• Ақпарат
  • 06 Сәуір, 2011

Сайлау учаскелеріндегі сап

d181d0b0d0b9d0bbd0b0d183-4Естігенімізді емес, көргенімізді айтайық, 3 сәуір күні Астанада кезектен тыс Президент сайлауында өз таңдауларын жасау үшін таң алагеуімнен сайлау учаскелеріне ағылған сайлаушылардың қарасы да әжептәуір. Біз барған елордалық №58 сайлау учаскесінде 2 мың 767 сайлаушы тіркелген екен. Сайлау комиссиясының мүшелері таңғы сағат 6.00-де сайлау бюллетеньдері мен сайлаушылардың тізімдері орналасқан сейфті ашқаннан кейін стационарлық және тасымалданбалы жәшіктерінде бюллетеньдер жоқтығына көз жеткізіп, пломбалау және мөр басу үрдістерін жасады. Сосын тасымалданбалы сайлау жәшіктері денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын сайлаушылардың үйлерін аралауға жіберілді. Сайлаушылардың тізімі мен бюллетеньдер саналғаннан кейін, сайлау учаскесін ресми ашу үдерістері барлық талаптарға сай өткендігі туралы хаттама толтырылды. Сағат тілі тура 7.00-ді соққанда Қазақстанның Әнұраны орындалып, сайлау учаскесі ресми түрде ашылды.

Сайлау жәшіктері пломбаланып жатқанда есіктің алдында тұрған сайлаушылардың арасын бөле-жарып кіріп келе жатқан, ақжаулықты орыс қариясы назарымызды өзіне аударды. Сөйтсек, бұл кісі таңғы 5.30-да сайлау учаскесіне елден бұрын келіп алған екен. Сайлау учаскесі жұмысын бастамағасын шетте тұрған орындықтарға жайғасып күтіпті. Есіктің алдында үйіріліп тұрған топты көргесін, менен кейін келгендер дауыс беруге кіріп кетті деп ойлапты да, топты киіп-жарып келе жатқан бойы екен. Таң бозара 8 жасар Филиясын колынан жетектеп келген Ковба отбасы да сайлауда алғаш дауыс берген отбасылардың бірі болды. Ақсақал Петр Николаевич үлгі көрсетіп, өзімен бірге қызы Любаны, алғашқы рет дауыс берген немерелері Дамир мен Лянаны, келіні Гүлнарды ертіп келді. Қала тұрғыны Ержан Маратұлы да: «ел Президентін сайлауға жүрегі елім деп, жерім деп соққан, болашағына бейжай қарамайтын әрбір қазақстандық жауапты болуы тиіс» дегенді айтады. Бұдан кейін М.Горький атындағы орыс драма театрында орналасқан №2 сайлау учаскесіне келдік. Мұнда да өз таңдауын жасау үшін ағылған адам көп. Бұл сайлау учаскесінде Премьер-министр Кәрім Мәсімов жұбайы Дилярам Мәсімовамен және қызы Сарамен келіп дауыс берді. Аталмыш сайлау учаскесінде таңертеңгі сағат 8 жарымға дейін 20-дан астам байқаушы сайлау барысын бақылады. Оның 5-еуі отандық болса, қалғаны – халықаралық байқаушылар. Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының сенімді өкілі Малькольм Джон Ордвей – сол байқаушылардың бірі. «ЕҚЫҰ-ның Астанадағы кеңесінің кәсіби байқаушылар тобының сайлау нәтижесі бойынша беретін есебі жан-жақты әрі шынайы болатындығына сенім білдіремін. Мен барған барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерістері ережелерге сәйкес өтіп жатыр», – дейді АҚШ өкілі. Ал біз келесі бас сұққан №3 сайлау учаскесінде дауыс берген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «бұл – халықтың таңдауы» дейді. «Біздің мемлекетіміз үшін тарихи оқиға деп айтсақ, артық болмайды. Сондықтан бұл ерекше күн деп еш күмәнсіз айтуға болады. Өз басым әлеуметтік модернизация үшін дауыс бердім» деді ол. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың ғимаратында орналасқан №182 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Дауыс бергеннен кейін БАҚ-қа берген сұхбатында: «Бүгін – бүкіл әлемнің назары Қазақстанға ауған тағы бір тарихи сәт. Біз тарихи таңдау жасаймыз, өйткені бұл жыл – Қазақстанның Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы. Біз көпті көрдік, көп жұмыстар атқардық, көптеген қиындықты бастан өткердік. Бірақ алдымызда өте орасан міндет – мемлекет пен қоғамды жаңғырту міндеті тұр, сондықтан біздің азаматтарымыздың бүгінгі күні дауыс беруі біздің бірлігімізді, белгілеп берген барлық міндеттерді іске асыруға біздің ұмтылысымызды анықтап береді» деп мәлімдеді. Және еліміздің қоғамға ашық екенін атады. «Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы 1059 бақылаушыны, екі жүзден астам шетел журналистерін тіркеді. Міне, біздің елімізде осындай ашық, заңды тұрғыда әділ сайлау өтуде. Бүгін барлық қазақстандық­тар отбасыларымен, топ болып, ұжымдарымен дауыс беруге келіп жатыр. Мен бұл белсенділіктері үшін өте ризамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге арналған брифинг барысында. Коммунистер партиясының атынан сайлауға түскен Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков болса елордадағы №38 сайлау учаскесіне өз отбасымен келіп, дауыс берді. Бүгінге дейінгі өмірінде талай сайлауға қатысқан үміткер үшін бұл сайлаудың маңызы өте ерекше. Оның себебін «сайлауға президенттікке кандидат ретінде қатысып отырғандығынан емес, осы сайлау арқылы өзіне үлкен міндет жүктелгендігін сезінгендіктен» дейді Жамбыл Ахметбеков. «Сайлаудың нәтижесі қалай болса да, біздің Қазақстанымыз, еліміз өсіп-өркендеуге бет бұрған екен. Яғни осы бағыттан қайтпайтындығын біржолата білдім. Біздің халқымыздың, сайлаушыларымыздың, елдің жағдайы жақсы болады деп ойлаймын. Ынтымақ, ырыс, берекенің барлығы осы бүгінгі күннен басталады. Бүгінгі күн Қазақстанның өркениетті елдердің қатарына қосылуына бастар жолдың тағы бір қадамы болып саналады», – деді ол. Бұл күнгі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Астанада 214 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Олардың 31-і кіріп-шығуы шектеулі мекемелерде орналасты. Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы

2918 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8798

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7078

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4821

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4207

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4171

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4130

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3861

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3860

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы