• Ақпарат
  • 03 Наурыз, 2011

Қазақ қыздары намысты ту еткен

Өткен тарихымызға көз жүгіртер болсақ, елді, жерді жаудан қорғау тек қана ер адамдардың еншісіне жазылып қалмаған екен. Аруларымыздың арасында да небір батырлар шыққан. Оның үстіне олар ержүрек болумен бірге намысты еді. Ерлікті, елдікті көксеген аруларымыз соңдарына өшпес өнеге қалдырды. Атақты Тұмар ханшаны айтар болсақ, күнгей түркі, сақ халықтарының атақты әйел патшаларының бірі.

Ел басқарған ержүрек әйел күні бүгінге дейін асыл жанды қыздардың үлгісіне айналып келеді. Аты аңызға айналған Әлия мен Мәншүктің ерлігіне сүйінбей қала алмайсың. Ұшағымен жауына тұтқиылдан үш жүз рет тиген Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанова­ның қайсарлығын қайда қоясыз?! Олардың қасиетін бойына дарытуды ойламайтын нәзікжандылар жоқ шығар-ау. Кешегі Қыз Жібек, Баян сұлу да адал махаббатты ардақтады. Ұлы Отан соғысы кезінде соғысқа кеткен жарларын сарыла күткен әйелдерде ұлы қасиет жоқ деп айта аламыз ба? Тылда «Майдан үшін!» деп түнімен көз ілмей тер төккен төзімділік – қырықшырақты қазақ әйеліне ғана тән. Естай мен Қорланды айтайық, жарты ғасыр бойы бір-біріне ғашық болған жандардың қасиеті бүгінгі қоғамда өте сирек көрініс тауып жүр. Бүгінде қолына қалам алып, білектің күшімен болмаса да, қоғамда жақсы істерімен танылып жатқан қыздарымыз жоқ деуге болмас. Айталық, атышулы Желтоқсан көтерілісі кезінде ел намысын ту еткен қыздарымыз қандай ерлік көрсетті десеңізші! Ләззат пен Сәбирадан ер жігіттер етерлік ерлік шығатынын кім біліпті?! Олар бастарын өлімге тікті. Бойларында намыс болмаса, бастарын өлімге байлар ма еді... Ал бүгінгі қыздарымыздың кейбірінде біз тізбелеген осы асыл қасиеттер жоғалып бара жатқандай. Кейде қыздарымыздың ащы су ішіп, темекі тартқанына қарап, «қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына жылаймын» дегендей күй кешесіз. Ол аздай, көркемдікті келтеліктен іздейтін қаракөздерге қарап, тағы қынжыласыз. Бір күні ана болар арудың бүгін кіндігі ашылып жүрсе – бұл қай оңғанымыз?! Ал атам қазақ қызының ар-ұятын бәрінен биік қоймап па еді? Қазақ – қызын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қала берді, бетіне жел тигізбей өсірген. Сөйте тұра, көріктісінің көргенді һәм текті болуын басты назарда ұстаған. Осылайша қазақ қоғамында халқымыздың қыз баланы тәрбиелеу институты қалыптасты деуге болады. Ата салттан, ар-ұяттан аттамаған аруларымыз Алаштың даңқын талай мәрте асқақтатты. Олар қазақ халқының ұлылығына әлемді бас игізді. Ата салтын абыройындай көрген кешегі аналар аманатын ардақтайықшы, арулар! Бектұрған ЛАҚАДЫЛ

3338 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9016

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7197

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4938

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4323

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4289

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4247

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3980

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3977

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы