• Ақпарат
  • 18 Сәуір, 2024

Орынбор тарихына үңілгенде...

«СИРЕК КІТАПТАР СӨЙЛЕЙДІ» 
ҚР Ұлттық академиялық кітапханамен бірлескен жоба

XVIII–ХІХ ғасырларда Ресейдің прогрессивті ықпалын үш салаға бөліп қарастыруға тура келеді. Олар қазақ елінің саяси-әлеуметтік дамуына жасаған әсері, қазақ еліне енгізілген экономикалық жаңалықтары және рухани мәдени ықпалы. Бұл тұрғыда сәулелі де, көлеңкелі де тұсы өте көп. 
 

Алғашқы ықпалында қазақ жеріне экспедициялар жіберіп, зерттеу мен қамалдар салу, бекініс тұрғызудан басталған. Сондай-ақ хандарға өз дәуірлеріне сай үй салып, мешіттер мен медреселер ашып беріп, дау-жанжалдарын шешу үшін орыс шенеуніктері мен беделді қазақтардан (хан, сұлтан, ел билеушілерден) сот құрып береді. Бұхараға сауда керуенін жіберіп, Арал теңізіне кемелер жүргізіп, оларды қару-жарақ, зеңбіректермен қамтамасыз етеді. Жерден түрлі минерал қазып алу, оны сату, алтын-күміс кендерін іздеумен де айналысады. 1743 жылдары Сақмара өзенінің бойынан жаңа үйлер салдырады. Орынбор, Орск, Орал, Гурьев, Троицк, Омбы, Семей, Петропавл, Верный, Павлодар, Ақмола, Сергиополь, Өскемен, Ешім, Қапал сияқты қамалдар мен бекіністер салынады. 
Прогрессивтік, экономикалық және мәдени ықпалы күшейіп, қалыптасқан рулық-патриалдық құрылыс­тың іргетасы ыдырып, жаңа кезең басталып, қалаларда жүн жуатын, тері илейтін, ұн тартатын, арақ-сыра ашытатын, тұз өндіретін көптеген кәсіпорындар да пайда болады. Сауда мен өндіріс капитализмі дами түсіп, қазақтар туралы, тірлік-тынысымен, әдет-ғұрпымен және мәдениетімен танысу мақсатында келген ғалымдардың бірі Ресей Ғылым академиясының тұңғыш корреспондент-мүшесі, Орынбор экспедициясының тұрақты қызметкері, Орынбор өлкесінің тұңғыш тарихшысы және Ломоносовы атанған П.И. Рычков бар еді. Жан-жақты, жемісті қызметі үшін П.И. Рычковты тіпті «Орынбор Ломоносовы» деп те атаған екен. Өмір жолында кемі 60 ғылыми еңбек жазып қалдырған тарихшы, географ. Ол – өз заманында «Орынбор топографиясы», «Орынбор тарихы» атты еңбектер жазып қалдырған ғалым. 
Бұл кітаптарда қазақ тарихы мен оның шығу тегі, үш жүзге, ру мен тайпаларға бөліну жүйесі, тағы басқа этнографиялық сипаттамалар, нақты деректер кездеседі. Екі жүз жыл бұрын жарық көрген бұл еңбектерінің танымдық маңызы бүгінгі күні де өзекті. Сонымен қатар ел билігіндегі атақты адамдар туралы да тың деректері бар. 
П.И. Рычковтың ең әйгілі және маңызды шығармаларының бірі – 1762 жылы жарық көрген «Орынбор губерниясының топографиясы» деген кітабы. Оның жазылуы 1752 жылы басталған Орынбор губерниясының және оған іргелес Қазақстан мен Орта Азия аумақтарының «Жалпы картасын» жасау жұмыстарымен байланысты болған. 1755 жылы геодезист прапорщик Иван Красильниковпен бірге жасаған атласы шықты. «Орынбор губерниясының топографиясы» кітабында өлкенің тарихи-гео­графиялық сипаттамасына негізделген Красильниковтiң карталарына түсініктеме беріле отырып жазылған еңбек. Әр қамалдың қалай салынып, салыну барысындағы жасалған салт-дәстүрге сай әдет-ғұрыптар тұтас суреттелген. Сол замандағы Түркістан мен Ташкент қалаларының да тарихы жазылған, тіпті Регистанды да суреттеп берген. 
Жорықтарға және жауға қолданған қару-жарақтары да зерттеліп жазылған. Түрлі тыйымдар мен жаза түрлеріне де анықтама берген. Діни ғұрыптарға да тоқтала келіп, Ташкент, Түркістан және Хиуадан келетін молдалар және олардың кей тұстардағы әккілік пиғылы мен халықтың басынан кешкен жағдайын да тәптіштеп көрсеткен. Қазақ зираттарын сипаттай келіп, адамды жерлеу дәстүрін, қайтқан адамның дүние-мүлкін бөлісу салтын, тіпті «жесір» сөзінің әйелге затына ғана емес, тұтқындарға да қолданылатынын, этимологиясын осы еңбектерде көрсеткен. Қыз ұзату, үйлену тойларындағы ғұрып-салттарды шек­арадағы елдердің дәстүрімен салыстыра отырып көрсетеді. 
Арғы қазақтың тарихы және Әбілқайыр ханның жерленгені, оның мазаратына қойылған тұтас бұ­йымдары да кітапта бар дерек. Қазақ даласында өскен түрлі өсімдікті суреттеп, сипаттаған, көнеден қалған ғимараттарға да анықтама берген. Ұлытау, Алатау, Қаратау сынды жерлерде не өндірілетіні де талданған.
Бұл еңбектерді Пушкин «Пугачев көтерілісінің тарихын» жазғанда қолданған деген дерек те бар. 
1730–1750 жылдар аралығындағы тарихпен танысып, Азияға ашылған қақпаның Орынбор шек­аралық шебі арқылы құрылып, губернияға айналу кезеңін толық танып, білгісі келген кез келген оқырманға сирек кітаптардың тарих толқынынан айтары көп.

Мөлдір Төлепбайқызы,
Ұлттық академиялық 
кітапхана қызметкері

 

501 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №16

25 Сәуір, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 5653

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 5388

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 3129

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2517

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 2476

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 2454

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 2187

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 2172

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы