• Ақпарат
  • 29 Ақпан, 2024

Жас ақындар айтысы өтті

«Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы мәресіне жетті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Менің пірім – Сүйінбай» дәстүрлі VIII халықаралық жас ақындар айтысы өтті.

Жас ақындар айтысының мақсаты – айтыс өнерін жастар арасында кеңінен насихаттау, ақындық дәстүрді жаңғырту, жас ақындардың қабілеттері мен шешендік өнерін шыңдау, олардың көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау, төл өнерімізді дәріптеу. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін жыр додасына еліміздің ЖОО-ның жас жүйріктері мен Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан сынды шетелден келген, жалпы саны 40-қа жуық ақын қатысты.

Биыл қазақтың «Үш бәйтерегі» Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына арналған аламан айтыстың бас жүлдесін (500 000 теңге) – Әлкей Марғұлан атындағы педагогикалық университеттің студенті Бексұлтан Қайдаров алды. Ал І орынды – Моңғолия елінің жас жүйрігі Адилхан Іңкәрбек (400 000 теңге), ІІ орынды – (300 000 теңге) Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Мұхтар Қонарбай мен Қорқыт ата атындағы Кызылорда университетінің студенті Дильназ Ержігіт иеленді. ІІІ орынды (200 000 теңге) – Қырғызстанның жас ақыны Ырыскелді Қалыбекұлы мен Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Нұрдәулет Өмірбеков және Каспий өңірі Болашақ колледжінің студенті Жанболат Әлиев қанжығасына байлады.

Одан бөлек, «Темірхан Тебегенов» атындағы арнайы жүлдені Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенті Әсет Ақылжанов, «Оразалы Досбосынов» атындағы арнайы жүлдені Өзбекстанның жас жүйрігі Ринат Қожамұратов, «Есенқұл Жақыпбек» атындағы арнайы жүлдені Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Әлихан Ергалиев, «Ерік Асқаров» атындағы арнайы жүлдені Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ университетінің студенті Сәуірхан Сұлтан, «Әселхан Қалыбекова» атындағы арнайы жүлде қорын Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Төленбек Нұртілеу, «Жарқынбек Наушабеков» атындағы арнайы жүлдені Шәкәрім университетінің студенті Қуаныш Еркінұлы, «Қонысбай Әбілов» атындағы арнайы жүлдені Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университетінің студенті Нұрсерік Тәуекелов, «Әзімбек Жанқұлиев» атындағы арнайы жүлдені М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Бәтей Аят, ҚР Мәдениет қайраткері, «Зейнолла Сәнік» атындағы мәдениет қорының жүлделерін Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері Даярбек Санжар мен Саулет Нұршапағат иеленсе, «Дара дарын» жобасының арнайы жүлдесін Өзбекстанның ақыны Ринат Қожамұратов, «Өзбекәлі Жәнібеков» атындағы арнайы жүлдені Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Кәдірбай Батыржан алды. 

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының қолдауымен, «ASSYLTAS» қоғамдық қорының құрылтайшысы Дулат Тастекеевтің демеушілігімен өткен екі күндік шараға ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Отан» орденінің иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағы» РҚБ басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, ҚР Мәдениет қайраткері, белгілі айтыскер ақын Серік Қалиев, Алтын домбыра иегері, айтыстың ақтаңгері Еркебұлан Қайназаров, филология ғылымының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы қазылық етті. Ал сөз бәйгесін айтыскер ақын, О.Досбосынов атындағы ақындар мектебінің жетекшісі Шұғайып Сезімханұлы жүргізді. 

Бағдагүл БАЛАУБАЕВА

1055 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9398

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7446

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5191

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4570

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4535

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4493

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4230

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4222

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы