• Ақпарат
  • 24 Ақпан, 2011

Игілікті істер жалғаса береді

11113Атырау облысының әкімі Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев жұртшылық алдында өткен жылы атқарылған жұмыстарына есеп беріп, жаңа міндеттерді саралады. Облысқа Бергей Рысқалиев әкім болғалы өңірде отыз-қырық жылға жуық қордаланып қалған проблемалар қысқа мерзімде шешімін табуда. Атырау қаласы көлік тығынынан арылып, екі құрлықты жалғайтын көпірлер шаһардың сәнін келтірді. Шекеден қарайтын шетелдік компаниялар өкілдері ана тілімізде сөйлеп, жұмысқа ең алдымен жергілікті жастарды қабылдауға уәде берді. Жүздеген мұғалімдер мен дәрігерлер, мәдениет, өнер адамдары жаңа қоныс тойын тойлауда. Қала түгіл, алыс ауылға табиғи газ бен ауызсу барды. Айдалада елеусіз қалған мұнайлы елді мекендердің тұрғындары Жайықтың жағасындағы зәулім де жайлы коттедждерге көшірілді. Міне, Елбасының салиқалы саясаты, облыс әкімдігінің жігерлі де тынымсыз еңбегі халықтың қолдауы мен қошеметіне ие болып отыр. Өткен жылы Атырау облы­сының экономикасы өрлеу үстінде болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 3 трлн. 150 млрд. теңгені құрап, былтырғы деңгейден 2,2 есеге артты. Облыс экономикасына 1 трлн. 148 млрд. теңге инвестиция салынды. 30 млн. тоннадан астам рекордтық көлемде мұнай, 13,6 млрд. текше метр газ өндіріліп, алдыңғы жылға қарағанда сәйкесінше 13 және 18 пайызға өсті. Елдің үдемелі индустриялды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында, 2010 жылы облыс бойынша құны 31,5 млрд. теңге құрайтын 7 нысан пайдалануға берілді. Қуаттылығы 75 МВт құрайтын Атырау электр жылу орталығының IV кезегі іске қосылды. «Жайық Агро» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жы­лыжай және көкөніс сақтау қой­масы салынды. Қазақстанда және Орта Азияда теңдесі жоқ «КазТурбоРемонт» ЖШС-ның газ­турбиналық қондырғыларды жөндеу және сервистік қызмет көрсету зауыты пайдалануға бе­рілді. «Брандо» ЖШС-ның жылына 250 млн. дана бір рет пайдаланылатын шприцтер шығаратын зауыты өз өнімімен республиканы қамтамасыз етуде. Индербор по­селкесінде орналасқан «Биас-Тек» ЖШС-ның құрғақ құры­лыс қоспаларын өндіру зауыты ша­ғын және орта бизнесті дамытудың айқын айғағы болды. Сондай-ақ «Констракшн КZ» ЖШС-ның тұрғын үй құрылысы үшін жеңіл­детілген панель шығару зауыты да құрылыс саласына үлкен серпін берері созсіз. «Металл Продукт» ЖШС-ның металл өнімдерін өн­ді­ретін Металлургия комбинаты – өңірдегі ауқымды жобалардың бірі. Инвестициялық жобаларды іске асыру осы жылы және алдағы уақытта да жалғасын табады. Яғни 2011 жылы алты нысанды пайдалануға беру жоспарлануда. Олар: Құбыр жапқыш арматуралар шығаратын зауыт; Мұнай өнеркәсібіне арналған химиялық реагенттер шығару зауыты; «Брандо» ЖШС-ның бір рет пайдаланылатын шприцтер шығару зауытының қуатын арттыру; Қуаттылығы тәулігіне 50000 текше метрді құрайтын №5 су сүзу станциясы; «Атыраунефтемаш» зауытын жаңғырту; «ЖайықАгро» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты жылыжай мен көкөніс сақтау қоймасының екінші кезеңін салу. Өткен жылы әлеуметтік салада да көптеген игі істер атқарылды. Облыста мектепке дейінгі мекемемен қамтамасыз ету 42 па­йыздан 67 пайызға артты. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін 6 мектеп пайдалануға берілді. Мектептер үлгіге сай физика, химия, биология кабинеттерімен, лингофонды және мультимедиа қондырғыларымен жабдықталуда. 8 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріліп, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Елбасының Жолдауын іске асыру мақсатында бұқаралық спорт пен денешынықтыруды дамыту үшін өткен жылы 3 спорттық кешен пайдалануға берілді. Сонымен қатар 25 мектеп жанынан спорттық алаңдар, қаланың ықшам аудандарында 50 футбол және ойын алаңдары салынды. Жайық өзені арқылы өтетін Индербор кентінде, облыс орталығында екі автокөлік көпірі пайдалануға берілді. Бұдан басқа, аудан орталықтары мен елді мекендерге 90 шақырым жол салынды. Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз автомобиль жолын қайта жөндеу жұмыстары жалғасуда, жалпы ұзындығы 114 шақырым жолдың 14 шақырымы жөндеуден өтті. Газ жеткізу бойынша ау­қымды жұмыстар атқарылды. 460 шақырым газ құбыры тартылды. Халықты сапалы ауызсумен қамтуды жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Облыс орталығында №3 су сүзу станциясы пайдалануға берілді. Одан басқа Индербор поселкесінде су тазалау құрылғысы іске қосылды. Өңірде тұрғын үй құрылы­сының мемлекеттік бағдарламасы та­бысты жүзеге асырылуда. Атал­ған бағдарлама аясында облыс орталығында апаттық жағдайдағы 12 көппәтерлі үйлерді бұзуға шешім қабылданып, мыңдаған тұр­ғындар жайлы да ыңғайлы пәтерлерге ие болды. «Жайық Балық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Қазіргі кезде облыстық бюджеттің есебінен «Атырау Балыққа» қа­расты өндірістік базасы салынды. Кәсіпорынды қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Өн­дірісті дамыту үшін техни­ка­лық-экономикалық негіздеме және жобалық-сметалық құжат­­тама жасақтауға қаражат қарас­ты­рылды. Осы жылы арнайы жабдықтар, флоттар алынады. Бұдан басқа қайта жаңғырту, құ­рылыс жұмыстарына қаржы көз­дері қарастырылуда. Бүгінде 2500 адам жұмыс істейтін, қазіргі за­манға сай қуатты, еуропалық үлгідегі заманауи зауыттың қыз­меті басталып кетті. Көпшілік осы жұмыстың нәтижесін де, пайдасын да алдағы 2-3 жылда көретін болады. Облыс басшысы Елбасының Жол­дауына сай биылғы жылы ат­қарылатын жұмыстарға тоқталып өтті. Білім беру нысандарын күрделі жөндеу және құрылысын салу жалғастырылады. 16 балабақша мен 16 шағын орталықтар пай­даланылуға беріледі. Бес мектептің құрылысы басталмақ. Мұнай са­ласы үшін қызмет көрсететін және техникалық кадрларды даяр­лайтын, қайта даярлайтын 700 орындық өңіраралық орталықтың құрылысы аяқталады. Облыс орталығында әлемдік стандартқа сай келетін 4 ірі білім беру нысанын салу жоспарлануда. 180 орындық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы, облыстық балалар ауруханасына кешенді жөндеу және қосымша құрылыс салу жұмыстары жүргізіледі. 5 денешынықтыру-сауықтыру кешені беріледі. 16 шағын елді мекендерде жабық түрдегі шағын спорттық кешендер салынады. Атырау қаласында мұз айдыны және ескек есу базаларының құрылысы қолға алынады. Облыс орталығындағы шағын ау­дандардың бәрі спорттық ойын алаңдарымен қамтамасыз етіледі. Қазақстан және ТМД елдерінде баламасы жоқ көрме залы және заманға сай өнер мұражайы бар 1200 орындық концерттік зал құрылысы аяқталады. Атырау қаласында жалпы алаңы 161 600 шаршы метрді құ­райтын 2683 пәтерлік 50 тұрғын үй салу көзделіп отыр. Елді ме­кендерді газбен қамту ағымдағы жылы да жалғасын табатын болады. Облыс орталығында қуаты тәулігіне 50 мың текше метр су тазалайтын станция пайдалануға беріледі. Облыс әкімі ана тілімізге де арнайы тоқталып өтті. – Ең бастысы, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мерейі өсті, – деді Б.Рысқалиев. – Облысымыздың басқару жүйесі толықтай мем­лекеттік тілге көшіп, қоғамдық өмірдің басқа да салаларына батыл енгізілуде. Республика бойынша қазақ тілін меңгерген халықтың үлесі 2020 жылы 95 пайызға дейін өседі. Ал біздің өңірде бұл көрсеткішке 2015 жылы қол жеткіземіз. Қайта-қайта айтып жүрмін: мемлекеттік тілді дамыту – бас­ты міндет. Биыл қаланың ірі-ірі мөлтек аудандарында ақысыз қазақ тілін оқыту курстарын ашамыз. Тілек білдірушілер, келіңіздер, жазылыңыздар. Біздің барлық жиналыста­ры­мыздың мемлекеттік тілде өтуінің өзі – баршаға үлгі болғандай. Міне, Атырау облысында жыл ішінде атқарылған қадау-қадау жұмыстарды атап өттік. Облыс әкімі Б.Рысқалиев тұрғындар алдындағы мазмұнды баяндамасын түйіндей келе, Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесін насихат­тауды мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саяса­ты­ның арқасында қол жеткен жетістіктерімен тығыз байланыс­тыра жүргізу қажеттігіне баса назар аударды. Өтеген Нәукиев Атырау облысы

3524 рет

көрсетілді

37

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9058

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7226

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4965

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4351

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4315

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4275

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4011

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4002

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы