• Руханият
  • 28 Сәуір, 2011

Алдамшы сезімге алданып қалмаса екен

d0b2d0bbd18ed0b1Елбасымыз халық санын көбейту, ол үшiн, ең алдымен, ана мен бала денсаулығын жақсарту мәселесiн бүгiнгi күннiң өзектi мәселелерiнiң бiрi ретiнде жиi ауызға алады. Ол жөнiнде мемелекеттiк деңгейдегi бiрнеше бағдарламалар да бар. Дей тұрғанмен де, өмiрге ұрпақ әкелер қыз-келiншектерiмiздiң денсаулығы қазiргi таңда сын көтермей тұр. Денi сау ұрпақ денi сау анадан туатынын ескерсек, ана денсаулығына немкеттi қарауға құқымыз жоқ. Жақында ғана баспасөз беттерiнiң бiрiнде Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемалары жөнiндегi Ұлттық орталық директорының сұхбатын оқып, жанымыз түршiктi.Халық денсаулығын жақсартудың жанашыры болып табылатын орталық директоры қазiргi туу жасындағы және тууға қабiлеттi қыз-келiншектердiң денсаулық көрсеткiшiне талдау жасапты. Сол талдауға көз жүгiрте отырып, қыздардың тәрбиесiн босаңсытып алғанымызға көз жеткiздiк. Орталық басшысы жасанды түсiк жасатып, он екiде бiр гүлi ашылмай жатып бала туып жатқан қыздарымыздың санының көбейiп бара жатқанын ана жүрегiнiң жанайқайымен жеткiзiптi. Арақ пен темекiге, жеңiл жүрiске салынып жатқан қазақ қыздарына қайран қалады салауатты өмiр сүруге үндейтiн апамыз. Иә, қазiргi күнi бұл мәселе барлығымыздың да жанайқайымызға айналып тұрғаны жасырын емес. Денсаулық – тәлiм-тәрбиенiң бiр дiнi. «Дұрыс жүрiп, дұрыс тұрсаңыз, денiңiз де сау болады» дейдi маман дәрiгерлер. Ал бiздiң келер ұрпақтың тағдырын арқалаған қыз-келiншектерiмiз бұл мәселеде көп ойлана бермейтiн сыңайлы. Жасанды түсiк жасату жыл өткен сайын көбейiп келедi. Бүгiнде ол 7,5 пайызға өскен. Жылына 160 мың түсiк жасату әрекетi тiркеледi екен. Кейiнгi жылдары жиiлеп кеткен ана өлiмiнiң себептерiне үңiлсек, бiрiншi орынды жүктiлiк пен босану кезiнде орын алатын түрлi асқынулардан болған аурулар ( 48,8 пайыз), тыныс алу мүшелерiндегi түрлi аурулардың салдарынан (47,7 пайыз), жүрек-қантамырлары дертi (23,1 пайыз), туберкулез – 9,2, обыр – 3,3, гепатит – 4,6 пайыз аурулары себеп болады екен. Оған йод жетiспеушiлiгi, қаназдық секiлдi заман дерттерiн қосыңыз. Бұл дерттер қыз-келiншектерiмiздiң 70 пайызын қамтығанын ескерсек, қарадомалақтарды өмiрге әкеледi-ау деп үмiттенген қара келiншектерiмiздiң хал-ахуалы көңiл қуантпай тұр. Арақ пен темекiге әуестенiп алған қыздар, әйелдер қаншама? Талғамсыз жеңiл жүрiстiң кесiрiнен қазiргi таңда жыныс жолдарындағы жұқпалы аурулар да кең етек жайып барады. Анасының жатырынан жұқпалы ауру жұқтырып туған нәрестелердiң де денсаулығы күмәндi. Жазушы Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесiгiңдi түзе» дегенде сол бесiктi тербер әйел затының да тәлiм-тәрбиесiнiң түзу болғанын меңзеген болар. Көшеге шыға қалсаңыз, жiгiтiмен қолтықтасып бара жатқан қыздың аузында темекi, кiндiгi мен омырауы айқара ашық. Ұялып-қымсыну жоқ. Ал оны оғаш көрiп, ескерту айтқан жiгiті тағы жоқ. Ал оларға бiрдеңе деп айтып көрiңiз, «Заманына қарай адамы» дейдi олар. Жылына үш мыңға жуық нәресте жүрек кемiстiгiмен өмiрге келедi екен. Осы сәбилердiң тағдырына ана да, әке де жауапты екендiктерiн сезiнсе ғой дейсiң. Бүгiнгi жастарға денсаулықтан бұрын сән мен өмiрдiң бiр күндiк қызығы жақынырақ болып тұр. Жас қыздарымыздың денсаулығының кiнәратты болуына қоғамымызды еркiн жайлап бара жатқан, қыз баланың бағын бұзар азаматтық неке деген бәлекеттiң де тигiзер зардабы аз болмай тұр. Адал сезiмге емес, алдамшы сезiмге алданып, от басқан бойжеткенді азаматтық некемен алдап келген жiгiтi қыздың аяғы ауыр екенiн бiлген күнi-ақ тайып тұрады. Бетi күйген қыз ақыры бойына бiткен нәрестенi алдыруға мәжбүр болады. Ол сәттi болса жақсы, ал олай болмаған жағдайда денсаулығына зақым келген қыз ана болу бақытынан бiржола айырылып, бедеу деген атты иеленiп, алдағы әйелдiк ғұмырын жөргек иiсiн аңсаумен өткiзерi хақ. Оның бетi аулақ дегенмен, бiзге дәл қазiр қыздар мен келiншектердiң денсаулығымен қатар тәрбиенi де қолға алу керек секiлдi. «Қызға – қырық үйден тыйым» деп өткен қазақ қызының қасиеті төмендемеуi тиiс. Нұрлы ЖАНПЕЙІС

3403 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8788

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7075

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4818

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4204

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4166

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4127

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3858

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3857

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы