• Ақпарат
  • 03 Наурыз, 2011

Қазақта жұрт білетін Жамбыл еді

d0b0d0bbd0b0d182d0b0d183

«Делебесі қозатын ән-жыр десе, күлкісі де оянар қалжың десе, бәрін айт та, бірін айт, өзі айтпақшы, қазақта жұрт біледі Жамбыл десе» демекші, екі ғасырдың куәсі болған, жыршы, жырау, халық ақыны, айтыскер, қызыл тілдің жалынды жасыны, Сүйінбайдың сүйікті шәкірті болған Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 165 жыл толыпты. 1846 жылы дүниеге келіп, 1945 жылы 99 жасында өмірден өткен абыз ақын – тарлан тарихтың тағылымды тұлғасы. Кезінде Батысты от-жалынға орап, қасиетті жерімізге неміс фашистері жақындап қалды дегенде жасы тоқсанның алтауына келіп қалған қарт орнынан сілкініп тұрып, ақ домбырасын қолына алып, елді ерлікке, батырлыққа бастайтын талай-талай тамаша толғауларын өмірге әкелді. Ұлы Отан соғысы кезінде ол «Ата жаумен айқастық», «Ленинградтық өренім» атты туындылары сияқты халыққа күш-жігер беретін үш мың жолдан артық өлең шығарып үлгеріпті.Таяуда Алматы облысы­ның Жамбыл ауылында ғасыр жасаған қарт бабамыздың ту­ғанына 165 жыл толуына орай мерекелік шара болып өтті. Оған облыс әкімі Серік Үмбетов, жырсүйер қауым, ақын-жазушылар қатысты. Ең ал­дымен, өмірден өткен бабаға арналып Құран бағышталды. Онан кейін жиналғандар Жә­кеңнің мұражайына бас сұқты. Мұ­ражайда ақынның тұтынған заттары қойылған. Содан кейін көпшілік Мәдениет үйіне қа­рай ағылды. Мәдени шара театр­ландырылған көрініспен басталып, үлкен концертке ұласты. Шымылдық ашылғаннан кейін бірінші болып сөз алған облыс әкімі Серік Үмбетов былай деді: «Салты жақсы халықтың ұрпағы озады» деген сөз бар. Біз бабалар сөзін ардақ тұтқан, ата салтымызға адал, әдеп-ғұрпымызға берік халықпыз. Соңғы жылдарда әдеби, мәдени өмірімізде жақсы бір дәстүр қалыптасты. Ол – ақпан айының соңында өтетін Жамбыл күндері. Мұны Жазушылар одағы қолдап отыр. Әрі жырау, әрі жыршы Жамбыл Жабаев төрткүл дүниеге танымал десек те, оның таңғажайып талантының сырлары әлі де толық ашылған жоқ. Теңіз түбіндегі асылдарды жинап, жұртшылыққа табыстау – парыз». Осыдан кейін облыс әкімі Жамбылдың немересі Әлімқұл ақсақалдың иығына шапан жапты. Атасының жасына жақындап қалған ақсақал сахнаға өзі көтеріліп, отырған көпшілікке «Жамбыл аталарыңның жасына келіңдер!» –деп ақ батасын берді. Облыс әкімінен кейін Қазақстан Жазушылар одағы басқарма­сының төраға­сы Нұрлан Оразалин сөз алды. «Қазақ сөзбен дауын шешіп, жау­дың бетін қайтарған. Найзаның ұшы, білектің күші ғана емес, сөздің арқасында Алтай мен Атыраудың арасында жатқан ұланға­йыр жерімізді жаудың қолынан қорғап қалдық. Жәкеңнің 165 жыл­дық тойында бұл сөзді айтпасақ болмас. «Жүз жасаған ақынның бойында жүздеген жылдардың ақындық шеберлігі түйіскен» деп Мұхтар Әуезов бекер айтпаса керек. Жамбыл – жалғыз Жетісудың еншісіне ғана емес, жалпы қазаққа бұйырған ақын. Сәкен Сейфуллин Жамбылға берген бағасында: «Жамбылдың шығармасы мұхиттың тереңіндегі шашылып қалған маржандар секілді. Оны жинап ала білу керек», – деген еді. Қазақтың әр кезеңдегі тарихы Жәкеңнің жырларында көрініс тапқан. «Пірім менің Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай» деген өлең жолдары тек Жамбылдың ғана аузынан шығар сөз емес пе?! Ғасырлардан келе жатқан асыл сөз Жамбылдың аузымен жаңғырды. Махамбеттің өткірлігін, Жамбылдың кеңдігін жас ұрпақтың рухына егуіміз керек», – деді. Академик Сейіт Қасқабасов ақын мұраларына қатысты ой-пікірін білдірді. Ол: «Жәкеңді білмейтін қазақ жоқ, тек қазақ емес, орыс жоқ. Мен тоқетерін айтар болсам, Жамбыл – ұлы жырау және ұлы ойшыл. Оның жырлары құмның арасындағы алтын сияқты. Оның адамдық, имандылық жайында айтқан сөзі бір төбе. Осы күнге дейін Жамбылдың толық шығармалар жинағы шыққан жоқ. Ақынның өлеңдерін басқа тілдерге аудару керек. «Жамбыл» энциклопедиясын шығару керек. Одан кейін «Жамбыл тілінің сөздігін» жеке том етіп шығаратын күн жетті. Мендегі бір ой атамыздың 175 жылдығына дейін осы жұмыстарды істеуіміз керек сияқты. Жамбылдың өлеңдерін бұзып шығарып жатқандар да бар. Біз мұны қайта зерттеуіміз керек», – деді. Жиында Қазақстанның халық жазушысы, ақын Тұманбай Молдағалиев Жамбыл жайында естелік айтты. Жырдан шашу шашты. Жамбыл ауданының «Құлансаз» оркестрі өнер көрсетіп, өнерпаздар мың бұрала билеп, әуелете ән салды. Тағы бір айта кетер жайт, мерейтой қарсаңында Жамбыл шығармашылығының екі томдық жинағы жарық көрді. Осы жинақта Жамбыл жырлаған «Қыз Жібек» дастанының жаңа нұсқасы жарияланды. Осыдан бір күн бұрын «Жыр алыбы – Жамбыл» атты оқушылар арасында республикалық айтыс өткен. Жиында осы айтыстың қорытындысы жария етілді. Бас жүлде Алматы облысының атынан шыққан Дәуен Алғысбекке тапсырылды. Қалған жүлделі орындарға шығысқазақстандық Талшын Нұрланқызы, Алматы облысынан келген Марина Ғымыңбек, алматылық Бибігүл Тілеболдинова, астаналық Әуесхан Сырым ие болды. Ақын тойы жаз айында қайта жалғасын табады. Бектұрған ЛАҚАДЫЛ

8596 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8993

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7186

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4927

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4312

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4278

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4236

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3968

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3966

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы