• Ақпарат
  • 06 Сәуір, 2011

Ғарышкерлері бар ел бақытты

Қазақстан өз тәуелсіздігінің 20 жылдық тарихында азуын айға білеген талай мемлекеттің алдында өзінің елдік намысын, ұлттық болмысын көрсете білді. Қазақтың қанға біткен қайсарлығын көрсетті. Елінің, жерінің байлығын танытты. Әсіресе, әлем елдерінің кез келгеніне бұйырмаған ғарыш айлағы да Қазақстанда тұр. Ең бірінші ғарышкер де ғарышқа қазақ жерінен ұшты.

Осылай бола тұра, өкініштісі, елімізде осы уақытқа дейін ғарыштық білім алған төрт-ақ қазақ азаматы бар екен. Олардың екеуі – бәрімізге белгілі қос ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев болса, одан кейін – Ресейде білім алған қос ұланымыз Айдын Айымбетов пен Мұхтар Аймаханов. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғарышкерліктен үміткер төрт қазақстандық жігіттердің ішінен іріктеліп алынған Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов Ресейде дайындықтан өтсе де, олардың ғарышқа сапары жыл сайын кейінге ысырылып, сиырқұйымшақтанып келе жатқанына да бірер жыл болды. Олардың толықтай дайындықтан өтуіне қомақты қаржы жұмсалды. Ғарышкер-сынақшы дипломын да алды. Бірақ әлі күнге резервте тұр. Негізінен, 2009 жылы ғарышқа ұшуы тиіс қазақ жігіттерінің тағы да жігерлері құм болды. Себеп – қаржының қолбайлау болғаны. Осы себепті жас ғарышкеріміз Мұхтар Аймаханов ғарышқа ұшу үшін Ресей азаматтығын алды. Енді ол алдағы уақытта Ресейдің әнұранын әуелетіп, абыройын асқақтатпақ. Мұны ойлағанда көкірегіңді өкініш өртері сөзсіз. «Байқоңырымыз бар» деп масаттанамыз. Ғарыштық мемлекет болуды да көздейміз. Бірақ айналдырған төрт ғарышкеріміздің төрт құбыласын түгендей алмай жатып, ғарыштық саланы қалай дамытпақпыз? Бажайлап қарасақ, елімізде ғарышкерлерді да­йындайтын оқу орны да жоқ көрінеді. ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев ба­сылымдарға берген сұхбаттарында: «Елімізде ғарыш саласы дамып жатыр. Шетелдік әріптестерімізбен стратегиялық қарым-қатынасымыз нығаюда, жас­тар да «Болашақпен» осы сала бойынша шетелдерде білім алуда», – дей келе, «еліміздің бірқатар ұлттық университеттерінде аэроғарыш мамандарын дайындайтын оқу бөлімдерін ашамыз» деген болатын. Бірақ кез келген ЖОО бұл жүкті көтере алмайтыны анық. Себебі белгілі бір ЖОО-дан арнайы факультет немесе кафедра ашу үшін оның арнайы жабдықталған бөлмелері, зертханалары, оқулықтары, осы салада білім беретін білікті мамандары болуы тиіс емес пе? Ал бұл сала «бармақ басты, көз қыстылықты» көтермейді. Ол үшін арнайы жабдықталған, заманауи ғарыш саласына дайындайтын университет керек-ақ. Мүмкін сонда ғана қазақ баласының ғарышқа аңсары ауар... Мүмкін сонда ғана қазақ баласы өзгеге тәуелді болмай-ақ ғарышқа аттанар... Мүмкін сонда ғана... Қалай десек те, ғарыш саласын меңгеруді қолға алу керек. Оның экономикалық жағынан да тиімділігі зор. Тіпті ғылым тұрғысынан қарасақ та, Қазақстанның асығы алшысынан түсер еді. Көрші Ресей бізден 2050 жылға дейін жалға алған Байқоңыр ғарыш айлағынан өзге елдің бір азаматын ғарышқа ұшырғаны үшін ел бюджетіне миллиондаған қаржының түсіп жатқаны анық. Ендеше, бұл тек бір ғана адам жарғақ құлағы жастыққа тимей жүріп көтеретін жүк емес, мемлекеттік, ұлттық мәселе. Сондықтан дәл қазір қарын мен қалтаның қамын емес, елдік, ұлттық намысты ойлар шақ екенін ұмытпайық. А.ҚАБИ

4453 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8786

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7074

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4817

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4203

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4165

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4126

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3857

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3856

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы