• Қоғам
  • 21 Қазан, 2010

Татулық – тағдыр сыйы

Тағдыр қазақ халқына ұлан-ғайыр жер беріп, байырғы тұрғынын аз етіп, сырттан келген өзге ұлтты көбірек қоныстандырып, көрші болып күн кешуге бұйырды. Осылайша тарих бізді көпұлтты ел ретінде қалыптастырды. Бұл қағидадан жер иесі – қазақ та, қазақ жерін мекендеген басқа ұлттың өкілі де қашып құтыла алмайды және сөзсіз мойындап тіршілік кешуге бейім екенін әр азамат терең түсінеді. Жаратушы көрші болуға жазғаннан кейін көңіл қалдырмас тіршілік кешу керектігін кеңпейіл қазақ әлдеқашан ұғынып, жатырқап-жатсынбай, керісінше, бауырына тартып, жанашырлық танытуды қасиеті етіп бойына сіңіріп те қойған. Бүгінде Қазақстанда 130 ұлттың өкілі тұратынын, 46 конфессия бар екенін көзіқарақты адамның бәрі біледі. Осыншама этностың мекендейтініне қара­мастан, Қазақстанда тыныштық пен келісім салтанат құрған деп мақтанамыз да. Бірақ бұл, Елбасымыз айтпақшы, «жұмыстың» нәтижесі». «Бұл – мемлекеттің жұмысы, бұл – бәріміздің жұмысымыз, әр қазақстандықтың жұмысы». Тіпті оны Президент адам ағзасындағы қантамырының жұмысына да балады. Қантамырының бір жерінде кідіріс болған кезде адам денсаулығына кінәрат жабысады, ендеше, мемлекетте де солай. Қазақстан халықтары Ассамблеясының қызметі тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етудің тәжірибесі әлемдік тұрақтылыққа қосылған үлес болып отыр.

Қоғам өзгерді. Онымен бірге адам да өзгерді. Жер бетінде тыныш жатқан ел кемде-кем. Құрығанда толқу болып тұрады. Осыны ойлағанда, әлдекімдермен салыстырғанда «шүкір, Қазақстан тыныш» деп кеудемізді кере бір тыныстап қаламыз. Ол – ең алдымен біздің елімізді мекендеген ұлттар татулығының, дәстүрлі достығының, мемлекетіміздегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім саясатының арқасы. Ел Президентінің қазақ жерін мекендеген түрлі этнос өкілдеріне әділдікпен қарауының нәтижесі. Қазақтың ертеңін, өзінің, бала-шағасының келешегін ойлаған адам ең алдымен осы елдегі тыныштықты ойлайды. «Ел тыныштығы – өз тыныштығым» деп ойлаудың нәтижесінде бір өзеннен су ішкен, бір жайылымда мал баққан адамдардың арасына ала жіп керілмеді. Қазақ­станда қалыптасқан достықты, татулықты, құстың ұясындай жанға жайлы жылылықты сақтау, қас­терлеу парыз. Аумалы-төкпелі дүниеде есік-те­резесін қымтап, жеке арал жасап алып, өмір сүру мүмкін емес. Жолындағысын түгел жұтып жіберуге бар жайын мемлекеттерді айтпағанда, әлем картасынан нүктедей орын алатын, тіпті белгіленбей қалған ұсақ елдердің өзі жаһандану үдерісінен сырт тұра алмайтыны түсінікті. Демек, қанша жерден көңілді жайландырып, тоқмейілдікке салынғанымен, әлемде болып жатқан оқи­ғалардың біздің елімізден сырт айналып өте береді деп бейқам отырудың жөні жоқ. Елдегі тыныштық, татулық, экономикалық, әлеуметтік реформалардың жемісті жүруі әлдекімдердің түн ұйқысын қашырып, мазасыздыққа ұрындыруы әбден мүмкін. Сондықтан ұлттық қауіпсіздікті тәуелсіздіктің басты тірегі, басты шарты деп әр қазақстандық жан-жүрегімен мойындауы тиіс. «Адам досынан пайда да, зиян да көреді» деген сөз бар халық арасында. Қазақтың Құдай қосқан қосағы, ежелгі көршісі орыс хал­қын құрметтеуінің арқасында сан мәрте түсінбес­тік туындап қалғанымен, табан астында дұрыс шешімдерін тауып, арнасына түсіп отырды. Соның нәтижесінде 7,5 мың шақырымдық ортақ шекара бекітіліп, ол құжат Біріккен Ұлттар Ұйымына тапсырылды. Мұның өзі ішкі татулығымызға орасан зор игі жемісін берді. Қазақстан барлық табыстарға халқының адамгершілігінің, көп ұлттарды құшағына сыйғызғанының арқасында жетіп келеді. Сондықтан тәуелсіздіктің басты кепілі, тірегі тыныштық екенін Елбасы да кездес­кен жерінде, сөйлеген сөзінде қадап айтудан қажымайды. Мұндай тыныштық бізге мәңгіге, біржола берілген, үндеспей, шай деспей өмір сүреміз деу – үлкен қателік. Ол ешкімге де мәңгілікке берілетін игілік емес. Ол тыныштықты әрбір Қазақстан азаматының күн сайын емес, сәт сайын қорғауы тиіс екенін естен шығармағаны абзал. Тәуелсіздікті алғаш алған жылдарда қазақтар 42 пайыз, қалғаны басқа ұлт өкілдері болатын. Ендеше, жас мемлекеттің іргесін көтеріп, уығын қадауға олар да атсалысты. Тәуелсіздік артқан жүк баршасына ортақ болды. Көпұлтты унитарлы мемлекет болу кемшілік емес, керісінше, ол қазақты ұлттық томаға-тұйықтықтан сақтап тұратын фактор ретінде аталып жүр бүгінде. Сондықтан елдегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілері бас болып, Үкімет қостап, Қазақстан халықтары Ассамблеясын Қазақстан халқы Ассамблеясы етіп өзгерту туралы ұсыныс та айтылған-ды. Бұл ойдың өзі бәріміз бір мүдде тұрғысынан табылсақ деген ниеттен туындаған болар. Бұл жолда қазақ халқының алдына өзге этностарға рухани құндылықтарын сіңіре отырып, тұтастай елдікті қалыптастыруға қатысты тарихи рөл жүктелмек. Сайып келгенде қандастарымыз бен өзге ұлт өкілдерінің басы бірікпесе, басқа­ның бәрі бос сөз болып қалады. Өзін тәуелсізбіз деп жариялаған елдің бәрі сөз жүзінде тәуелсіз мемлекет санала береді, бірақ жаһандану талаптары туындаған кезде шексіз тәуелсіздікке ешкім де толыққанды жете алмақ емес. Шын тәуелсіз екенін іспен дәлелдей алған, өзінің ішкі, сыртқы саясатына қатысты шешімдерді өзгелерге алаңдамай тек өзі ғана қабылдайтын, экономикалық жағынан кіріптар болмайтын елдер ғана тәуелсіз мемлекет саналады. Қазақстан ең басты байлығы – ұйысқан ұлттарының арқасында осындай тәуелсіздікке қол жеткізуді мақсат етіп қойды. Осы қол жеткізіп отырған игіліктер, одан арғы елдің дамуы ұлттың мемлекетті ұйытарлық қасиетіне, қуатына байланысты болмақ. Бұл орайда Президентіміз Н.Назарбаев: «Біздің басымыздан көп қиын замандар өткені рас. Бірақ сол замандар­дың біздің халқымызды шыңдап шағырғаны да рас. Өзге ұлттармен қатар өмір сүре жүріп, өз дәстүрлерімізден, өз тілімізден айырылыңқырап қалғанымыз да рас. Бірақ сол арқылы өзге ұлттармен жарыса, таласа жүріп ширағанымыз, білімге, өнерге қатарласа ұмтылғанымыз, сөйтіп, өскеніміз де рас. Бір жаманның бір жақсысы болады деген осы» дейді. Бес Франция сыйып кетеді деп желпіне мақтанатын алып территориямызда 16 млн.-ға жуық адам өмір сүріп жатыр. Тәуелсіздіктен кейін 2,6 миллион адам өз тарихи Отандарына қайтты. Есесіне, олардың орнын өз бауырларымыз толтырды. Басқа елдің заңымен, өзге жұрттың танымымен, байыбымен өмір сүруге дағдыланып қалған қандастарымыз өз Отанына оралған соң қиындықтарды басынан кешіргенімен, көпұлтты мемлекетке тән дәстүр мен ерекшелікті олар да мойындап, соған сай бейімделіп, көшін түзеп алды. Өркениет өнегесі – өз дәстүріңмен өмір сүру. Бұл мақсатта да Қазақстан мемлекеті барлық этнос өкілдеріне кең молынан мүмкіндіктер бе­ріп, бар қажетті жағдайын жасап, қамқорлы­ғына алған. Қазақстан, ең алдымен, қазақ ұлтының мемлекеті. Оны біртұтас мығым мемлекетке айналдыру үшін тыныштық пен бірлік аса маңызды. Ең алдымен, қазақ халқының өз бас бірлігі керек. Өзгелермен ырыс-ынтымақтың жарасуы да осы мінезіне тікелей байланысты. Осыдан төрт жыл бұрын тілге қатысты өткір сұрақ туындағанда, Ассамблеяда сөз сөйлеген Президент Н.Назарбаев: «Он алты жылда аюға да тіл үйретуге болады ғой» деп еді күйініп. Мемлекеттік қызмет, кадр мәселесін шешу секілді жауапты міндеттерде де қазақ тілін білетін адамға артықшылық берілетіні шындық. Қызмет бабында қос тілді қатар меңгерген адамға көзқарастың да басқаша болатыны рас. Осы орайда бүгінгі күні 25 мың басқа ұлттың баласы қазақ мектептерінде оқып жатқан көрінеді. Қазақ тілінде еркін сөйлей алатын өзге ұлт өкілдерінің қатары көбейе түсті. Тіпті олардың дені қазақтың өзін сөзден жаңылдырады. Әртүрлі себеппен жерімізді мекен еткен халықтардың бүгінгі буынының арасында жаңаша пайымдайтын, көзқарасын өркениет талабымен қалыптастырған, озық ойлы жастары жетіліп келеді. Біз оларды қазақстандық телевизия арналарынан жиі байқаймыз. Өткен санақ бойынша Қазақстанда адамдардың 65 пайызы «қазақ тілін білемін», 57 пайызы «қазақша оқи аламын» деп көрсеткен екен. Мектептерден басқа қазақ тілін оқытатын 64 орталық құрылған. Бұл көрсеткіш жыл өткен сайын артып келеді. Барша ұлттардың өз халық ансамбльдері, өнер ұжымдары, өз театр­лары жұмыс істейді. Туыстық қарым-қатынасқа сызат түскенін са­налы адамның ешқайсысы қаламайды. Бас­қа рес­публикаларда орын алған ұлттардың қақтығысы­на сүйеніп, қазақтарға қыр көр­сеткісі келгендер­дің әрқилы ойлары іске асуына жол берілме­ді. Қазаққа да, қазақпен тағдырын қосқан өзге этнос өкілдеріне де ең керегі – ынтымақ пен бірлік­ке кірбің түсіріп алмау. Осы мақсатта Президент­тің пәрменімен Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылған болатын, игі іске тетік болған бұл қоғамдық институт халықтар туысқандығы мәселесі бо­йын­ша бүгінгі замана келбетіне сай жаңаша жұ­мыс жасай бастады. Ассамблея қазір дүние­жү­зі мемлекеттерінің назарын өзіне аударып отыр. Көп елдің басшылары мен мемлекет қай­раткерлері оны ұлттарды ұйымдастырудың жаңа моделі ретінде қабылдауда. Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық тә­жірибесі посткеңестік кеңістіктегі елдерде әл­де­қашан мойындалып қойған. Олар үшін де, Қа­зақстан үшін де тәуелсіздік пен ұлттар татулығы егіз ұғымға айналды. Бұл – қазақстандық саяси брэнд. Нұрбек Медетбек

4455 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6699

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5961

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3702

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3090

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3047

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 3023

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2753

Бақытжан Сатершинов, дінтанушы: ЗАҢДЫ БІЛГЕН ЗАМАНДЫ ДА БІЛЕДІ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2737

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы