• Ақпарат
  • 03 Наурыз, 2011

Жылылық. Мейірім...

d0bfd0bed0b4d181d0bd«Өлмес құлға келді жаз» дегендей көктемге де жеттік. Үш айға созылған қытымыр қысты артқа тастадық. Арқамыздан ауыр жүк түскендей денемізді жеңіл сезінеміз. Көктем. Көктем дегеніміз – мейірім, жылы сезім, нұр-сәуле секілді. Та­биғат та – дана. Бәрін ой­лас­тырған. Қиындықтан кейін жеңілдік болатыны сияқты, қыс­тан соң көктемді жетелеп әкеліп отыр. Табиғат-құдіреттің мұнысына да мың мәрте алғыс. Жер-дү­ниені жыл бойы қаһарлы суық­тың иелігіне беріп қоймағанына шүкіршілік.Ауада жылылық бар. Көңіл елжірейді. Кәусар тазалықтың лебі кеңсірікті аша түседі. Көктемнің, жаңа күннің, жаңа мезгілдің әсе­рі-ау бұл. Көктем. Ару. Ана. Шешелері бір үшем секілді. Үшеуіне де ортақ қасиет – мейірім, жылылық, көркемдік. Арулар мен аналар мерекесінің көктем айында аталып өтілетіні қандай жақсы! Бір-біріне жарасып тұр, бір-бірінен аумайды. Бәрі де құтты болсын! Көк­темнің келгені де, келе жатқан қыз-келіншектер мерекесі де! Көктем келді. Енді көп ұзамай-ақ ағаштар бүршік жарады. Жер-ана жасыл көрпе жамылады. Гүл-бәйшешектер бой көтеріп, мен­мұндалап өзіне тартады. Сөйтіп, біз сұлулықпен, әсемдікпен қауышамыз. Сұлулық – өмір мәні, өмір сәні.

5081 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8995

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7187

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4928

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4313

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4279

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4237

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3970

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3967

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы