• Ақпарат
  • 15 Сәуір, 2024

«Киелі мекен» акциясы Алматы облысында жалғасын тапты

Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев бастаған тарихи-мәдени ескерткіштер мен олардың аумақтарының жағдайын жақсартуға бағытталған «Киелі мекен» акциясына 300-ге жуық адам қатысты. Олар: қала тұрғындары, белсенді жастар, еріктілер және мемлекеттік органдардың өкілдері.

 
Тазалау жұмыстары Қапшағай бөгетінен солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан Тамғалы-Тас трактінің аумағында жүргізілді.  Тракт үлкен (60 м-ге дейін) тік жартастардан тұрады.  «Тамғалы тас» кешені – Қазақстандағы өнер, тарих және мәдениеттің көрнекті ескерткіші.  Біз қорғауға және сақтауға тиіс осы көне киелі жердің табиғаты, адам көңіліне ұмытылмас әсер қалдыратынына кепілдік береді. 
Бірнеше сағат ішінде 5 бірлік техника жұмылдырылған «Тамғалы тас» тарихи-мәдени ескерткіші аумағынан 1 тонна қоқыс жиналды.
Мұндай әрекеттер қазақстандықтарды тату көршілік пен өзара көмекке баулиды, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, сол арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырады.
 Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы аптада «Киелі мекен» шарасына кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден және түрлі кәсіпкерлік субъектілерінен 300 мыңнан аса адам қатысты.  Жиналған қоқыс көлемі 3 тоннаға жуықтады.  Облыс бойынша барлығы 23 бірлік жүк-тиеу техникасы пайдаланылды.

507 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5635

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5377

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3117

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2506

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2464

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2441

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2175

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2161

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы