• Руханият
  • 28 Сәуір, 2011

Келешегіміз кері кетпесін...

«Ана тілі» газетін біраз жылдан бері жаздырып алып, оқитын тұрақты оқырмандардың бірімін. Ана тіліміздің мінберден көрінуіне бірден-бір тілекші болып жүрген басылымның бүгінгі қазақ қоғамында көтерер жүгі ауыр деп ойлаймын. Әсіресе, осы жылдың №8 (1053) санынан бастап шыға бастаған «Шаңырақ» пікір алысу мінберін ашу да – құптарлық дүние. Ұлт тағдыры, ұрпақ болашағы, отбасы мәселесінде өзекті проблемалар жетерлік. Осының бәрі «Шаңырақта» көтерілсе, игі болар еді. Сонда «Ана тілінің» «Шаңырағы» әр шаңырақтан табылатынына сенімдімін.  Осы «Шаңырақ» пікір алысу мінберінде ұрпақ тәрбиесі туралы мен де өз ойымды білдірсем деп едім... Қазіргі жастарға қарап айтатыным – ұлттық құндылығымыздан, асыл қасиеттерімізден айырылып бара жатқандаймыз. Мұны кейде Кеңес өкіметінің кесірі дейміз. Рас, алпауыт Ресейдің қоластында болғанда тілімізден, дінімізден, ділімізден айырылудың аз алдында қалдық. Ұрпақтан ұрпаққа, бабалардан ұлағат болып келген салт-дәстүрден де алыстадық. Енді бүгін егемендікке қол жеткізсек те, жоғалтқанымызды әлі қайтара алмай келе жатқан жайымыз бар. Сол Кеңес өкіметі тұсында мен көп жылдар бойы аралас мектепте ұстаздық қызмет атқардым. Сол кезде қазақ сыныбының оқушылары дәлізге шыққанда да, ойын ойнағанда да қазақша сөйлесетін. Ал қазір қазақ мектебінің оқушылары сыныптан шыға сала орысша шүлдірлеп жүргендері. Мен тұратын Целиноград ауданының орталығы Ақмола ауылында 7 мыңнан астам тұрғын бар. Оның 10 пайызы ғана – өзге диаспора өкілдері. Бірақ, таңғаларлығы, олардың бірі де ана тіліміздегі басылымдарды жаздырып алмайды екен. Ұлттық құндылығымыздан айырылып отырмыз деуге тағы бір себеп, бүгінгі қыздарымыздың, болашақ аналардың қазақы тәлім-тәрбиенің ауылынан алшақтауы. Батыстың «мәдениетсымағы» жаулап келеді. Қазір жастарымыз ашық-шашық киінгенімен қоймай, кіндіктеріне, ауыз-құлақтарына сырға тағып сәнденсе, денесіне сурет салып, өзінше әсемдікке талпынуда. Ал оның ертеңгі зар­дабына бас ауыртпайды да. Тіпті ұл-қызымыздың бірі азаматтық некеге тұрып жатса, бірі некесіз бала тауып, енді бірі «көкек» ана атануда. Атам қазақ «қызға – қырық үйден тыйым» салып, «қызының қылығы – түзде» болатынын ескеріп, қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Бірақ бүгінгі бұрымдыларымыз осындай ата-баба тәрбиесінен алшақтап бара жатқаны жаныңа батады.

Айса ХАМЗЕҰЛЫ, ҚР халық ағарту ісінің үздігі

2756 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8808

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7083

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4825

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4211

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4175

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4134

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3866

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3864

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы