• Мәдениет
  • 15 Маусым, 2011

Игілікті істер тұрғындарды ризашылық сезімге бөлеп отыр

Атырау облысының әкімі Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев өңірдің барлық аудандарын аралап, елдің жай-күйі, тыныс-тіршілігімен танысып, халықпен пікірлесіп, ақсақалдармен ақылдасты. Әрине, тәуелсіздіктің арқасында облыстың экономикасы, әлеуметтік саласы қарқынды дамыды. Ең бастысы, адамдар бұрын түсіне де кірмейтін игі істердің куәсі болды. Қалада да, далада да өзендерді асылған көпірлер мен тақтайдай түзу жолдар, ауызсу мен «көгілдір отынның» рахатына бөленген ауыл адамдары өркениетті өмір сүруде. Атыраулықтар осындай игі істерді Елбасының сындарлы саясатымен, Мемлекет басшысының тапсырмасын мүлтіксіз орындап жүрген облыс басшысының жігерлі еңбектерімен тығыз байланыстырады. Алайда өңірде түйіні ше­шіл­­меген кейбір мәселелер елдімекендердің әлеуметтік жағдайларын одан әрі жақсартуға қолбайлау болып отыр. Әсіресе, облыс басшысын Құрманғазы ауданының Азғыр өңірінің проблемалары мазалап жүр. Себебі Азғыр, Балқұдық, Сүйіндік сияқты елдімекендер ең шалғайда орналасқандықтан, табиғи газ, ауызсу тартудың өзіндік қиындықтары бар. Мамандардың есебі бойынша, осы өңірге тек табиғи газ тарту үшін 50 млрд. теңгеден астам қаражат қажет екен. Оның үстіне азғырлықтар электр энергиясын көршілес Ресейден алады. Ал үш жүз шақырымдай аудан орталығынан желі тарту үшін миллиардтаған қаражат керек. Міне, осындай өзекті мәселелерді облыс әкімі Бергей Рысқалиев тұрғындармен жүздесуінде ашық әңгімеледі. – Біз қол қусырып, қарап отырғанымыз жоқ. Проблема біртіндеп шешіледі. Ең бастысы, радиацияның адамдардың денсаулығына әсерін нақты анықтау керек. Облыс әкімдігінің бастамасымен осы өңірде Парламент депутаттары, үкіметтік комиссия болды, – деді Бергей Сәулебайұлы. Ауыл тұрғындары облыс басшысымен кездесуінде көкейде жүрген ойларын ашық айтып, Елбасының саясатына, атқарушы биліктің жігерлі жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Сәл ғана көмек, демеу болса, атакәсіпті қайта жалғастырып, төрт түлікті өсіру, шопан, бақташы болу ниеттерін жасырмады. Табиғи жағдайы бар өңірдегі мал басын көбейтуге деген адамдардың құлшынысы құптарлық. Облыс әкімінің Құрманғазы ауданындағы сапарында Ганюшкино селосында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 250 орындық жаңа емхана пайдалануға берілді. Қойнауы кенге толы Мақат ауданында да тұрғындарымен кездескен облыс басшысы Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді саралады. Ауданда газ, су, жылу құбырлары, әлеуметтік проблемаларды шешуге қыруар қаржы бөлініп, көптеген жұмыстар атқарылды. Осындай игілікті істер жалғасын табатын болады. Бұл өңірдегі басшы азаматтарға кадрларды тарту, оларға жағдай туғызу, коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмыс жасауы, қылмыс санын азайту, жастар тәрбиесі жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Жылыой ауданының аты әлемге әйгілі деуге болады. Өйткені мұнда мүйізі қара­ғайдай «Теңізшевройл» зауыты орна­ласқан. Сондай-ақ осы кәсіпорынға қызмет ететін шетелдік мердігерлік компаниялар да шоғырланған. Облыс әкімі Бергей Рысқалиев «Балапан» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 280 орындық балабақша құрылысымен танысты. Халық­пен жүздесіп, көңіл күйлерін білді, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ауданның экономикалық-әлеуметтік жұмыстарын одан әрі жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту сияқты өзекті мәселелерді шешуге тапсырмалар берді. Төскейі мыңғырған малға толы Қызылқоға ауданы – облыс­тағы ең шалғай аудандардың бірі. Бұрын жете көңіл бөлінбеген аудан тәуелсіздіктің арқасында танымастай өзгерді. Осы шал­ғайдағы елдімекендерге табиғи газ жүргізу облыс әкімінің батылдығы, ерен еңбегі десек, артық айтқандық емес. «Көгілдір отын» аудан орталығынан бас­тап, елдімекендерге тартылса, енді бір бүйірдегі Сағыз селосына да жетті. Яғни газдандырудың екінші желісі толық аяқталды. Табиғи газдың ашылу салтанатында халықтың қуанышымен бөліскен облыс басшысы бұл, ең алдымен, Елбасының жасампаз саясатының жемісі екеніне айрықша токталды. Осы орайда қуанышы қойнына сыймаған ауыл тұрғыны, көпбалалы ана Сәуле Жолайқызы былай деді: «Өмірімізде көрмеген рахатқа кенеліп тұрмыз. Он шелек көмір жақсақ, жиырма шелек күл шығаратын едік. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа, оның тапсырмасын мүлтіксіз орындап жүрген облыс әкімі Бергей Рысқалиевке зор рахмет». Облыс басшысы Индер, Махамбет аудандарында да халық­пен жүздесіп, өзекті жобалармен танысты, тапсырмалар берді. Біздің түйгеніміз, халық облыс басшысымен кездескенде бұрынғыдай анау жетпейді, мынау берілмейді дегеннен гөрі тәуелсіздіктің жемісіне, Елбасының салиқалы саясатына риза болып, болашақ туралы, руханият, жастар тәрбиесі жөніндегі пәтуалы пікірлері мен салмақты ойларын ортаға салды. Өтеген Нәукиев Атырау

3273 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ANA TILI №19

16 Мамыр, 2024

Жүктеу (PDF)

Нұркен Әшіров, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры: Ұлттық құндылық ұтымды әрекеттен қалыптасады

  • 04 Сәуір, 2024
  • 8781

Гүлмира ҚАДЫРҚЫЗЫ, Бейсен Құранбектің жары: «Бейсекеңмен өткен уақыт көктемнің жайма-шуақ күніне ұқсайды»

  • 07 Наурыз, 2024
  • 7071

Кітапқұмар ұлт жас ұрпақтан қалыптасады

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4815

Сәбит ШІЛДЕБАЙ, тарихшы, Орталық мемлекеттік архив директоры: Архив ұлттық қауіпсіздігіміз үшін қажет

  • 11 Сәуір, 2024
  • 4201

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, сатирик: Памфлет, фельетон жазатындар көбейсе…

  • 28 Наурыз, 2024
  • 4163

Сәуле Жанпейісова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ХАЛЫҚ ӘНДЕРІ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЙТҰМАРЫ

  • 07 Наурыз, 2024
  • 4124

Базарбек АТЫҒАЙ, филология ғылымының кандидаты: «Ұлыс күні кәрі-жас құшақтасып көріскен...»

  • 21 Наурыз, 2024
  • 3854

Әли БЕКТАЛИЕВ, Алматы хореографиялық училищесінің ұстазы: ШАРТ ҚОЙМАЙ, ШАБЫТ СЫЙЛАЙМЫЗ

  • 11 Сәуір, 2024
  • 3854

Редактор блогы

Ерлан Жүніс

«Ана тілі» газетінің Бас редакторы