- Ақпарат
- 20 Сәуір, 2023
Сан емес, сапаға жұмыс істеген абзал
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кеңестің маңызы зор. Өйткені мұндай деңгейдегі ұлттық кеңеске мәслихат депутаттары алғаш рет қатысып отыр. Бұл биліктің орталықсыздандыру жүйесіне бағыт алғанын көрсетеді.Қысқасы, барлық аймақтан келген әрі сайланған мәслихат өкілдері үкіметтің кеңейтілген кеңесіне алғаш рет қатысып, елімізде қандай саясат жүргізіліп отырғанынан нақты хабардар болды. Бұл меніңше, жақсы нышан. Бұл тәжірибені одан ары жалғастыру керек. Өйткені мәслихаттың жұмысы маңызды екенін барлығы түсіне бермейді. Оның үстіне мәслихат та жаңадан қалыптасу үстінде. Бұл бағытта дұрыс қадам жасалды және әлі де болса, көп жұмыс істеу керек.
Билік жоғарыдан нұсқау күтпей, инвестиция тартуға, жергілікті жерде жұмыс орындарын құруға, өндірісті жандандыруға атсалысуы қажет. Қандай салаға қандай инвестиция тарту керек, оның экологияға зияны бар ма, халыққа берер пайдасы қандай, бәрі де алдын ала есептелгені жөн. Бұл жерде сан емес, алдымен сапаға жұмыс істеген абзал. Әкімдер аймақ өндірісіне қаржы, инвестиция әкелер алдында осы өлшемдерді негізге алғаны дұрыс.
Электр энергиясы, жылу, жанар-жағармайға қатысты бағаның біртіндеп көтерілетінін халық түсінгені абзал. Қазір тегін ешнәрсе жоқ. Мысалы, судың тарифі әлем бойынша біздің елде ең төменгі бағада. Десек те, халықтың әлсіз буынына қолдау көрсету қажет.Президент бұл жөнінде ашық айтты.Сондықтан бұл тұрғыда халыққа әлі де түсіндіру жұмыстары жүргізіледі деп есептеймін.
Еркін Тұқымов,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық
зерттеулер институтының
директоры
754 рет
көрсетілді0
пікір