• Ақпарат
  • 01 Қыркүйек, 2010

Азиадада атымыз озсын десек...

Қазақ елінде өткелі жатқан әлемдік доданың басталуына да аз уақыт қалды. Ғалам тамашалайтын ірі жарыстардың қатарынан саналатын «Қысқы Азиада – 2011»-ге елімізде қызу дайындықтар қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы алғанда, еліміз Азияның Ақ Олимпиадасын қабылдауға дайын. Тек аса мән беретін бір мәселенің нақты шешім таппауы ел арасында түсінбестік тудырды.

Қайбір ел болмасын, мұн­дай айтулы шараларды өткізу барысында өздерінің ұлт­тық құндылықтары мен дәстүр-ғұрыптарынан көрініс жасап һәм сол арқылы қай елде, қандай жерде өтіп жатқанынан хабар беріп отырады. Біздің елде өтетін Олимпиадада дәл сондай игілікті іс-шаралар қолға алынып жатса, құба-құп. Дегенмен осы байрақты доданың әнұранына байланысты дүдәмалдық орын алуда. Байқауды ұйымдастыру коми­тетінің мүшелерінен естігеніміздей, әнұран қай тілде айтылса да, мәнді, мазмұнды болса жарайтын көрінеді. «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті ди­рек­ция­сы» АҚ ақпараттық және имидждік қолдау маркетингі депар­та­ментінің директоры Нұрлан Нұрға­зин­нің айтуынша: «Қай тілдегі туынды ұтады – сол Ақ Азиаданың әнұраны болады». Былай қарағанда, осыдан артық кесімді жауап та жоқ. Яғни ол әнұран орысша ғана емес, ағылшынша, қытайша немесе ұйғырша да болуы әбден мүмкін тәрізді. Себебі біздің елде әртүрлі ұлттар тұрады, олар да – осы елдің азаматтары. Сондықтан олардың әрқайсысының өз тілдерінде әнұран жазып, байқауға қатысып, жеңіп шығуға толық мүмкіндігі бар. Әңгіменің қысқасы, көптің көңілінен шығып, ақ Олимпиаданың әнұраны болады деген Ерболаттың «Мен – қазақпын!» әні енді әнұран бола ма, болмай ма – ол жағы белгісіз болып қалды. Ал бұған дейін осы дүбірлі доданың айбынын арттырады делінген «Қара жорға» да назардан тыс қалды. Біздің айтарымыз – мемлекеттік тілде әнұранның шырқалуы әрбір қазақстандықтың мақтанышы болары сөзсіз. Әнұранның өзге тілде болуы, ол – қазақ елінің егемендігіне сенбегенмен бірдей. Сондықтан еліміздің төл тарихы мен дәстүрі­нен, әдет-ғұрпы мен ұлттық бейнесінен хабар беретін, халықтың көкейінен шыққан әнұранның қабылданғаны жөн. Себебі шетелдік мейман­дар­дың да бізден алар басты құндылығы осылар емес пе? Ендеше, неге Астана мен Алматыда өтетін айтулы Ақ Азиада ойындарының ашылу салтанатында жан сарайымызды «Мен – қазақпын!» әнімен сусындатып, жабылу кешін әлемді тамсандырған ұлттық құндылығымыз – «Қара жорға» биімен қорытындыламасқа?! Қалай десек те, әлем елдері алдында тарихи құндылықтарымыз бен ұлттық нақыштарымызды танытатын қуанышты сәтті қолдан шығарып алмайық, ағайын! Қуаныш ТҮНҒАТАР

2673 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8773

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7065

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4809

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4195

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4157

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4118

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3848

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3848

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы