• Ақпарат
  • 09 Мамыр, 2024

Көшпелілер ойынымен танысты

Испанияның Санта Сусанна қаласында Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының (AIPS) 86-шы конгресі өтті. Оның аясында биыл күзде Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының бағдарламасы таныстырылды.

 

Биыл ғасырлық мерейтойын атап өтетін журналистер өз арасында «спорт басылымдары арасындағы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы» атап кеткен AIPS конгресі жыл сайын түрлі елдерде ротациялық негізде өткізіледі. 
1924 жылы құрылған AIPS – спорт тақырыбына маманданған журналис­тердің халықаралық кәсіби ұйымы. Қазіргі уақытта оның 100-ден астам елден 8 мыңға жуық мүшесі бар. Осы жолы құрамында 230-дан астам делегат бар 96 елден келген деле­гация спорт басылымдары форумына қатысты.
 86-шы AIPS конгресі аясында Қазақстан деле­гациясы 2024 жылғы 8–14 қыркүйек аралығында Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын таныстырды.
Қазақстандық делегация Дүние­жүзілік көшпелілер ойындарының басты миссиясы – әлемдік этноспорт қозғалысын дамыту, жаһандану дәуірінде тарихи-мәдени мұраны және әлем халықтарының алуантүрлілігін сақтау, этноспорт түрлерін, әлем халықтарының дәстүрлі ойындары мен сайыстарын халықаралық аренада насихаттау, дінаралық және мәдениетаралық диалогті, әлем халықтары арасындағы өзара түсіністік, достық пен келісімді нығайту екенін түсіндірді. Қатысушыларға Қазақстан билігінің бұл іс-шараға ерекше мән беретіні де айтылды. Конгресс қатысушылары таныстырылымды зор ықыласпен тыңдады.
Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығының президенті Джованни Мерлоның пікірінше, «Астанада Дүние­жүзілік көшпелілер ойындарын өткізу Ұлы даланың ғасырлар бойғы бірегей мәдениетімен танысуға қолайлы мүмкіндік береді. Еліңіздегі су тасқынына қарамастан, Қазақстан билігінің әлі де ойындарды өткізуден бас тартпағаны қуантады. Бұл Қазақстанда спортқа зор мән берілетінін айғақтайды».
  – Біз өзіндік креатив стилі бар, әлеуеті зор Қазақстандағы спорт журналистикасын асқан қызығушылықпен бақылап отырмыз. Қазақстан делегация­сы AIPS форумдарына белсенділікпен қатысып, оның барысында өз бастамаларын тұрақты ұсынып келеді, – деп атап өтті Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы Азия бөлімшесінің (AIPS ASIA) бас хатшысы Амджад Малик.
– Форумға қатысушылар алапат су тасқынына байланысты еліміздің бірқатар маңызды халықаралық іс-шарадан бас тартып, бюджет қаражатын үнемдегеніне қарамастан, Қазақстан әлі де Дүниежүзілік көшпелілер ойындарын өткізуге дайын екенін құптады, – деп түйіндеді Конгресте еліміздің атынан сөйлеген Халықаралық спорт басылымдары қауымдастығы Азия бөлімшесінің (AIPS ASIA) атқарушы комитетінің мүшесі 
Ілияс Омаров. 
Сондай-ақ AIPS Конгресі аясында «Sport Plus Qazakhstan» жаңа телеарнасының тұсаукесері өтті. Сонымен қатар қазақстандық делегация өкілдері қауымдастықтың 100 жылдығы аясында тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанда жас тілшілер үшін (AIPS Young reports) халықаралық AIPS семинарын ұйымдас­тыруға дайын екенін жеткізді.

Еркін ҚАЛДАН

110 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9299

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7370

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5112

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4494

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4458

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4417

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4154

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4146

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы