• Қоғам
  • 31 Наурыз, 2011

Бірлік белестерге бастайды

d0b4d0bed181d182d18bd0ba-d183d0b9d0b8d0bdd0b4d0b5

Халқымыз жаңа күнге, жыл басына балаған Наурыз мейрамы еліміздің түкпір-түкпірінде жоғары көңіл күйде атап өтілді. Наурыз елордамыз – Астанада ерекше тойланды. Мереке «Қазақ елі» монументі алаңында өтті. Мерекеге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты. Жиналғандарды ұлы мерекемен құттықтап, сөз сөйледі. – Бүгін бүкіл еліміз Наурыз мейрамын тойлауда. Қазір біз баршамыз жаңарудың ортақ қуанышын бірге бастан кешудеміз. Бұл күндері күллі еліміз жаңарады. Біз барлық күш-жігерімізді, барлық ой-ниетіміз бен ісімізді Қазақстанның гүлденуіне бағыттаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Елбасы өз сөзінде қазақстандықтардың Наурызды оң жетістіктермен қарсы алып отырғанын атап өтті. Бұл сөздің жаны бар. Әлемдегі жағдай белгілі. Көп елдер дағдарыстан әлі күнге толық шығып кете алған жоқ. Кәсіпорындардың жабылып қалуынан жұмыссыздық орын алуда. Басқа да қиындықтарды бастан кешуде. Ал біздің елімізде жағдай басқаша. Жаңадан кәсіпорындар пайда болуда. Зейнетақы, шәкіртақы, еңбекақы көлемі ұдайы өсіп отыр. Жолдар, мектептер, ауруханалар салынуда. Президент өз сөзінде осы игілікті істердің алдағы уақытта да жалғасын табатындығын зор сеніммен айтты. Теміржол, автомобиль жолдары салынады. Әр жылда кем дегенде 6 миллион шаршы метр тұрғын үй тұрғызылады. Білім беруде, медициналық қызмет көрсетуде жаңа табыстарға қол жетпек. –Тәуелсіздік жылдарында біз өз алдымызға қойған барлық мақсаттарға мерзімінен бұрын қол жеткіздік. Алда атқарар іс ауқымды. Біз Қазақстанды халықтың ортақ игілігіне қызмет ететін әлеуметтік мемлекет ретінде құрамыз, – деді Елбасы. Алаңда «Наурыз-думан» театрландырыл­ған қойылымы паш етілді. Жиналғандар наурызкөжеден дәм татты. «Бесікке салу», «Үйлену тойлары», «Сүйінші» секілді халқымыздың салт-дәстүрлерін тамашалады. «Санамақ», «Соқыртеке», «Орамал тастау», «Сақина жасыру», «Ұшты-ұшты» ұлттық ойындары да көпшілікті шаттыққа бөледі. Қазақстан жұртшылығы куә болғандай, Наурыз күндері Елбасы халықпен бірге болды. Ат басын Алматыға бұрып, осындағы «Достық үйінің» ашылуына қатысты. Бұл өзі – 1972 жылы бой көтерген ғимарат. 1999 жылы Үкімет шешімімен мұнда Қазақстан халқы Ассамблеясының жетекші органы орналасты. Ғимаратта 19 этномәдени бірлестік, мемлекеттік, этнос тілдерін оқытатын 9 жексенбілік мектеп орын тепкен. Кейінгі екі жыл бойы күрделі жөндеу жүргізілді. «Достық үйі» ұлттық нақыштарымен көз тартады. Осы салтанатқа ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты. Елбасы «Достық үйіне» жайдан-жай келмегені белгілі. Мемлекет басшысы ел байлығы – халықтар бірлігі екенін ылғи да айтып жүр... «Біз мереке күндері де, жұмыс күндері де бейбітшілік пен келісімді үнемі нығайтуға тиіспіз» дейді. Қашан да халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда алдағы күндерге үлкен үмітпен қараған. Жаңа жылдан жақсылық күткен. Олай болса, бұл жолы да Наурыз туған елімізге құт-берекесін, жетістіктері мен табыстарын молынан әкелгей деп тілейік. Нұркен Жандәулетұлы

2641 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №17

02 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 6004

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5606

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3345

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2728

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2691

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2667

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2400

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2385

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы