• Қоғам
  • 17 Наурыз, 2022

Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: ПАРЛАМЕНТКЕ ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛЕДІ

Президент Қазақстан халқына Жолдауында өте маңызды, саяси, әлеуметтік, экономикалық реформаларға, саяси жаңғыруға бағытталған  өзекті мәселелерді айтып өтті. Оның ішінде еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгертуді ұсынып, халықтың көптен бері айтып жүрген мәселесі шешілетінін айтты. Бұл бір жағынан әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектессе, екінші жағынан облыс орталығына айналған қалалардың дамуына жол ашады.

Саяси жаңғыруға байланысты Конституциядағы 30-дан астам бапқа өзгеріс енгізу керек екенін айтты. Жыл соңына дейін 20-ға жуық заң қабылданады. Президенттің жолдауы. Оның бәрін заңмен қамтамасыз етуіміз керек.

Парламенттің рөлін күшейтуге қатысты бірқатар маңызды мәселе көтерілді. Президенттік квотамен сайланатын 15 депутаттың санын 10-ға қысқартылатын болды. Олар өзінің рөлін атқарды. Енді халықтың әлеуметтік үнін жеткізу мәселесіне көңіл бөлінеді.

Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Мен бұл бастаманы құптаймын. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өзінің міндетін табысты атқарды. Ұлттық құрылтайдың ауқымы мен құрамы кең болуы керек. Ол халық пен биліктің арасында үлкен қоғамдық диалог моделін қалыптастырады. Осы құрылтай төңірегінде көп мәселе шешіледі деп ойлаймын.

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке сайланғалы бері әділетті қоғам құру туралы ұдайы айтып келеді. Соған біз де біртіндеп келе жатырмыз. Президенттің бірқатар өкілеттігі Парламентке өткізілетін болады. Президенттің жақын туыстарының лауазымды басшылыққа тағайындалуына заңмен тыйым салу қажет екені айтылды. Қолдаймыз. Ол тек президентке ғана емес, әкімдерге, облыс басшыларына, атқарушы орган басшыларына да қатысты болуы керек деп есептеймін. Бұл сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған жақсы қадам. Сондай-ақ бұл бастама болашақ президенттерге де қатысы бар мәселе.

1042 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6400

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5818

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3560

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2945

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2904

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2881

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2612

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2596

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы