• Ақпарат
  • 24 Ақпан, 2011

Қысқы спорт түрлерінде қазақ жастары неге аз?

Елімізде VII Қысқы Азия ойындары сынды айтулы дода өз мәресіне жетті. Ел спортшылары 32 алтын, 21 күміс және 17 қола олжалап, жалпы командалық есепте бірінші орын алғаны көкейде сайрап тұр. Түсінген адамға бұл – үлкен жетістік, зор қуаныш, асқақ абырой. Бірақ бір дүдәмал пікірлердің ресейлік ақпарат құралдарында айтылуы намысты қамшылауға итермелеп отыр.

Ақ Азиадаға пікірлерін айтқан өзге ел сарапшылары ойындардың жоғарғы деңгейде ұйымдастырылғанын тілге тиек еткені белгілі. Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея елдерінен кейін Қысқы Азиаданы төртінші бо­лып қабылдаған еліміз алдағы уақытта Олимпиада ойындарын өткізуге ұсыныс жасайтыны анық. Тіпті өткен ойындар бұқараны бір серпілтіп тастағаны анық. Бәрі өз кезегімен келер. Бізді алаңдатып отырған бір жайт, ол қысқы спорт түрлеріне баратын қазақ жастарының аз болуы болып отыр. Мәселен, «Russianskz.info» сайтының Мәскеудегі тілшісі Леонид Красноперов «Азиада ма, әлде Славяниада ма?» деген мақаласында «Қазақстан үшін медаль жиған – кіл орыстар, бірақ ашылу және жабылу салтанатында тек қазақтардың тарихы көрініс тапты» деп байбалам салуда. Елімізде тұңғыш рет өткен Ақ Азиаданың ашылу, жабылу салтанаттарын қалай өткізу өз еркіміздегі шаруа екені анық. Бірақ екінші жағынан олардың жанды жерімізге жармасып отырғанын да ұмытпауымыз керек. VII Қысқы Азия ойындарына қатысқан ұлттық құрамамыздағы ұлты қазақ спортшының саны жиырмадан сәл асады. Көбіне бокс, күрес және т.б. жекпе-жек түрлеріне баратын қазақ жастарының қысқы спорт түрлерінен жүлде алып жатқаны некен-саяқ. Мәселе неде болып отыр? Бұл – ерге де, елге де қойылған сұрақ. Біздіңше, бұл сұраққа баршамыз жауап қата аламыз. Мәселен, жапон, корей халқы өз балаларының бейіміне қарай спорт секцияларын таңдайды екен. Сонымен қатар қай спорт түрі елде ақсап тұрса, сол саланы көтеруге күш салады. Бұл халықтың өз ынтасымен жүзеге асады. Есесіне, спорттың қай саласына болса да ел спортшылары дайын тұрады. Біз де осы үрдісті ел болып жолға қоюымыз қажет. Мемлекет қысқы спорт түрлеріне ел қызы­ғушылығын ояту үшін қолдан келер барлық жағдайды жасап жатыр. Бұрындары қысқы спорт нысандарының жоқтығын айтып не болмаса бар кешендердің күрделі жөндеуін күтетін едік. Бірақ қазіргі таңда қысқы спорт түрлеріне арналған нысандар сақадай-сай тұр. Бәлкім, қазақ жастары қысқы спорт түрлерін игеруден өзге ұлт өкілдеріне қарағанда кенже қалып отырған шығар. Себебі біздің қазақы отбасылардың демалыс күндері Медеу, Шымбұлақ асып жатқаны көзге ілікпейді. Көбіне ол жақтан орыс, украин, неміс және т.б. ұлттардың отбасыларын көресің. Егер осындай үрдіс өз жалғасын таба беретін болса, алдағы Олимпиада және Қысқы Азия ойындарынан өз қандастарымызды көптеп көруіміз екіталай. Сол себепті әр қазақ отбасы балаларын спорттың қай түріне болса да бейімдеуі қажет. Және бірінші кезекте қысқы спорт түрлерін бағындыру мәселесі тұр. Спорт – біріншіден, саламатты өмір салты. Екіншіден, ұлттың рухын, патриоттық сезімін көтеретін бәсеке. Ендеше, жоғымызды тү­гендеп, барымызды бағалау – баршаға ортақ міндет, ағайын! Сұлтан Тайғарин

3727 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9048

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7219

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4958

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4345

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4308

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4269

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4004

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3996

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы