• Руханият
  • 28 Сәуір, 2011

Ананың орны бір бөлек...

Ана туралы адамзат тарихында аз жазылмаған болар. Ол туралы қалам тербеп, өзгеше сөз саптап, ерекше дүние айту сондай қиын. Дегенмен әркімнің өз анасы, сол анасына деген өз сезімі болатындықтан, соған байланысты айтар әңгімесі, шертер сыры да басқаша болса керек. Мен де өз анам туралы ойлағанда балалық шағымның бір беттерінде елеусіз қалып қойған үш айды еске аламын. Қыс болатын. Біз төрт бауыр тым жас едік. Желтоқсан аяқталуға жақындағанда шешем бізді шақырып алып, өзінің алыс бір жаққа кететінін айтты: – Сендер өсіп қалдыңдар, өз күндеріңді өздерің көре аласыңдар. Керекті азық-түлікті түгелдей дайындап қойдым. Бір айда келіп қалуым да мүмкін. Үйде ақша таусылды. Қашанға дейін қарап отырамыз? – сосын ағаларыма қарап терең күрсінді: – Биыл сендер мектеп бітіресіңдер. Жақсы оқисыңдар, сол үшін үлкен оқуға түсірмесем болмайды. Оған да қомақты ақша қажет. Сондықтан мені ерігіп бара жатыр демеңдер. Қызым, сен сіңліңе бас-көз бол, – деп соңғы сөзін маған арнады. Біреуі – 11, екіншісі 9 жасар екі қызды ана жүрегі қимай, жылап тұрған болатын. Амал нешік. Заман солай. Бұл тоқсаныншы жылдардың ортасы еді. Жаңа жылдың қарсаңында қаражат табу үшін шешем Алматыға аттанды... Күндер зулап өтіп жатты. Басында біз қатты қиналдық. Әсіресе, анамның қойнына жатып үйренген сіңлім қараңғы түндерде өзінен-өзі тұрып, анамның бөлмесіне барып іздеп, таба алмай жылап жүрді. Оның сол бейнесі енесінен адасқан қозыдай тым-тым аянышты еді. Үйде үнемі өлі тыныштық. Ойнамаймыз, күлмейміз. Мен жалғыздығымды, анама деген сағынышымды кітап оқумен басып жүрдім. Бұл азғана уақыт бізді ерте есейтті. Өзіміз үй жинап, кір жуып, тамақ істедік. Жан-жағымыздағы көршілер бізге аяушылықпен қарайтын. Біздің жақта қыс қатты болатын. Айлар өтті. Анамнан әлі хабар жоқ. Сағынышымыз күннен-күнге ұлғая берді. Сіңлім: «Мамама апаршы, неге келмейді?» дейді. Сұрақтарына жауап бере алмай қиналам. Алдымызда Айт мерекесі келе жатты. Оған біз мүлде дайын емес едік. Шешем, ең болмаса, Айтқа келетін шығар деген әлсіз ғана үмітіміз болды. Бір күн қалды. «Жарайды, күтпей-ақ қоялық, кешке келіп қалар» деп үлкен ағам екеуміз күйдіріп-жандырып бауырсақ пісірдік. Ауыл аспанын көзге түртсе көргісіз қараңғы түн жайлады. Жаңбыр жауа бастады. Түн тым-тым ызғарлы еді. Мазамыз кете бастады. Алматыдан келер қара жолға телмірдік. Өзіміз қатты жаурадық. Үйге барып жылынайық десек, әне-міне келесі көрінген көліктен шешем түсіп, бірінші болып мойнына асыла алмай қалатындай болдым. Сол түні мен алғаш рет шешемді жек көріп, оны кешірмеймін деп тістене өксідім. Сіңлім екеуміз түні бойы боздап жыладық. Сабаққа бірде барып, бірде бармай жүрдім. Бұрынғыдай анамды елегізіп күтпейтін болдым... Құстар келіп, жер-дүние түрлене бастаған әдемі шақтарда Алматыдан шешем де келді. Жылап көрістік. Оны кешірмеймін дегенім жайына қалды. Шешенің орны бәрінен бөлек екен. Онсыз өмірдің ешбір мәні жоқ еді. Ана қамқорлығынсыз, оның ыстық алақаны мен мейірімінсіз өткен осы азғана уақыт менің балалығыма терең ізін қалдырды, ерте бойжеткізді. «Ана» деген ұлы ұғымның мәнін ашып, шын мағынасын ұқтырды. Оның риясыз махаббаты болмаса, нағыз жетім, қорғансыз бейшара екенбіз. Қанат-құйрығымыз қатайғанша оған соншалық мұқтаж екенбіз. Сен үшін жанын да құрбан етер ақ қанатты періште. Алақаныңа салып қанша аяласаң да осы бір жанның саған ғұмыр бойы сыйлап келген махаббатының бір бөлшегіне де жетпейтіні анық. Соны ұқтым. Балалығымның осы ызғарлы күндері есіме түскенде мен анамнан қайта туғандай сезімде боламын. Жанат Қапалбаева

4087 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8788

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7075

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4818

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4204

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4166

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4127

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3858

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3857

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы