• Ақпарат
  • 09 Желтоқсан, 2010

Көкейіміздегіні дәл табуымен ерекше

Апта сайын даладағы да, қаладағы да қалың оқырманы асыға күтетін «Ана тілі» газеті менің де сүйіп оқитын басылымыма, рухани азығыма, сенімді серігіме айналғалы қашан?! Газет қызметкерлерінің қаламы ұшқыр, сөзі өтімді. Оған дәлелім де жетерліктей-ақ. Газет көптің көзайымы болып, ең өзекті мәселелерді көтеруден танған емес. Ұлттық мүддені жоғары қойып, талай озық ойларға түрткі болумен келеді. Ең бастысы, өзінің атауына сай ана тілінің төңірегіндегі тақырыптарға сан қырынан баруды ұмытпайды.

2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасына орай ой, пікір, ұсыныстар легін бірінен кейін бірін жазу арқылы баршаның көкейіндегіні дәл тауып келеді. Басылымның «Тілі мықтының – елі мықты», «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры», «Жеріңнің аты – бабаңның хаты» деген айдарларымен жарияланып жүрген материалдары тілдің бүгінгі ахуалын қапысыз танытады. Қазақ тіліне өзге тілді араластырып, шұбарлап сөйлеу, қазақ азаматтарының өздерінің ана тіліне менсінбей қараушы­лығы орынды сөз етіліп жүр. Бұл жағынан «Ана тілінің» батыл пікірлер айтуы бізге ерекше ұнайды. Газетіміздің атадан жеткен асыл сөздерді тірнектеп жинап, халыққа жеткізуі, сөз мәйегін теріп, тәрбиелік мән-мағынасы зор салт-дәстүрлерді өз ортамызға қайтаруы, имандылықты толассыз насихаттауы – табылған ақыл. Сонымен қатар кешегі бір аласапыран кезеңдерде, кеңестік шовинистік саясат дәуірлеген шақтарда «ақтаңдаққа» айналған, кейінгі ұрпаққа мүлдем таныс емес, тіпті аға буын өкілдері – біздердің өзіміз атақтарын біліп жарытпайтын тарихи тұлғаларды, баһадүр батырларды, қара қылды қақ жарған билерді бізге қайта таныстыруы танымдық көкжиегімізді кеңейте түсті. Бұл тұрғыда «Алты Алаштың ардағы», «Дулығалы дала перзенттері», «Алдыңғы толқын ағалар» атты айдарлар астындағы материалдар кім-кімді де бейжай қалдырған емес. Оларды оқы­ған оқырмандардың бір-біріне айтып, ауыздарының суы құрығанша әңгімелеп тұрғандарын көзіміз талай көрді. Осы мақалалардың деректерін, мағлұматта­рын студенттер алдындағы күнделікті дәрістерімізде ретіне қарай пайдалану біздердің дағдымызға әбден енді. «Ана тілінің» беттерінен толғауы тоқсан тіршілікпен танысып, сыр-перне ағытысу, тарих сабағына, тарих тұңғиығындағы таңбалы сырларға қанығу, көкейкесті мәселелер қозғауға түрткі болу бағытын­дағы мақалаларға, корреспонденцияларға, сұхбаттарға кеңінен орын берілуі өте дұрыс дейміз. Қазақия қалаларына саяхат қандай керемет?! Осындай материалдар үзілмей жариялана бергенін қалаймыз. Әділін айту керек, газеттің мазмұны, сөз өрімі, құрылымы соңғы кездерде жақсарған үстіне жақсарып келеді. Басқа басылымдардан қолыңа шам алып іздесең де табылуы қиын материалдар «Ана тілінде» үздіксіз жарық көретіні ақиқат. Атауларының өзі-ақ өзіне еріксіз мойын бұрғызатын «Намыс найзағайы», «Пердесіз көңіл», «Зерде», «Айдың таса беті», «Ойтүрткі» және басқа да айдарлар жүрек қылдарын шерте біледі, ойлантады, толғантады. Әрине, газеттің мұндай публицистикалық дүниелері өміршең. Баршаның тілейтіні – тыныштық, татулық, бірлік. Осы бағыттағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлағатты пайымдауларымен, мемлекетіміздің ұстанған сара саясатымен үндескен «Бір шаңырақтың астында» атты айдардың тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Алға қарай осы тәрізді салиқалы материалдар көбейе берсе, құба-құп. «Ана тілі» газетінен қол үзбеу маған да, құрметті оқырмандар, Сіздерге де аса пайдалы. Олай еткеннен ұтпасақ, ұтылмаймыз. Төлеген ЖАҢАБАЙҰЛЫ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы

3386 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8768

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7063

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4807

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4193

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4155

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4116

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3846

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3846

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы