• Ақпарат
  • 09 Мамыр, 2024

Сандар қалай сөйлейді?

Қара сөзден бұрын сан көш бастап тұратын сәттер бар. Оған Пифагор заманында жасалған тағдырнама кестесі, математика ғылымы, нумерология саласы, тіпті санап түгесе алмайтын есеп-қисап,  тиын-тебеннен тұратын кәдуілгі өміріміз дәлел.

Әсіресе қазақ ұлттық танымында да, әлем түсінігінде де 1, 2, 3, 5, 7, 12, 13 секілді сандардың орны бөлек. Мәселенки, қазақ 7 санын қасиетті десе, орыс ұлты 13 санын сәтсіздікке балаған. Қытайлар 4 санын бір сұмдықтың белгісі деп санап, атын айтуға тыйым салған. Тіпті қытай халқының кейбірі 4-қабаттың өзін «3 а» қабаты дейтін көрінеді.
Қызық, ә?! Айтпағымыз 28 саны туралы. 28 дегенде – жалғыз-жарым сүйенетініміз шексіздіктің белгісіне айналған 8 саны. Одан басқа іліп алар не ұлттық рең, не ғылыми тұжырым жоқ секілді көрінеді. Алайда 28 санында сіз бен біз біле бермейтін құпия жатыр.
Мәселен, киелі 7 санына дейінгі сандарды бір-біріне қоссақ, 1+2+3+4+5+6+7=28 болады екен. Қарап тұрсаңыз, саусақ буындарымыз­дың да саны – 28. Яғни бұл бұрынғы 1 айдың ұзақтығына тең. Осылайша, қазақ ғұламалары 28 санын ерек санға балап, жаратылысқа сай өте дәл, асқан шеберлікпен күнтізбе жасаған. Ол – ол ма? Сандардың қадір-қасиетінің құпия­сы туралы Құран Кәрімдегі деректе 28 санының мәні «шексіз», «қайту» деп берілген.
Ал ата-бабамыз сандық жүйені әріп арқылы меңгерген. Ол қалай десеңіз, біз қолданып жүрген дыбыстық таңбаларда, адамның дүниеге келудегі ретін, орнын алғашқы әріп арқылы көрсетуді ұсынған. Әз бабаларымыз ұсынған 1-А, 2-Ә, 3-Б, 4-Г, 5-Ғ, 6-Д, 7-Е, 8-Ж, 9-З, 10-И, 11-Й, 12-К, 13-Қ, 14-Л, 15-М, 16-Н, 17-Ң, 18-О, 19-Ө, 20-П, 21-Р, 22-С, 23-Т, 24-Ү, 25-У, 26-Ұ, 27-Һ, 28-Ш, 29-Ы, 30-І  дыбыстық таңбаларында адамның туған күніне қатысты ғажап сыр жатыр. Демек, 28-де дүниеге келгендердің ғұмыры «шындық», «шаңырақ», «шексіздік», «шешім» секілді ұғымдардан құралады.
Тіпті адам ғұмырының 3 кезеңінің алғашқысы – 28 жасқа дейінгі ғұмыр. Бұл кезде адамның балалық, бозбалалық шағы артта қалып, салиқалы кезеңге аяқ басады.
Қытай ғалымдары нумерологиядағы өз болжамдарын былай дейді: 1 саны – ар мен ұтыс, 2 – жеңілдік, 3 – өсу, 4 – өлім, 5 – жоқтық, 6 – байлық, 7 – белгісіздік, 8 – өркендеу, 9 – көп жасау.
Яғни қытайлар 28 нөмірлі үйге ақша жеңіл жолмен келеді десе, 58 – өркендеудің, алға жылжудың жоқ екенін білдіреді дейді. 2828 нөмерлі үй тозығы жетіп тұрса да, оны сатып алушылардың санында шек болмайды екен. Себебі 8 – қытайша «фа» – «байлық» (сәттілік, гүлдену) дегенді білдіреді. Сондықтан осы сандардан тұратын телефон мен машина нөмірлері сәттілік әкеледі деп сенеді. Қытайлар жақсылыққа ырымдап, екі мен сегіздің қатысуынан тұрған 08.08.2008 күні кешкі сағат 08:00-де Пекинде 28-ші жазғы Олимпиада ойындарын бастаған. Иә, қалай тартсаң да, 28 – жақсылықтың белгісі.
Қазақ халқы да математикамен тығыз байланысты сала нумерологияға бейжай қарамаған. Мысалы айдың 
28-ін­де тусаңыз: 2+8=10; 1+0=1.
1 саны. Ғұмыр жасыңыздың бір кезеңі 1 санына тұспа-тұс келсе, бойыңыз­да сенімділік, бастан сөз асыр­майтын шамшылдық сезімі бар. 1 санының иелері үнемі ізденіп, талпынып, өсу, жетілу үстінде өмір сүреді. Айдың бірінші күні де, аптаның бірінші күні де маңдайына 1 саны жазылғандарға жақсылық сыйлайды. Осы күндері іске кіріссеңіз, сапарға шықсаңыз, соның бәрі сәтті аяқталады.
Ал екінші гипотеза былай өрбімек. Мәселен, 28.03.1975 жылы дүниеге келсеңіз: 2+8+0+3+1+9+7+5=35; 3+5=8.
Яғни нумерологтердің болжамы бойынша, «8» санының астында жарық дүниеге келсеңіз, қолдаушыңыз – Меркурий ғаламшары. Осы жебеу­шіңіздің арқасында қалтаңыз толы ақша, өмірде жолыңыз болып, табысқа қол жеткізесіз..
Қазақта туған күні 28 санымен тұспа-тұс келген танымал тұлғалар да жетерлік.
28 қыркүйек – Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей, Шерхан Мұртаза, 28 ақпан – Жамбыл Жабаев, 28 желтоқсан – Қажым Жұмалиев, 28 қараша – Жұмекен Нәжімеденов, 28 қазан – Роза Рымбаева. 
Яғни әр адамның қарым-қабілеті, қасиет-дарыны, тағдыры туған күніне де байлаулы тұрғандай. 
Иә, 28 санында біз білмейтін сыр жатыр...

Ақгүл АЙДАРБЕКҚЫЗЫ

113 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9322

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7386

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5128

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4510

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4474

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4433

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4170

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4162

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы