• Ақпарат
  • 28 Сәуір, 2011

Жапон қасіретінің сабақтары

Жапондар – мен ерекше құрметтейтін ұлттың бірі. Салты мен дәстүрінде қазақ халқына жақын тұстары көп болғанымен, жапондардың ерекше атап өтерлік екі қасиеті бар. Біріншісі – олардың тәртіпке бағынатындығы, екіншісі – жанкештілігі. Бұл екі қасиет Жапон елінде жер сілкінісі мен цунами салдарынан болған табиғи апат «Фукусима-1» атом электр станциясындағы энергоблогтардағы жарылыс салдарын жою кезінде айрықша көрінді. Халқы қасіретке ұшырап, мем­лекет миллиардтаған шығын шегіп, елдің жиған-тергені далаға шашылып қалса да, жапондар бөтеннің мүлкіне көз алартатын сұғанақтыққа барған жоқ. Бүкіл елдің басына түскен зауалды олар бір адамдай қасқая қарсы алды. Жапондардың қайсар мінезі мен тәртіпке бағынатын байсалды қалпына бүкіл әлем тағы да бас иіп, төрткүл дүниені олар тағы да таңғалдырды. Тіпті атом электр станциясының аптығын басуға аттанғалы тұрған бір топ адамды самурайлардың көне салтымен шығарып салды. Бастарын бәйгеге тігіп, апатты ауыздықтауға аттанып бара жатты. Оларға ерінің алдын кесіп өтпейтін жапон әйелдері сәттілік тілеп қала берді. Бұл олардың дәстүрге беріктігін байқатты. Жапондар қай кезде де дәстүрге адалдығынан айныған емес. Ғаламтор беттерінде де осы ауыр жағдайға байланысты жапон халқының тағдырына жанашырлық білдірген адам­дардың пікірлері өте көп беріліпті. Тіпті біреуі былай деп жазған: «Жапондарды мен робот адамдар деп ойлайтынмын. Бірақ көздерінен жас шыққанын көргенде олардың да адам екенін түсіндім». Тарихқа тоқталсақ, 1986 жылғы сәуірдің 26-сында болған Чернобыль апатынан талай адам қаза тапқаны белгілі. Ал енді қаншамасы айықпас дертке шал­дықты. Апат салдарынан ра­диоактивті заттар, соның ішінде уран изотопы, «плутоний», «йод-131», «цезий-134», «цезий-137», «стронций-90» қоршаған ортаға таралды. Радиоактивті түтін 10-нан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде, 5 миллион халық зардап шекті. Кезінде Чернобыль апатының салдарын жоюға көмектесу үшін біздің елімізден отыз мыңнан аса азамат аттанған болатын. Сол есіл ерлердің қазір 20 пайызының ғана көзі тірі және көбі мүгедек халде болып отыр. Ғасыр қасіретіне айналған Чернобыль апаты адамзат баласына бейбіт атом болмайтынын ескерткен еді. Фу­кусимадағы апатты Чернобыль апатымен салыстырған мамандар бұл қасіреттің одан кем түсетін түрі жоқ екенін айтуда. «Фукусима – бұл екінші Чернобыль» деп отыр. Фукусима апаты бейбіт атом болмайтынын тағы да растай түсті. «Тас – түскен жеріне ауыр». Жасампаз әрі жанкешті жапондар мұндай жағдайдың өз елінде болмауының алдын ала алмай отырғанда басқа мемлекеттердің атомды бейбіт, электр қуатын өндіруде пайдаланамыз дегендері бос әурешілік сияқты. Бұл әлем алдында тұрған басты мәселе екені сөзсіз. Жолымбет Мәкішев

3099 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 9173

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7294

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 5033

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4418

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4382

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4343

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4078

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 4069

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы