ көңіліміз су сепкендей басылды. Көкейде тағы да орыс тілінің басымдығы онсыз да орын алып тұрғанда билік басындағылардың мұнысы не деген сауал пайда болды? Орыс тілін қазақ мектебіндегілер деңгейлеп оқытуды қажет етпей-ақ меңгеріп алары сөзсіз. Әлде сол тілге деген қажеттілік көп пе? Бұл да – жауапсыз сауал... 2020 жылы 12 жылдық білім беру жүйесіне көшеміз Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс», – деп атап өткен еді. Міне, сол сөзді басты назарда ұстаған Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың басшылығымен өткен аптада «12 жылдық оқуға көшу жөніндегі эксперимент. 2009-2010 оқу жылының қорытындысы. Негізгі сатының эксперименттік сыныптарына арналған оқулықтар бойынша оқытудың әдіснамасы, мазмұны және әдістемелік ерекшелігі» атты республикалық семинар өтті. Семинарда басты мәселе ретінде 12 жылдық білім беруге көшіру жұмыстарын ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Бұл жоба алғаш рет 2003 жылы қолға алынып, республикадағы 51 мектепте тәжірибе ретінде қолданысқа енді. Бүгінгі күнде оның саны 104-ке жеткен. 2006-2007 оқу жылдары тәжірибелік сыныпқа қабылданған алғашқы оқушылар бастауыш мектепті тәмамдады. Сол жылдың мамыр айында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығы бастауыш мектептегі тәжірибе қорытындысы бо­йынша республикалық семинар өткізген болатын. Жаңа қолданысқа енген білім беру жүйесінің нәтижесі оң бағаға ие болды. Бастапқы кезде ат-тонын ала қашып, бұл жүйеге сенімсіздікпен қараған талай жанның көңілі жай тапты. Сол жылдан бастап тәжірибе негізгі мектептерде жалғастырылды. Қазіргі таңда аталмыш білім беру жүйесі бойынша 6813 оқушы, оның ішінде 4097-сі қазақ тілінде, 2716-сы орыс тілінде білім алуда. Бұл бойынша қолданыста жүрген тәжірибелік оқулықтар да жыл сайын байқаудан өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, өткен оқу жылында байқаудан өткен оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың нәтижесі көңіл қуантады. Оқушылардың оқу үлгерімі 99,2 пайызға, білім сапасы 70 пайызға жетіп, мұндағы шәкірттер өз білімдерінің оқ бойы алда екендіктерін дәлелдеді. Сонымен 2020 жылға қарай 12 жылдық білім беруге толығымен көшетін болдық. Мұны аталмыш жиында еліміздің бас педагогы қадап айтты. Ұстаз да форма киеді Енді ұстаздар да арнайы форма киетін болды. Иә, дәл солай. Осыдан бірер жыл бұрын білім ордасында жүрген жандардың қайсысы ұстаз, қайсысы оқушы екенін айырып болмайтынбыз. Әу баста мектеп формасы болған классикалық қоңыр көйлек пен ақ, қара фартуктерді бертін келе түрлі шалбарлар мен қысқа юбкалар, алабажақ кеудешелер ауыстырды. Бұл оқушылар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті айқын әшкерелеп тұратын жайт еді. Ұстаздар қауымының айтқан сын пікірлері дау-дамайға да ұласып жатты. Осыдан соң 2003 жылы елімізде бірыңғай мектеп формасы енгізілді. Ата-аналар мен ұстаздар қауымы бұл өзгерісті бірден мақұл көрді. Енді, міне, ұстаздар да бірыңғай формаға көшетін болды. Қазіргі заман ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бүгінгі ұстаз жан-жақты, ақпараттық технологиядан хабары бар, оқып-тоқығанымен қатар бойындағы бар игі қасиеттерін оқушы бойына дарытуы қажет. Үлкен өмірге енді ғана қадам басып, оңы мен солын танып үлгермеген жас бүлдіршінге алдында асқар таудай ұлы тұлға болып көрінетін ұстаз – ең басты үлгі тұтар жан. Сол ұстаз тырысқан шалбармен, ашық-шашық кеудешемен жастарға қандай үлгі көрсетеді? Осы орайда министрлік «мұғалімдер де арнайы киім кисін» деген бастама бастады. Бұл жайында өткен аптада ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен онлайн режиміндегі кеңесте айтылды. Ғажайып ғаламтор арқылы байланысқа шыққан әр облыс өз формаларының үлгілерін көрсетті. Осылайша еліміздің 9 өңірі бірыңғай киім киюге көшетін болды. Бірақ әзірге ұстаздардың бұл киім үлгісі ресми міндеттелген жоқ. Бұл – алдағы уақытта кесіп-пішілетін тон. Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

3230 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8784

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7074

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4817

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4203

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4165

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4126

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3857

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3856

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы