• Ақпарат
  • 06 Сәуір, 2011

Абыройың асқақтады, Алаш жұрты!

Алдын ала жасалған қорытындының нәтижесі бойынша ел халқының 95,5 пайыз дауысын алған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында «Елбасымен бірге, алға!» атты форумда штабтың мүшелерімен, партиялық серіктестерімен, сенімді өкілдерімен, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, мәдениет және өнер, спорт қайраткерлерімен, жастармен кездесіп, сайлауда өзіне қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

– Бүгін Отанымыздың тарихындағы тағы бір елеулі кезеңде тұрмыз. Еліміздің 20 жылдығын атап өтетін жылы сайлау өткізіп, төрткүл дүниенің назарын Қазақстанға аудардық. Ашық, әділ болған бәсеке нәтижесінде Қазақстан сайлаушыларының 90 пайыздан астамы мені қолдап, дауыс берді. Бұл жеңіс – барлығымыздың жеңісіміз! Қазақ халқының жеңісі! Қазақстандықтардың жеңісі! – деген Мемлекет басшысы сайлаудың ашық, әділ өткенін және Құқық қорғау органдары заңның сақталуын қадағалағандығын сөз етті. Одан әрі сөзін сабақтаған Нұрсұлтан Назарбаев елімізге сайлауды бақылауға бір мыңнан астам бақылаушы, 200 шетелдік журналистің қатысып, ешқандай кемшілік таппағанын атап өтті. Одан кейін ел тәуелсіздігінің маңыздылығына тоқталып, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында халық берген президенттік мандат еліміздің индустриялық-инновациялық бағдарламасын жүзеге асыруға, әлеуметтік жаңғыруға пайдаланылатындығын атады. «Кейбір елдерде жұмыс орындары қысқартылып, зауыттар тоқтатылып жатса, біздің елімізде, керісінше, халық жұмыспен қамтамасыз етіліп, жаңа кәсіпорындар ашылуда. Кейбір елдерде зейнетақы, жалақы азайып жатса, біздің елімізде көбеюде. Міне, біз әрі қарай осы жолмен жүріп, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына баса назар аударатын боламыз. Кеше халық берген мандатты біздер мен сіздер келешектегі бірлескен күрделі жұмыстарды істеуге, еліміздің индустриялық-инновациялық бағ­дарламасын жүзеге асыруға, әлеуметтік жаңғыруға, ауыл шаруашылығын, білім саласы мен денсаулық сақтау саласын көтеруге және еліміздегі азаматтар­ға көмек көрсетуге пайдаланатын боламыз. Ауылды елдімекендердегі біздер микронесиелер бере­тін боламыз. Жұмыссыздарды оқытып, оларды мамандыққа баулып, жұмысқа орналастыратын боламыз. Жаңа индустриялық кәсіпорындарда жұмыс істеулері үшін жастарды оқытатын боламыз. Бұл мүлдем басқа сапа, басқа жұмыс, басқа өмір болады», – деді Президент. Елбасының сөзінен кейін жеңімпаздар форумы одан әрі Ескендір Хасанғалиев, Роза Рымбаева, Нұрғали Нүсіпжанов, Бекболат Тілеухан, «МузАрт» триосы және басқа да әншілердің «Атамекен» әнін орындауымен, оны жиналған жұртшылықтың қолдауымен жалғасты. Өңір-өңірлерден келген қоғам қайраткерлері аты­нан Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақ­стан халқы Ассамблеясының мүшесі Розақұл Халмұрадов, Ауған соғысы ардагерлері ұйым­дары ассоциациясы­ның төрағасы Бақытбек Смағұл, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік уни­верситетінің ректоры Ерлан Сыдықов, жастар атынан С.Сейфуллин атын­дағы Қазақ агро­техникалық университетінің студенті Екатерина Хомутова сөз сөйлеп, Президенттің сайлаудағы жеңісіне байланысты өз ойларын ортаға салды.

Сұлтан ҚАДЫРБЕК

2472 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8794

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7076

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4819

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4205

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4169

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4128

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3859

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3858

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы